Лайлы жанартаулар
Жер бетіне су буы шоғырлары мен газдар, кейде лаймен қоса таужыныстар кесектерінің дүркін-дүркін атқылап шығу әрекетін лайлы вулканизм дейді. Егер лаймен бірге шығатын газ бен су мөлшері артығырақ болса, онда жердің бетінде "сальза" деген лайлы сумен толған көлшік тәрізді түтік (сифон) пайда болады (31-сурет). Осы түтіктен лайлы су дүркін-дүркін гуілдеп атқылап тұрады. Ал, егер атқылаған заттардың құрамында лаймен бірге басқа да кесекті таужыныстар басымдау болса, онда сальзаның орнында үйінділер жиналып, женттастардан (брекчиядан) құрылған лайлы төбешік пайда болады (32-сурет). Женттастардың құрамында сазды цементпен және карбонатты материалмен дәнекерленген, сүйір бұрышты, өңделмеген және іріктелмеген әр түрлі таужыныстарының түйірлері болады. Лайлы жанартаулардың көмейі (жерло) жер қойнауымен ұштасып, жер бетінде кіші-гірім, яғни диаметрі ондаған сантиметрден бірнеше метрге дейін жететін жанартау көзелігін (кратерді) құрайды. Лайлы төбешіктердің биіктігі 1-2 метрден оншақты метрге, диаметрі 20-30 м дейін жетеді. Кейде лаймен бірге мұнай белгілері де шығады. Жер қойнауында көмірсутекті газдар шоғырланса, солардың қысымынан лай жанартауының ұрылымы қопарылып, баршасы да жоғары атқылауы мүмкін. Бірақ мұндай құбылыстар сирек кездеседі.
Лайлы жанартаулардың пайда болуы казіргі кезге дейін айқын анықталған жоқ. Бұл туралы зерттеу жұмыстары әлі жүргізілуде.
Дегенмен, бұлардың көбі тектоникалық жарылымдар бойына тізбектеле орналасады. Алғашқы зерттеу кездерінде лайлы жанартаулар магмалық ошақтармен байланысты деп есптелген. Бірақ белгілі орыс ғалымы И.М.Губкин лайлы жанартаулар негізінде көптеген мұнай - газ кеңдері дамыған аймақтарда, яғни Апшерон, Батыс Түркменістан түбектерінде, Сахалин аралында орын тепкең дейді. Ендеше, олар генезисі тұрғыдан мұнай мен газ кеңдерімен байланысты деп тұжырымдаған. Кейін осы көзқарасты көптеген ғалымдар дәлелдеді.
Лайлы жанартаулар пайда болу үшін газ, су, жұқа дисперсиялы сазды материал және түтік р´лін атаратын жер қойнауындағы тектоникалық жарылымдар болуы шарт. Ал, мұндай қосалы факторлар мұнай мен газ дамыған аймақтарда ғана болады. Сондықтан қазіргі кезде лайлы жанартауларды, мұнайлы және газды кеңорындарын іздестірудегі болжау белгісі деп санауға болады.
Біздің елімізде лайлы жанартаулар Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауындағы Бозащы түбегінде және Қолтық шығанағының Қайдақ сорының бетінде кең дамыған.
31-сурет. Каспийдің шығыс жағалауындағы Қайдақ сорының бетінде жаңадан пайда болған көлшік тәрізді лайлы жанартау «сальза» (Суретті түсірген Ж.Д. Дүйсебаев).
32-сурет. Тамань түбегіндегі лайлы жанартау төбешігі (Суретті түсірген В.П. Бондарчук).
Достарыңызбен бөлісу: |