Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы



бет59/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Мұздық аккумуляциясының басым аймағы. Мұз аккумуляциясының басым аймағы мұздықтың шеткі жағында орналасқан. Мұз суының әрекетінен пайда болған әр түрлі пішіндермен қатар жер бетінде кама, друмлина, зандр деп аталған бедердің ерекше пішіндері түзелген.
Кама (нем. кama-қырқа) деп биіктігі 2-5 метрден 30 метрге дейін жететін, кейде одан да асатын, қабат-қабат флювиогляциалдық шөгінділерден тұратын төбелерді атайды. Олар мұз аккумуляциясы басым болған аймақтарда тараған. Бұл төбелердің көрінісі конус тәрізді жұмыр күмбезге ұқсайды. Төбешіктердің беткейлері әдетте 15°-қа дейін кейде одан да тіктеу болады. алыптасу тегі жөнінен камалар оздарға жақын деп есептеледі, бірақ олар мұздық ішіндегі және астындағы тасқындардың кеңейген орнында пайда болған. Тағы бір көзқарас бойынша, камалар бұрынғы мұздық үсті мен мұздық астындағы көлдердің орнында қалыптасқан болса керек. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, мұның қай-қайсысында да камалардың түзілуі мұздықтардың бұзылып еруі барысында, жылжу қабілетінен айрылған "өлі" мұз орнында пайда болған.
Друмлина деп (ирланд. dramlin-төбе) бір жүз метрден 2-3 км-ге дейін ассиметриялы жал тәрізді созылған дөңдерді атайды: олардың ені 100-200 метрден 2-3 км-ге дейін, биіктігі 5 метрден 45 метрге дейін жетеді. Друмлиндердің ұзын осі мұздықтың жылжу бағытына қарай орналасады. Олардың мұздық қозғалатын жаққа қараған беткейлері де қарсы беткейлері де құламалы бола беруі мүмкін. Друмлиндер мореналық материалдан тұрады. Болжамдарға қарағанда олар мұздықтың шеткері жағындағы жарықтарға әр түрлі қалдытардың толуы және кейін осының бәрі негізгі мореналық үстінде қалуы нәтижесінде құрылатын болса керек. Кейде друмлиннің ішкі ядросы байырғы таужыныстардан құралады. Друмлиндік ландшафт Санкт-Петербург маңайыңда және Эстонияда кең тараған.
Зандрлар (датша zandr - ұм) негізгі моренаның сырт жағындағы құм, қиыршық тас, малтатас үйіндісінен қальштасқан кең аумақты жазықтар. Мұздық кең ойпаң алаптарға жеткен кезде еріген су емін-еркін жайылып көптеген арналарға бөлініп кетеді. Сонда сумен ағып келген үгінділердің барлығы шөге бастайды. Алдымен соңғы моренаның жиегінде ірі кесектер - малта, иыршы тастар, әрі қарай құмдар шөгеді, одан әрі судың ағыны әбден басылғанда, ұсақ құмдар, ұмайт, лай шөгеді. Сөйтіп, негізінде құмнан қалыптасқан зандр жазықтар пайда болады.
Мұздық шөгінділерде құрылыстық материалдармен қатар, кейбір шашылымдардың түрлерін кездестіруге болады.
Мұздық шашылымдары таулық мұздықтар немесе көне құрлық мұздықтар әрекетінен түзіледі. Олар мореналық және флювиогляциалдық шашылымдарға бөлінеді. Мұндай шашылымдар аз іріктелген және пайдалы қазбаларға бай емес, ал егер мұздық өзінің жылжу жолында көне теңіздің немесе аңғарлардың аллювийлік шашылымдарды бұзып алып кетсе, онда бағалы құрамбөліктермен баюы мүмкін. Осындай алтынның мореналық шашылымдары Канада да (Клондайк) және Америка Құрама Штатындағы алмастың шашылымдары бар. Шашылымдардың қалыптасуына флювиогляциалдық шөгінділерде материалдың іріктелуіне қолайлы жағдай туады. Осыған ұқсас алтын шашылымдар Жаңа Зеландияда және платина шашылымдары Канадада кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет