Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері



бет44/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері

Өзен аңғарларының морфологиясы олардың жергілікті физикалы-географиялық жағдайларына, геологиялы ұрылысына және даму тарихына байланысты. Таулы өлкеңің жоғары өрлеуіне байланысты қарқынды түрде эрозиялық тілімдеу нәтижесінде саңылау, шатқал және каньон тәрізді терең аңғарлар пайда болады (61-сурет).


61-сурет. Өзен аңғарларының көлденең кимасының сипатына байланысты түрлері: a - саңылау; б - каньон; в - шатқал; г - астау тәрізді; д - трапеция тәрізді.


Саңылау (теснина, щель) - екі жағы тік құламалы, тар аңғар (62-сурет). Тау шаткалы (ущелье) - көлденең қимасы v- әрпі тәрізді терең аңғар. Көп жағдайда, шатқал тектоникалық жарылымдар бойында қалыптасады, кейіннен ағын сумен одан әрі кедейіп, тереңдей түседі. Мысалы, Кавказдағы Терек өзені бойындағы Дарьял шатқалы, Іле Алатауындағы Есік, Үлкең Алматы, Шілік тау шатқалдары т.б. Каньон - жағаларының беріктігі - әр түрлі, оның үстіне жазық бағытта қабатталған таужыныстарды су тіліп өткен жағдайда кертпештеніп қалыптасқан саты тәрізді аңғар эрозияға төзімді таужыныстар тегістеліп каньонның жағасында террасаға ұқсас жазық алаңшалар құрады.




62-сурет. Саңылау. (В.Г.Бондарчук) ,

Дүние жүзіндегі ең ірі өзеннін. бірі Солтүстік Америкадағы Колорадо өзені каньонының тереңдігі 1200-1800 м, ұзындығы 320 км. Қазақстанда Іленің саласы Шарын өзені бойында терең каньондар кең дамыған. Бұдан басқа каньондар Маңғыстауда және Үстіртте кездеседі.


Жоғарыда айтылған үш түрлі аңғарлардың (саңылау, шатқал, каньон) түбін түгелімен немесе түгелге дерлік су басып жатады.
Аңғардың даму жолындағы кейінгі кезеңдерінде бүйірлік эрозия күшейе түсіп, аңғар кеңейіп түбінде жазық жайылма алаңшалар қалыптасады. Аңғар одан әрі тілімденіп, және аккумуляцияға ұшырап жағалары жайпақ кең аңғардың түбінде бірнеше террасалар түзеледі. Мұндай аңғардың көлденең қимасы жәшік немесе астау пішінді болады да, өзен дамуының бұл кезеңін оның толысқан яки жетік кезеңі деп атайды.
Геологиялық құрылымына және тектоникалык элементтерінің байланыс сипатына қарай аңғарлар синклинды, антиклиндық, моноклиндық, грабендік (опырықты), антецеденттік және тектоникалық жарылым бойы сәйкес келген аңғарларға бөлінеді (63-сурет).
Мұндай аңғарларды жаралу тегіне орай тектоникалы аңғарлар деп айтуға болады (мысалы, Германиядағы Рейн аңғары, Орта Азиядағы Алай аңғары және т.б.). Жоталармен жарыса жатқан аңғарларды немесе геологиялық құрылымдардың өсуімен сәйкес келген аңғарларды бойлық аңғарлар дейді (продольная долина). Бойлық аңғарлар енді келеді және олар ұзына бойында морфологиялық жағынан көп өзгермейді, яғни біркелкі болады. Ал тау жотасын жарып өтетін аңғарларды көлденең аңғарлар (поперечная долина) деп атайды. Көлденең аңғардың тұйы және ашы түрлері бар. Тұйы аңғар тау жотасының бір-а беткейінде дамиды. Ашық аңғарлар көлденең жатан жас тау жотасын бірте-бірте тілгілеп өтуі нәтижесінде түзіледі. Мысалға, көлденең аңғарға куэст айматарының консенвенттік өзендер аңғары және жотаны тесіп өткен антецеденттік аңғарлар жатады. Антецеденттік аңғарлар немесе кесіп өткен аңғарлардың түрі терең шатқал аңғарға ұқсайды. Жалпы көлденең аңғарларда тар шатқалдар мен аңғардың жайпақ кең бөліктері акезектесіп ауысып отырады.

63-сурет.


Геологиялык ұрылымдарына байланысты өзен аңғарларының түрлері:
A - синклинды;
Б - антиклинды;
В - моноклинды;
Г - тектоникалық жарылым бойымен сәйкес келген аңғар;
Д - грабендік аңғар.
(О. К.Леонтьев, Г.И.Рычагов, 1988).

Аңғарлар өзінің өтетін айматарының сипатына қарай таулы және жазыты деген аңғарларға бөлінеді. Таулы аңғарлар әдетте терең, тар және жағалары тік болады, ал бойлық кесіндісі өте еңіс немесе құлдилау болып келеді. Жазықты аңғарлар керісінше, кең, жағалары жайпақ, көлбеу немесе сатылы болады.


Аңғарлардың халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Қазақстанның Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария сияқты жазықтағы өзендерінің жайылмалары шұрайлы шабындық үшін, ал террасалар әр түрлі ауылшаруашылық дақылдарын егу үшін кең пайдаланылады. Елді мекеңдер көбіне өзен аңғарларына қоныстанады.
Судың еріткіштік қасиетіне байланысты карбонатты таужыныстардың (әктас, бор, доломит) кең тараған аймақтарында карсты аңғарлар кездеседі. Жалпы карстқа ұшыраған таужыныстар дамыған аймақтарда карстық аңғарлардың бойлық қимасы кездейсоқ бұрылыстармен және аңғар түбінде кездесіп қалатын куыстармен немесе "калташықтармен" ерекшелінеді.
Мұзды аңғарлары (трог) тау өлкелерінде мұздық әрекеті нәтижесінде пайда болады. Трогтың көлденең қимасы тік беткейлі, астау тәріздес ойпаң түпті болып келеді. Оның жағалары қаншама тік болғанымен етек жағында едәуір көлбеуленеді де, аңғар түбіне ауысады. Екі жақ беткейлердің көлбеуленген үстіңгі тұсында трог иығы (плечо трога) деп аталатын бүгіс байқалады. Трог - ең алғаш V - әріпі тәрізді таудың эрозиялық пішіні болған, ал кейінірек мұздық осы тау аңғары бойымен төмен ығысан кезде, ол аңғар жағаларын өз салмағымен қопарып, кеңейтіп астау тәрізді аңғар түзген (64-сурет).


64-сурет. Трог аңғарының көлденең кескіні. Т - трогтың табаны; П - трогтың иығы (О. К.Леонтьев, Г.И.Рычагов, 1988).

Көмулі аңғарлар (погребенные долины) - көне өзен пішіндері, олар әдетте борпылдақ төрттік шөгінділермен бүркелген. Орталық Қазақстандағы Сарыара даласында көмілген аңғарлар жиі кездеседі (65-сурет). Тоырау, Қусақ, Шар және т.б. өзендердің аңғарлары осы көмілген аңғарларға жатады. Кезінде көмілген аңғарлардың аумағы қазіргі кезеңмен салыстырғанда суы мол, өзен торлары кең ауқымды қамтыған. Кейін физикалық-географиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты өзендердің суы тартылып, аллювий шөгінділері азайып, аңғарлардың аумағы едәуір кішірейген. Мысалы, Орталық Қазақстандағы кейбір аңғарлардың қазіргі көлемі көне аңғарлардың оннан бір бөлігін ғана камтиды.




65-сурет. Көмілген аңғар 1 - саздактар; 2 - құмдатар; 3 - малтатастар; ұмдар; 5 - түпкі таужыныстар (М.Ж.Жандаев, 1970).

Көмілген аңғарлардың халық-шаруашылығындағы маңызы зор. Олар әр түрлі шашылымдардың, жерасты суларының және ұрылыс материалдарының кенорны болып табылады. Мысалы, Балаш қаласын сумен жабдықтау түгелімен Тоқырау өзеннің жерасты суын сақтаған құмды қабаттар есебінен қамтамасыз етіледі.


Су асты аңғарлары (подводныв долины) өзен сағасынан теңіз түбіне қарай жүздеген, мыңдаған километрге дейін созылады. Мәселен, үстінен қарағанда Үнді мұхитының түбінен Инд пен Ганг өзендерінің су астындағы жалғасы айқын көрінеді. Сібір өзендерінің (Обь, Лена) су асты жалғасы 200-300 километрге жетеді. Дүние жүзіндегі суы мол Амазонка өзені ағысының ықпалы өзі құятын Атлант мұхит түбінің бедеріне де едәуір әсер етеді.
Ғалымдар осындай аңғарлардың пайда болуын көбінесе суға батып кеткен ұрлытағы өзен аңғарлары десе, екіншілері оларды өзеннің су асты эрозиялық әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан деп есептейді.
Жалпы жер бетінде аңғарлардың геоморфологиясын зерттеу сол жердің даму тарихын, яғни палеогеографиялы жағдайын анықтауға пайдалы қазбалардың кен орларын іздестіруге, (әсіресе, шашылымдарды анықтауға), гидротехникалық ұрылыстар мен су электр станцияларын салуға, суару каналдарын жүргізуге және басқа инженерлік-құрылыстар тұрғызуға керекті деректерді алуға жәрдемдеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет