Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Карст аймақтарының бедер пішіндері



бет52/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Карст аймақтарының бедер пішіндері

Жер бетіндегі карст пішіндеріне карр микробедері жатады. Kapp деп терендігі 1-2 м-ге жететін карбонатты таужыныстар бетіндегі көптеген жарықтарды, жылғаларды және соларды бөлетін кіші-гірім үшкір тіске ұқсас қырқалар жүйесін атайды. Каррлардың пайда болу себебі жауын сулары мен еріген қардың сулары карбонаттық таужыныстарының үстімен аға келіп, жарышатар бойымен төмен сіңіп, олардың жан-жақты қабырғаларын ерітіп кеңейтуінде. Жарықтар мен қырқалар бір-біріне параллельді немесе қиылысып күрделі карст микропішіндерін ұрайды. Егер жарықтар таужыныстар қабаттарының құлауымен сәйкес келсе, қырқалар мен жарықтар бір-біріне параллелді болуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда каррлардың ырқалары ретсіз орналасып, бірімен-бірі қиылысып жан-жаққа тармақталып және қайта қосылады. Мұндай жағдайда карсты микропішіндер кең өлкеңі қамтып, көп тісті тараққа ұқсас каррлық аландарды (карровые поля), немесе каррлық аймақтарды түзеді.


Судың тік бағыттағы циркуляциясы мейлінше қарқынды болса карст таужыныстарының еру процесі оқпандар (понорлар) деген қуыс пішіндердің пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жердің бетінде тік келген табиғи құбырлар іспетті беті ашылған жарықтар мен індер тәріздес көрініс береді. Тереңіректе оқпандар судың тік бағыттағы циркуляциясы нәтижесінде әр түрлі қуыстардың жүйесіне ауысады. Опандар ұлғайған сайын екінші карстық пішіндерге, яғни карсты шұңқырларға (карстовые воронки) ауысады. Карстық шұңқырлар жер бетінде жиі тараған. Олардың көлемі және сыртқы бейнесі карста ұшыраған таужыныстардың түрлері мен геологиялы ұрылымына тәуелді. Карст шұңқырлардың пайда болуы таужыныстары материалының еріп сумен шайылып кету процесімен бірге сазды және ұсақ құмайтты бөлшектерінің төмен сүзіліп кетуімен орайласа жүреді, яғни суффозия процесіне байланысты. Мұндай пішіндерді карсты-суффозиялық шұңқырлар дейді (72-сурет).


72-сурет. Лесс топыратардың үстінде қалыптасан карсты суффозиялық шұңкырлар (геологиялы сөздік Пекин, 1983).

Батыс Европа ұжаттарында осындай әр түрлі кіші-гірім келген тұйық ойпаңдарды, қазаншұңқырларды және таяз карстық құдықтарды долина деп атайды. Карсты пішіндер жерасты суларының ағынына немесе карсталған таужыныстарының геологиялық құрылымына байланысты жер бетінде әркелкі орналасады. Егер карст тектоникалық жарылымдарды бойлап өрістесе, карстық шұңқырлары созыла сағаланатын тізбек құрайды.


Карстық пішіндерге тән ерекшеліктердің бірі - олардың сыртқы бейнесінің тұрасыздығы, бір пішіннен екіншісіне ауысуы. Мысалы, кіші-гірім жайпақтау келген тұйық көлшектер (карстовые блюдца) тереңдей бере карстық шұңқырларға ауысады, ал карстық ұдықтардың ернеулері тегістеле келе тағы да сол карстық шұңқырлардың түзілуіне әкеп соғады. Егер оқпандардың (понорлардың) ірге жағы одан әрі карст процесіне ұшырай берсе, олардың көлемі ұлғайып, табиғи құдықтар мен шахталарға айналады. Карстық шахталар мен құдықтардың тереңдігі ондаған метрден жүздеген метрге дейін барады. Мәселен, терендігі 1332 м. Пьер-Сен-Мартен деген карстық шахтаның бірі Пиреней түкпірінде, ал қарлы (Снежная) деген карсты шахтаның. тереңдігі 1370 м Карстық шыңырау Кавказда кездеседі. Осындай карстық шахталар жер қойнауларындағы терең қабаттарында тік бағыттан кейбір бөлімдерінде еңкіш немесе жазық бағытқа ауысады.
Полья деп көлденеңі бірнеше километрге, кейде ондаған километрге жететін, табаны тегіс, жан-жағы тік тұйық ойпандарды атайды. Мысалы, Югославиядағы Попова полья деген карстық пішіннің көлемі 180 км2-ге жетеді. Олар бірнеше азаншұңқырлардың бір-бірімен қосылуынан немесе жерастындағы карсты қуыстардың төбесі опырылып құлап түсуінен пайда болады. Кейбір ірі пішіндердің жаратылысы тектоникалық құрылымдарына байланысты. Жоғарыда айтылып кеткең Попова полья карстық апан - негізінде мульда, тектоникалық құрылымның орта бөлігінде орналасан. Әдетте апандар түбі ұрғақ, бірақ мезгіл сайын тұрақты түрде суға толып, көл немесе өзенге айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет