Үгілу қабығы (кора выветривания)
Литосферанын, беткі бөлігі әр түрлі факторлардың (ауа, су, организмдер) әсерінен өзгерістерге ұшыраған магмалық, метаморфтық және шөгінді таужыныстары есебінен қалыптасқан және сол орнынан қозғалмай сақталып қалған үгілген таужыныстардың жиынтығын үгілу қабығы дейді (38-сурет).
38-сурет. Үгілу қабығының қимасы (Геологиялық сөздік, Пекин, 1983)
Үгілу қабығың түрі және қалындығы көптеген табиғи факторларына байланысты. Оның қалыптасуына алдымен жоғарғы температура мен мол ылғал және тегіс бетті жазықтық қолайлы. Сонымен қатар таужыныстарының тозу-үгілу мерзімі ұзақ болуы шартты. Үгілу қабығы өзінің құрамы мен қалыңдығына қарай бірнеше түрге бөлінеді, олар: а) химиялық аса өзгермеген, немесе аз мөлшерде өзгерген, негізінде түпкі таужыныстардан құралған кесек тасты үгілу қабығы; б) химиялық мөлшерде өзгерген түпкі таужыныстармен қатар дала шпат пен слюданың өзгеру арқылы сазды - гидрослюда минералынан құрылған гидрослюдалық қабық; в) монтмориллониттық қабық - алғашқы минералдардан терең химиялық өзге рістен өтіп түзелген негізінен сазды минерал -монтомориллониттен құралады; г) каолинит қабық; д) қызыл топырақты қабық; е) латеритты қабық. Үгілген қабықтардың соңғы екі түрі ұзақ мезгіл бойы және түгелімен үгіліп, алғашқы таужыныстар ұрамынан толық ажырауы нәтижесінде пайда болған. Жоғарыда атап айтылған үгілген қабаттар түрлерінің әр кайсысының өздерінің табиғат белдеулік сипаттамасы бар. Мысалы кесек тасты үгілу қабықтар полярлық биік таулы өлкелерде, сонымен қатар тасты шөлдерде кездеседі. Гидрослюдалы қабық үгілу суық және қоңыржай белдеулерде дамиды. Монтмориллониттық қабық дала және шөлейт аймақтарда, каолинитті және қызыл топырақты қабықтар - субтропикалық зонаде тұзілген, ал латеритті қабық-алюмосиликаттардың әбден өршіген химиялық үгілудің әсерінен, ыстық және ылғалды экваториалдық зонадердін. жазық өлкелерінде тұзілген таужыныстарының қызыл түсті ерекше түрі.
Жоғарыда айтылған үгілу процестерінің бедер ұратын ролін ерекше айтып кетуге болады. Жалпы айтқанда үгілу процесінің өзі қандай да болсын ерекше бедер пішіндерін құрмайды. Бірақ таужыныстары ыдырауының үнемі және маңызды факторы бола тұрып, бұл процесс басқа экзогендік агенттердің тасымалдауына қолайлы борпылдақ материалын дайындайды да ауырлық күші әрекеті аркылы сол материалды гипеометриялық т´мен жерге ығыстырып, ауыстырып әкелуге әсер етеді. Дәл осы жағдайда үгілу процесі нің бедер ұрылуында атаратын орны өте зор.
Үгілу қабығының елеулі практикалық маңызы да бар. Көптеген ымбатты пайдалы казбалар, мысалы, бокситтың, темір тотықтарының кеңі, никель, кобальт және хром кеңдерінің кейбір түрлері, осы үгілу қабығымен байланысты. Түрлі түсті минералдардың шашыранды кеңорындарын іздестіруде үгілу қабығын зерттеудің келешегі өте зор.
Дүние жүзінде әр геологиялық дәуірлерде қалыптасқан үгілу қабығы кең таралған. Мысалы ТМД аумағында протерозой эрасының үгілу қабығы Қарелия мен Украинада, девон кезеңінің қабығы Тиман қыратында, мезозой мен төменгі кайнозой дәуіріңдегі үгілу қабықтары, Орал тауында және Қазакстанның Сарыарқасында кездеседі. Торғай облысындағы белгілі Аманкелді боксит кеңорны осы мезозой кезіндегі кең жазық пенепленмен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |