Сел құбылыстарының бедер ұрудағы орны
Қуаңшылы аймақтарда күшті нөсер жауған кездерде немесе көктемгі қар еруі кезінде таудан жылдам аққан мол су жол-жөнекей жиналған борпылдақ материалды ағынымен ала кетіп, "сел" деп аталатын су тасқынына айналуы ықтимал. Сел - ауіпті табиғи құбылыс, онымен тіпті қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалана отырып күресудің өзі өте қиын. Су тасқындары тұрғын халықа, ауыл шаруашылығына, өндіріс объектілеріне күні бүгінге дейін зор зиян тигізіп келеді.
Сел (араб сили муры - жойқын тау тасқыны) - таулы аудандарда нөсерлі жауын-шашынның әсерінен және қар мен мұздықтардың өз мөлшерінен жаппай артық еруі нәтижесінде туындаған және тас аралас саз-балшықтардың таудан шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойымен ағыла құлаған тау тасқыны. Сел құбылысы көбіне қуаң климатты биік таулы өңірлерде байқалады (51-сурет). Ол морена үйінділері арасыңдағы
51-сурет. Кіші Алматы өзенінің бастауындағы Тұйықсу мұздығы. Алдыңғы қатарда мореналық көл суының жарып өткен тұсынан басталған сел құбылысының ошағы (Суретті түсірген Ю.Б.Виноградов).
шұңқырларда қалған шағын көлдердің суы немесе өзен арнасының бітелген жеріне жиналған су өз шарасынан аса толуы себебінен пайда болады да, одан әрі дамып, төмен лықсып, жолындағы борпылдақ шөгінділерді ысырып, ірі кесек таужыныстарды ирата, таландап, ағаштарды түбірімен қопарып, жол-жөнекей салмағы бірнеше тонналық тастарды қоса ағызады. Ылдилаған сайын сел ағысының жылдамдығы ұлғая тұседі. Сел құбылыстарының жалпы ұзатығы (ондаған минуттан бірнеше сағатқа дейін) өзеннің ұзындығына, арнасының еңістігіне және ағынның жылдамдығына байланысты. Ағу жағдайына қарай сел турбуленттік және құрылымды болып екіге бөлінеді. Турбуленттік сел жалпы сұйық заттардың қозғалыс заңына байланысты көбінесе өзен арнасы бойымен ағады.
ұрылымды селдің құрамында сынықты таужыныстар басымдау болғандықтан біркелкі ақпай толқынды түрде жүреді. Мұнда борпылдақ және сынықты таужыныстардың мөлшері кейде тасын массасының 75%-ке дейінгі мөлшерін құрайды. Кейбір жылжыған жеке тастардың салмағы 10 тоннаға дейін жетеді. Сел тасынындағы 1 м3 сұйық мөлшеріне 100 килограммдай лайлы-тасты қосындылар сәйкес келеді. Сел Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Америка, Үндістан (Гималай), Қытай (Қарақорым) Ауғаныстан (Гиндукуш) таулы өңірлерінде көбірек байқалады. ТМД елдерінде Кавказдың, Орта Азияның, Қазақстанның, Қарпаттың және Сібірдің таулы жерлерінде болады.
Қазақстандағы Іле және Жоңғар Алатауында, Қаратау, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларында сел құбылыстары жиі болып тұрады. 1887 жылы Верный қаласындағы (қазіргі Алматы) күшті жер сілкінуден болған сел әрекетінен Іле Алатауының солтүстік етегіне жоғарыдан 440 млн.м3 лайлы-тасты борпылдақ таужыныстар ысырылып әкелінген. 1921 жылы 8 шілдеден 9-на қараған түнде Кіші Алматы өңірінде күшті сел жүрді. 8-шілдеде Алматы қаласына түскең жауын-шашынның мөлшері 23,7 мм-ге, 1700 м биіктіктегі таулы өңірлерде 72 мм-ге жеткең. Жауынның басталғанынан 45 мин. өткен соң 1700 м биіктікте сел басталып, бірте-бірте тасқынды селге айналып, төмен қарай жылжыған. Бұл жолғы сел тасынының биіктігі 4-5 метрге дейін жеткең.
1956 жылы 7 тамыздағы жүрген сел кезінде Кіші Алматы өзенінің су шығыны 500 м3/сек жеткең. 1963 жылы шілдедегі бірнеше күнгі ыстықтың сақталуынан тау басындағы қар мен мұздықтың қарқынды еруі 7 шілде де Үлкең және кіші Есік көлінде лайлы-тасты сел тасқынын тудырды. Есіктің жағасы бұзылып, көл суы жойқын селге айналды; 5 сағаттың ішінде екі көлдің суы лысып төмен қарай түгелімен ағып бітті. Соңғы 50 жыл ішінде Іле Алатауы өзендерінен алты дүркін (1921, 1947, 1950, 1956, 1963 және 1973) күшті сел жүрді (52-сурет).
52-сурет. Кіші Алматы өзені бойындағы сел тасыны (Суретті түсірген Н. Н. Костенко).
Осыған орай сел апатынан қорғану үшін қауіпті жерлерге, каналдар көпірлер су бөгеттері салынып, тау беткейінде қар ұстайтын ағаштар отырғызылды. Селді алдын ала болжау үшін белгілі айматардағы өзендер алабының геологиялық, орографиялы және геоморфологиялық құрылысы, жер беті таужыныстарының құрамы, аймақтың климаты (ауа райының маусымдық режимі, жауын-шашынның түсу мөлшері және жиілігі зерттеледі). Алынған мәліметтердің қорытындысына байланысты селден сақтану шаралары жүзеге асырылады. Мысалы, 1966 және 1967 жылдары Кіші Алматы өзенінде (Медеу тұсында) селден орғау бөгеті салынды. Бұл бөгеттің биіктігі 100 м, табанының ұзындығы 600 м, бөгет алдындағы су қоймасының сыйымдылық көлемі 6,5 млн. м3 шамасында жасалған. Осы бөгет 1973 жылы 15 шілдеде болған күшті селді Алматы қаласына жібермей тойтарды. Селдің бөгетке жеткең көлемі 5,5 млн.м3-ге, таужыныстар үйіндісінің биіктігі 60 м-ге дейін жеткең. Қазіргі кезде бөгет 145 м-ге дейін биіктетіліп, оның алдындағы су қоймасының сыйымдылығы 12 млн м3-ге ұлғайтылды. Сонымен қатар мұздытар етегіндегі көлдер бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылды. Медеу бөгетін салу мәселесіне Қазақстанның белгілі ғалымдары мен мамандары атысып, басшылық жасады.
Аридті елдердегі тау беткейлерінде басталатын уақытша су ағындарының материалы тау етегінде кең байтақ пролювийлік жазықтарды құрайды. Бұл жазықтар көптеген ысырынды конустардың бірігуі арқылы қалыптасқан.
Тұрасыз ағынды сулар тау етегіндегі жазыққа жеткең кезде көп тарамдарға бөлініп, олардың ағыс жылдамдығы кеңет төмендейді. Сол себептен күші кеміген ағынды су өзінің таудан ағызып әкелген таужыныс бөлшектерін тау етегіндегі жазыққа көлбете шөктіреді. Осындай тау бөктерінде қалыптасан таужыныстар жиынтығын ысырынды конус (конус выноса) дейді. Шөгінділердің көшу жолы біршама қысқа болғандықтан пролювийді құрайтын кесектер қырлы және іріктелмеген болса да, оның тау жақ бөлігінде ірі жақпартастар мен шала жұмырланған малтатастар жиналады. Тау етегінен алыстаған сайын жазыққа қараған бетінде орташа және ұса түйіршікті тастар - қиыршық тастар, құм және құмдатар шөгеді. Ал, ағын су әрекеті баяулайтын ысырынды конустың сырты шегінде лесс және леске ұқсас шөгінділер мен саздар жиылады. Еріген қар мен жауын-шашынның қарқыны әрдайым бірдей болмайды. Сол себептен алдыңғы майда түйіршікті тасын шөгінділері келесі тасқынның ірі кесекті материалымен көміледі. Керісінше, одан кейінгі жартымсыз тасқыннан олардың бетін ұсақ түйіршікті кейінгі шөгінділер жабады. Сондықтан, ысырынды конустың ұрамы өте күрделі қабаттылығымен ерекшеленеді (53-сурет).
Климаты уаң Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның тау бөктерінде әр жыра ағыны және тұрақсыз өзен аңғараларының ысырынды конустары бір-бірімен жалғасып, тау етегінде біртұтас кең көлбеу жазық түзейді. Ысырынды конусын құрайтын шөгінділердің айтарлықтай зор. Мысалы, 1921 жылы
53-сурет. Климаты қуан аймақтарда дамыған тау етегіндегі пролювийлік конустың құрылымы: А-әуе сурет; Б-кескін пішін. 1-жоғарғы зона; 2-желпеуіш тәрізді зона; 3-тоқырау зона; 4-ысырынды конустар; а-аллювий шөгінділері; 1-саздар мен саздақтар; 2-саздақтар; 3-малтатас қосылған саздар мен құмдар (сел тасқындарының шөгінділері); 4-шымтезекті және сортаң топырақтар; 8-түпкі таужыныстар. (Геоморфологиялық және төрттік геология, Пекин, 1981).
Алматы өзені бойымен болып өткен сел тасқынының Алматы маңындағы көлемі 2,5 млн. м3-ге жетті. Қала тұсындағы пролювий қабатының жалпы қалындығы 100-метрге жақын. Тұрақсыз ағын сулар әрекетінен қалыптасқан ысырынды конустарымен басқа аридті өлкелерде құрғақ атырауларының шөгінділерін ажыратуға болады. Мұнда тұрақтық ағын сулардың өздері де таудан шыға бере буланып, сулары өздерінің шөгінділеріне сіңіп дереу құрып кетеді. Сондай ағыннан қалған ірі ысырынды конустарын "құр атырау" (сухая дельта) деп атайды. Ал кұрғақ өзен аңғарларын азатар "еспе" дейді. Осындай құр атыраулардың үстінде Жамбыл, Әндіжан, Қоқан қалалары, Кавказдың кейбір тау етегіндегі қалалары ораналасан.
Достарыңызбен бөлісу: |