Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері
Интрузиялық магматизмнен басқа эффузиялық магматизм немесе вулканизм жер бетінде жиі кездеседі және ерекше көрініс береді. Эффузиялық таужыныстар (лат.effusio төгілу, жайылу) - жанартау өңешінен немесе жер қыртысындағы тектоникалық жарылымдарды бойлап жер бетіне шығып төгілген магманың суып қатаюы есебінен пайда болған таужыныстар.
Эффузиялық магматизм (вулканизм) - арнайы жанартаутану (вулканология) деген геология ғылымының зерттеу объектісі. Бірақ бірқатар жанартаулар құбылыстарының геоморфологияға тікелей қатынасы бар. Жанартау каналдарының жер бетінде шығу мұржасына орай олар - кеңістікті, жарықшақты және орталыты деп үш түрге бөлінеді. Жанартаулардың кеңістікте атқылаулары ауқымы жағынан кең таралған лавалық үстірттерді (платоларды) құрайды. Оларға Британиялы Колумбы және Индияның Декан лавалык үстірттері жатады.
Алайда азіргі геологиялық кезеңде жанартау атылауының орталық түрі жиі кездеседі. Бұл жағдайда магма жер қойнауынан беткі қабатына белгілі бір нүктелерге бейімделіп шығады. Бұл "нүктелер" негізінен бірнеше тектоникалык жарылымдардың иылысуында орналасады. Магманың жер бетіне шығуы жанартау өңештері арылы жүзеге асады. Атқылап шыан балқыған лавалар және олардың қатты бөлшектері жер бетінде конус тәрізді жанартау пішінін құрайды. Оның төбесі дөңестеу келеді де, орта тұсында тостаған тәрізді ойыс - жанартау көзелігі (кратер) пайда болады. Көзелік түбіндегі көмейі (жерло) магманың каналымен ұштасады.
Жанартау өнімдерінің жер бетінде көрініс беру ерекшелігіне орай жанартау төрт морфогенетикалық түрлерге бөлінеді. Олар экструзиялы, эксплозиялық, эффузиялық және эффузиялық-эксплозиялық түрлер.
Экструзиялық (латын. extrusio - сығу, итеру) жанартаулар -ышыл липариттік лавалардың сығымдала көтерілуі нәтижесінде алыптасан күмбезді пішіндер. Бұндай лавалардың тез сууы салдарынан және өте тұтқыр болғандықтан, ағуы күрт бәсендейді де жалпы лавалық ағымдары болмайды. Бұлар тікелей жанартау көмейінде шоғырланады және сол жанартау ернеулері өңіріндегі күмбездерді құрайды. Осындай күмбездердің ауқымы көлденеңінен бірнеше шақырым, биіктігі 500 м-ден аспайды. Мұндай экструзиялық күмбездер Франциядағы Орталық массивте, Арменияда және басқа жерлерде кездеседі.
Жанартаудың эксплозиялық әрекеті жарылыстар мен қопарылыстардың кеңінен етек алуымен, сөйтіп ірілі-ұсақты кесектермен күлдердің және жанартау газдарының аспанға атқылауымен ерекшеленеді. Бұған мысал Маар жанартауы (29-сурет). Маар жанартауы, конус пішіндес құрылымымен айшықталмаған аткымалар есебінен қалыптасқан онша биік емес белестермен шектелген жайпақ түпті қопарылыс көзелігі (кратері). Қазіргі дүние жүзіндегі белгілі маарлар сөнген, қалдық құрылымды пішіндер. Көптеген маарлар ылғалды климаттарда сумен толып, көлдерге айналған. Маарлардың ауқымы көлденеңінен 200 м-ден 3,5 км-ге дейін, терендігі 60-тан 400 м-ге дейін барады. ¡зақ уақыт бойы денудация әсерінен жанартау аппаратыныа беткі бөлшегі жойылған копарылыс көзелігін қопарылыс құбыры (трубки взрыва) деп атайды. Бірқатар жағдайларда ертедегі қопарылыс құбырлары асанегізді (ультранегізді) магмалық таужыныстармен - кимберлитпен толтырылған. Кимберлит - алмас түйірлерін кіріктіретін женттастар. Алмас кеңорындары (Оңтүстік Африка, Бразилия, Якутия) негізінен кимберлиттік құбырлармен байланысты. Ендеше қопарылыс құбырлары алмас кеңдерін іздестіруде сілтемесі р´лін атқарады.
Жанартаудың эффузиялық түріне оның көмейінен көтерілген сұйык лава тасқындарының лақылдай төгілуімен сипатталады. Бұған алканды жанартаулар жатады. Базальт құрамды лава тасқындары атқылау ортасынан едәуір қашықтыққа жайылып кетіп кең ауқымды қалқан тәрізді жайпақтау келген жанартау төбелерін құрайды.
Қалқанды жанартаулардың кең тараған жері - Исландия аралы. Бұл жерде олардың кіші көлемді түрі көп кездеседі. Мысалы, Диньгия жанартауының көлденеңі 6 км, биіктігі 500 м, көзелігінің көлденеңі - 500 м. Осы жанартаулардың геологиялык қимасы лавалардың бірнеше мәрте жер бетіне . құйылуымен байланысты, жанартаужыныстардың қат-қабатталуымен сипатталады.
Қалқанды жанартаулардың бұдан басқа кең тараған жері -Тынык мұхиттағы Гавай аралдары. Гавай жанартаулары Исландия жанартауларымен салыстырғанда көлемі жағынан ірілеу. Гавай аралдарының ең ірісі алқан текті үш жанартаудан ұралған. Соның ішіндегі Мауна-Лоа жанартауы теңіз деңгейінен 4170 м биіктікке көтерілген, ал түбі 5000 м тереңдікте жатыр. Олай болса, оның жалпы биіктігі 9000 м-ден асып түр, демек, көлемі жағынан бұл дүние жүзіндегі ең үлкең жанартау болып саналады. Аса зор мөлшеріне қарамастан Гавай жанартаулардың жоталары жайпақтау, беткейлердің еңісі 3-10°-тан аспайды. Лавадан құрылған жайпақ жанартау төбесінің ортасында өте зор көзелік орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |