Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Карст процестері және бедердің карст



бет51/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

26. Карст процестері және бедердің карст
пішіндері "Карст" деген ұғым. Карст құрылуының шартты жағдайлары
Карст (Югославиядағы Karst үстірті атымен аталған) – таужыныстарының суда еруінен және онымен байланысты химиялық процестерден туындайтын құбылыстар және сол процестерден жаралған бедер пішіндері. Карст жербетіндегі және жерастындағы сулардың бірлескен әрекетінің нәтижесі олар әктас, доломит, бор, гипс және түрлі-түрлі тұздар тараған өңірлерде байалады. Тас тұзы мен гипстың ерігіштік қасиеті әктас пен доломиттен жоғары бола тұрса да гипстік және тұздық карст жер бетінде сирек тараған. Әктас пен доломит әдеттегі жағдайларда жай ериді, бірақ олар гипс пен тас тұзына қарағанда кең тараған, сондықтан бұлар айрықша және көбірек зерттелген деуге болады.
Карсты процестердің жүзеге асуының негізгі себебі - таужыныстарының атмосфералы, жербетіндегі және жерастындағы сулармен, кейбір жағдайда теңіз сулары әсерінен epyі. Әктас еру үшін суда еріген көмір қышқыл газдың (СО2) мөлшері жеткілікті болуы шарт. Сол кезде судың химиялық әрекеті басымдау болып, карбонатты таужыныстарға әсер етеді. Табиғи су құрамында көп тараған көмір қышқылының көзі - жер шарының атмосферасы, құнарлы топырақ арасында болып жатқан биохимиялық процестер, органикалық заттардың шіріп ыдырауы, қазіргі және ежелгі жанартаулар әрекетінен жер қойнауынан шыққан көмір қышқыл газы. Көмір қышқылымен қатар әктастың еруіне басқа да қышқылдар әсер етеді, мәселен гуминдік және күкірт қышкылдары, бірақ карст процестерін дамытуда көмір қышқыл газының орны ерекше (О.Леонтьев, Г.И.Рычагов, 1988).
Карст ұбылыстарының пайда болуына басқа табиғи факторларда әсер етеді, олар: а) бедер - тік немесе ұламалы жер бедерлерімен салыстырғанда, тегіс, жайпақтау келген жерлер карст процесіне тезірек ұшырайды; б) әктастың тазалығы мен қалыңдығы: әктас қабаты неғұрлым таза және қалың болса, соғұрлым олар карст түзілуіне қолайлы болады; в) таужыныстар ұрылымы (структура породы) - жұмыр, ірі кесекті әктастар ұсақ түйірлі ізбестастарға қарағанда карст ұбылысына баяу ұшырайды; г) ауа райының немесе температураның жағдайы, жауын-шашынның мөлшері, ауа райымен байланысты өсімдік жамылғысы, өсімдік қалдықтарының ыдырау әсері, су көмір кышқылы, гумин қышқылы, азот қышылы және т.б. қышылдармен қаныққаннан кейін, химиялық әсері арта түседі; д) карстық таужыныстардың жарықшақтығы (трещиноватотость карстующих пород) - жарықшықтар пайда болған кезде агрессивті су осы жарышатар арқылы таужыныстарға сіңіп жерастында әр түрлі карст пішіндерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Судың жерасты циркуляциясы, яғни гидрогеологиялық жағдайлар карст процесінің дамуында өте зор әсерін тигізеді. Карстық аймақтарда өздерінің гидрогеология жағдайлармен ерекшеленген негізгі үш қабатты белдемді ажыратуға болады (71-сурет). Үстіңгі қабат жербетінен бастап жерастындағы еспе (грунт) судың бетіне (деңгейіне) дейін. Бұл топыра пен атмосфералы ауа алмасу, яғни аэрация белдемі, судың тік бағыттағы циркуляциялық және еркін гравитациялық ауысу қабаты. Судың деңгейі жаңбыр жауған және қар еру еріген мезгіл сайын маусымға қарай өзгеріп отырады.


71-сурет. Карстық аймактардағы бедер пішіндерінің дамуы. (И.С.Щукин бойынша). А-А- алың қабатты әктасты таужыныстар; В-В - су өткізбейтін қабат; Р - карст шұңырлары; П - жерастындағы уыстармен жалғасан опырылып алған орындар (опандар), а-а - аэрация белдеуі; в-в -суға мерзімді аныан қабат; в-с - суға үнемі толы аныан қабат.

Ортанғы қабат - уақытша суға толық қанықан қабат. Мұнда жерасты суы деңгейінің өзгеруі жер бетінен оқтын-оқтын сіңген сулармен байланысты. Бұл қабатта судың циркуляциясы жазы бағытта ауысады, бірақ карст аймағының шет жағаларында жерасты суының деңгейі еңістеу болады. Осы қабатты көптеген зерттеушілер карст түзу, үңгір түзу қабаты деп атаған. Оның шекаралары - жерасты еспе суы бетінің ең жоғарғы және ең төменгі деңгейлері.


Төменгі қабат - суға үнемі толық қаныққан қабат. Мұның жоғарғы шекарасы - жерасты суының ең төменгі деңгейі, ал төменгі шекарасы - су өтпейтін қабат. Бұл белдемде судың жазық бағытты циркуляция басымдау болады. Бұл қабат карст аймағының шет жағаларында өзендердің бастауы және бұлақ көздері жер бетіне шығатын белдем.
Карст пішіндері мен карст құбылыстары Орыс жазығында, Қырым, Кавказ, Орал тауларында, Югославияда, АҚШ-та, Қытайда, Түркияда жиі кездесіп тұрады. Қазақстанда көптеген кішігірім карст пішіндері Қаратау жотасында, Маңғыстауда және Үстірт жазықтарында дамыған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет