Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Флювийлік процестер және бедер пішіндері



бет36/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

23. Флювийлік процестер және бедер пішіндері

Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Олардың әрекетінен пайда болған бедер пішіндері алуан түрлі. Сол себептен суды жер бетінің мүсіншісі дейді. Ағын сулардың әрекеті алдымен сумен шайылуынан, жемірілеуінен (эрозия), шайылған заттардың судың ағынымен төмен тасымалдануынан, соңында оларды шоғырлап жинауынан ұралады. Сонымен, ағынды сулар әрекетімен атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювиальды (латынша fluvius - ағын, тасқын) процестер деп атайды.




Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері

Уаытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялық пішіндер – жылғалар (атыздар). Олар делювийлік беткейлер кеңістігінде жайылып ақкан су бір кішігірім арнаға жиналған кезде ғана пайда болады. Жылғалардың тереңдігі 3-тен 30-см-ге дейін, ені тереңдігімен бірдей немесе одан сәл арты. Эрозиялы атыздардың көлденең кескіні v-әрпі тәрізді немесе жәшік пішіндес. Жылғалардың жағалары көбіне ұламалы, тік болып келеді. Ағын тоқтағаннан кейін жылғалардың жағалары жылдам жайпақталып, олардың ені ұлғаяды. Әдетте жылғалар бір-бірінен бірнеше метр алша орналасады да тармақталған жылғаларды ұрайды. Жылғалардың тереңдігі мен морфологиялық бейнесі беткейлерден төмен ақан судың көбеюіне орай ұлғая береді. (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).


Жыртылған және сирек өсімдікті беткейлерде жылғалар уақыт өте бере тереңдігі 1,0-2,0-м-ге, ені 2,0-2,5 м-re жететін эрозиялық жырмаларға айналады. Жырма ернеулері де жарлауыт келіп көлденең кескіні көбінесе v-әрпін елестетеді.
Алайда кез-келген эрозиялық жылғалар жырмаларға айнала бермейді. Ол үшін ағыс күштірек, жиналған судың көлемі молырақ болу тиіс. Сондықтан да жырмалар эрозиялық жылғаларға қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі және бір-бірінен ондаған метр алшақ жатады.
Оңай шайылып кететін таужыныстарда (құм, саздақ, топырақ, ұмдақ топырақ, лесс және т.б.) эрозиялық жылғалар мен жырмалар бір нөсердің кезінде немесе көктемгі қар тез ерігенде пайда болуы ықтимал. Кейіннен жырмалар жаңбыр мен еріген қар суының жинатау ролін атқарады.
Су оры жеткілікті мөлшерде жиналғанда жырмалардың бір бөлігі тереңдей және кеңи келе, бірте-бірте жыраларға айналады (48-сурет). Жыралардың тереңдігі 10-20 м не одан да көп, ені
48-сурет.
Жазық аймақтарындағы флювийлік пішіндердің генетикалық қатары
А-эрозиялық атыздар;
Б-эрозиялық жырмалар;
В-жыралар;
Г-сайлар;
Д-өзен аңғарлары;
Т-уақытша ағынды сулардың атльвегі;
Р-өзен арнасы;
П-жайылма;
НТП-жайылма үсті терраса;
1-өзен аллювиі;
2-сай аллювиі;
3-опырылмалар;
4-делювий шөгінділері.
(О.К.Леотьев, Г.И.Рычагов, 1988).
(бір абақтан екінші абақа дейін) 50 м, немесе одан да артық болады. Жыралардың жағалары көбінесе тік. Көлденең кескіні v-әрпі пішіндес. Кейде жыралардың табаны жайпақ, ені бірнеше метрден аспайды. Жыра жырмадан тек өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар өзіне тән жеке бойлық кескінімен ерекшеленеді, онысы ол тіліп өтетін беткейдің кескінінен өзгеше болады. Ал жырманың бойлы кескіні әдетте беткейдің бойлық кескінінің сәл тегістелген түрін қайталайды (49-сурет).
49-сурет. Жырмалардың (А) және жыралардың (Б) бойлы кескіні (О.К.Леонтьев, В.И.Рычагов, 1988).
Жыра жылдам өсіп-өршитін эрозиялық пішін. Оның бас бөлігі регрессиялық эрозия нәтижесінде өзенаралық айматарға созылып өсуі ықтимал. Осы себептен жыралар жүздеген метрге, тіпті километрлерге жететін ұзындығымен сипатталады.
Жыраның өсіп отыратын бас бөлігі әр түрлі. Көбінесе жыра бірден, биіктігі 1,0-3,0 м, тік жармен - бас құламамен басталады. Кейде жыралардың бас бөлігі сопаша, эллипс пішіндес немесе дөңгеленген күрек пішіндес болады да, жер бетінде аса айқын көрінбейтін ойпауыттар түрінде байқалады. Бедердің мұндай пішіндерін су жиналатын ойпауыттар (водосборные понижения) деп атайды. Кейде жыралардың бас бөлігінен жоғарырақ, өзен аралығының өлкелеріне баяу ауысатын, терең емес (1,0-3,0 м) жарқабақтары айқын білінбейтін, жағалары шымтопырақты жайпақ ұзынынан-ұзақ созылған ойпауттар орналасады. Бедердің мұндай пішіндерін қолат (лощина) деп аталады. Топографиялы карталарда, тіпті ірі масштабты карталарда қолаттар аса білінбейді, алайда ірі масштабты әуе суреттерде, әсіресе егістер мен сирек өсімдікті жерлерде қолаттың бейнесі айын көрінеді. Айтып кететін бір жайт, осы арнасы жоқ қолаттар жыралар дамуының нәтижесі емес, олардың пайда болуының себебі болып табылады. Сондықтан да бұрыннан дамыған эрозиялы пішіндердің түбінде эрозиялық оралымның (циклдың) қайталану нәтижесінде пайда болған жыраларды түптік (донный) немесе қосымша (вторичный) жыралар дейді, ал өзен аңғарларының беткейлерінде кішірек эрозиялық пішіндерден бірден түзіліп дамыған жыраларды – жағалық немесе алғашқы жыралар деп атайды.
Жыра ұзарып, оның бойлық қимасы қалыптасқан сайын, аққан судың эрозиялы күші азая береді. Жыраның екі жағалары тегістеліп, онда өсімдік жамылғысы пайда болады. Жырада бүйірлік эрозия әрекетінен кеңейе береді. Ақырында жыра сайға (балкаға) айналады. Бірақ жыраның бойлық қимасы бірден сайға айналмайды. Бұл процесс жыраның төменгі, ең көне бөлігінен, яғни сағасынан басталады да, бірте-бірте жоғары қарай тарайды.
Кейбір жағдайларда қалыптасқан сайдың түбін жыра жаңадан жырып тілімдеуі ықтимал. Жыралардың қайта-қайта тіліп жырумен сай түбінде аллювийлік материалдардан құрылған алаңша баспалдақтары - сай террасалары пайда болады,
Жыралар мен сайлар түбінде шөккең аллювийлік материал сұрыпталмаған түйіршектерден тұрады. Әдетте бөлшектенген материал жыра қимасының төменгі бөлігінде, ал ұсақтауы -жоғарғы бөлігінде жиналады. Алайда олар шамалы сұрапталған, құмды-құмдақты материалымен, үшкіртастармен және нашар жұмырланған жұмыртастармен араласқан.
Егер жыралар мен сайлардан ысырылып шыққан борпылдақ материалын, өзен ағызып алып әкетпесе, онда олардың сағаларында ысырынды конустар жиналады. Осы ысырынды конустарды құрайтын материал пролювий деп аталады. Жалпы алғанда ысырынды конусты құрайтын борпылдақ материалының шамалы сұрыпталуымен, кесек сынықтардың нашар жұмырлануымен, ысырынды конустың басынан, шетіне қарай бөлшектердің мөлшері кеми беруімен сипатталады.
Сайып келгенде, жыраның дамуын С.С.Соболев (1948, 1960) мынадай төрт кезеңге бөлген:
- жырма-жылғалардың даму кезеңі;
- жыраның өз түбін тілімдеу кезеңі. Бұл кезең жыраның сағасында құлама түптің құрылғанынан басталады. Жыраның бойлық қимасындағы құламалы түбі ойлы-қырлы, сағасы аспалы болады да, түпкі эрозия мейлінше дамиды. Нөсер жауған кезде, немесе көктемде қар күрт еріген кездегі ағыны жыраның түбін әрі қарай жырып, қопарып кете береді. Бұған қоса, кемердің биігінен құлап аан судың энергиясы кұшейіп жыраның түбін тереңдетіп, оның іргетасын қопарады. Төніп тұрған кемердің жоғары жар қабақ бөлігі опырылып ұлайды, соның салдарынан жыра жоғары қарай біртіндеп өсіп отырады. Сөйтіп жыра бірте-бірте суайырыққа қарай өсе береді. Нәтижесінде жыраның тереңдігі 25-30 м-ге дейін жетіп, одан да терең болуы мүмкін. Мұндай жыралардың түбінде әдетте шөгінділер болмайды;
- жыраның бойлық тепе-теңдік кесіндісінің қалыптасуы. Бұл кезде жыраның сағасы төмен қарай өсіп, жергілікті эрозия базисіне дейін - өзен жайылмасына, немесе террасаның деңгейіне дейін жетеді. Жыраның екі жа беткейі көлбеуленеді де, олардың төменгі жағында беткей шөгінділері алыптасады.
- басылу (шөгу) кезеңі. Жыраның бас жағы неғұрлым суайрыққа жаындаған сайын, соғұрлым су жинағының аумағы кішірейіп мүлде тоқтағанша азая береді.
Кейбір жағдайда жыраның түбі тереңдей бере, жер асты суларының деңгейіне жетіп, содан үздіксіз ағынды су, яғни өзен басталуы ықтимал. Бірақ жоғарыда суреттелген эрозиялық пішіндердің бір пішіннен екіншісіне өтуі, немесе бір кезеңнің келесі кезеңге өтуі - тіпті табиғаттың заңдылығы емес. Кез-келген эрозиялы жылғалар жырмаға және жырма жыраға айнала бермейді. Кейде жыра, тереңдік эрозия кезеңінде-ақ жер асты суларының деңгейіне жетіп, сай кезеңінен өтпей тікелей тұрақты су ағыны бар бұлақ алабына айналуы да мүмкін. Сол сияқты кез-келген сай, өзен аңғарына айналмауы мүмкін және кез-келген сай өз дамуында жыра кезеңінен өткен емес. Мысалы, Гумидті климат жағдайында, орман өскең жерлерде, сай іспеттес көптеген эрозиялық пішіндер ешқашан жыраға ауыспаған, олар әуелден-а сай немесе олат түрінде қалыптасып дамыған.
Таудағы уақытша ағынды сулардың өздеріне тән белгілі бір морфологиялық ерекшелігі бар. Мұнда су ағыстарының жоғарғы жағында айын білінетін, амфитеатр тәрізді жырмалармен тілімденіп тармақталған су жинағыш шұңқырлар (водосборные воронки) пайда болады. Осы жерден тау беткейімен төмен қарай созылған көлденең қимасы жыра іспеттес V-тәрізді терең, әрі тар ағыс каналы (канал стока) басталады. Ағыс каналының төменгі, сағасы шетінде ысырынды конус алыптасады. Жыраның бастауынан сағасына дейін бойлық қималарының едеуір құламалы болуы ағып жатқан тау суларының мейлінше бұзу әрекетіне себеп болады.
Сонымен, жыралардың морфологиялық құрылымы және дамуы таужыныстарының ұрылымына, жер бедеріне, климат жағдайларына байланысты. Бұлардың пайда болуына эрозиялық процестерімен қатар топырақтың шөгу құбылыстары, сілтісіздендіру, ылғалдандыру, суффозия және т.б. құбылыстары әсер етеді.
Оңтүстік азастандағы жыралардың сипаттамасы. Оңтүстік Қазастанның тау етектеріндегі дамыған жыраларды М.Жандаев (1961) төрт түрге бөледі: 1) алмұрт тәрізді; 2) тегіс түпті жыра; 3) сай тәрізді; 4) ернеу (карниз) типті (50-сурет).
Алмұрт тәрізді жыралар өзіндік пішінімен және құрылысымен ерекшеленеді. Жыраның бас бөлігі оның ортаңғы бөлігіне салыстырғанда, кең және дөңгелектеу келіп тік кемермен басталады. Кертпештің ірге тұсынан 10-12 м тереңдікке жеткең ұдық тәрізді шұңқыр қалыптасады. Шұңқырдың түбі жалпы жыраның деңгейінен әлдеқайда төмен. Жыраның ортаңғы бөлігі жіңішкеріп, екі жағы тіп-тік болып, түбі ірі кесекті таужыныстармен бітеледі. Жыраның ұзындығы 50-100 м-ден аспайды.
Жыраның алыптасуы жер беті суларының мерзімдік ағуына байланысты. Әдетте жол жиегін бойлап аққан су лесс қабатына сіңіп оны едеуір ылғалдандырады. Ылғалды лесс таужынысының ұсақ тұз бөлшектері еріп, сумен шайылып әкетіліп жерасты суын қалыптастырады. Соның нәтижесіңде лесс шөге бастайды.
Алғашқы кезде беткейдің үстінде кішкеңе ағыны бар эрозиялық азынды пайда болады. Ол 1,5-2 м тереңдікке жеткеңде оның жағасында құлап түскең топырақ массасы арнаның жолын бекітіп тастап, одан жыра ағысы тоқталады. Бұл кезде жыраның бас бөлігінде құйылатын су шұңқыр арқылы жерге сіңіп, жер асты ағысын құрайды. Сонымен, бұл жерде эрозиялық-суффозиялық процесс дамиды.
Тегіс түпті жыра. ¡зындығы ондаған метр, тереңдігі 3-8 м., түбі жайпа, жыраның екі жақтағы жағасы тік. Мұндай жыра пайда болуына дейін астында су өтпейтін, сазды қабаттардың жер бетіне жақын жатқандығына байланысты. Атмосфера жауын-шашыны лесс таужынысын су өтпейтін қабатына дейін шаяды да және сол деңгейде ағып, жыраның жайпақ түбін жасайды. Мұңдай жыралар таяз тереңдіктегі сазды қабаттар дамыған жерде тау бөктерінің тауаралық ойпаттарында пайда болады.
50-сурет. Оңтүстік Қазақстандағы жыралар типтері. (М.Ж.Жандаев бойынша): а) алмұрт тәрізді; б) сай тәрізді; в) тегіс түпті; г) ернеу (карниз) тәрізді жыра.
Сай тәрізді жыраның ұзындығы I шақырымға дейін және одан да астам болады, тереңдігі 10-25 м. Жыраның көлденең қимасының сипаты әр түрлі, оның жоғарғы жағы лесс топырағының алындығына сәйкес тік, жарлауытты, ал төменгі жағы жайпақтау келеді. Мұндай жыралар жұқа лесс қабаттарымен жабылған малтатас таужыныстарының эрозиялы тілімделуі нәтижесінде тау етегіндегі пролювиалдық жазықтардың үстінде алыптасады. Осындай жыралар суландыру далаларында қараусыз қалған каналдар мен арықтардың орныңда пайда болуы мүмкін. Мысалы, Алматы маңындағы Ақсай өзенінің құйылысы тұсында суармалы судың әсерінен 30 жылдың ішінде канал бойында осындай жыра түзілді.
Ернеу (карниз) тәрізді жыра - өзен аңғарының екі жағаларында кездеседі (Шарын аңғарында), ол өте күрделі түрде ыдырап жыралы-сайлы торап құрайды. Көбінесе бұлар терендігі 30-50 м дейінгі сайлар. Олар бір-бірімен кезектесіп жазы бағытта астасқан малтатас құмдар, саздар-қат-қабаттарының дамыған аймақтарда болады. Мұндай күрделі жыралы лабиринттердің болуы таңбалы денудация немесе құрғақ климат, өсімдіктер жоқ дерлік жағдайларына байланысты, қатты нөсер жауған кезде, тасқын судың шаю күші мейлінше жаңғыра түскең кездерде пайда болады. Сондытан жыралардың екі жақ беткейі карниз, діңгек, күнағар түрінде кездесіп, таң қаларлық архитектуралық әшекейлерді елестетеді.
Жыра эрозиясы - халы шаруашылығына елеулі зиян келтіретін табиғи апат. Олар ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлердің біразын істен шығарады да, өңдеуге жарамайтын аймақтарға айналдырады, жол құрылыстарын бұзады және т.б. Жыралардың өсу жылдамдығы су ағынының қуаттылығы мен шайылатын таужыныстардың сипатына байланысты жылына 0,5-1 м-ден 2-3 м-ге дейін болады. Жыралар көбіне лесс тәрізді топыратар түзілген өңірлерде кеңінен тараған. Бұл жерлерде жыра эрозиясы адамның шаруашылық әрекетінен, оларды шамадан тыс жыртқаннан, егіс айналымы дұрыс болмағандытан, шектен тыс мал жайғаннан пайда болады.
Жыра эрозиясымен қарсы күрес жүргізу үшін алдын ала сақтандыру әрекеттеріне назар аудару керек. Көптеген халы шаруашылық жұмыстарына (гидротехникалық құрылысында, суландыру жүйелерінде, жол және басқа өндіріс құрылысында) эрозияға қарсы шараларды зерттеп жүзеге асыру және қолдану ажет.
Мұндай жағдайда ең алдымен, беткейлерде өсіп тұрған орман-бұтақтарды кесіп жоюдан және шөпті тақырлап шабуға болмайды. Ал екінші шаралар табиғатта бар жыралармен күресу. Бұл үшін жыралардың бастауындағы ағын-суларды қосып жіберу керек болады. Содан кейін шөп егіп, орман-бұталар мен беткейлерді бекіту шараларын жасау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет