Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Жамылғы мұз басқан аймақтардың бедер пішіндері



бет58/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Жамылғы мұз басқан аймақтардың бедер пішіндері
Жамылғы мұздықтар таулық мұздықтарымен салыстырғанда әлдеқайда көп, ауқымды. Олар тіпті кей түста бүтіндей бір аралдар мен ұрлықтарды алып жатыр. Мәселен, Гренландиядағы сірескен мұздықтардың қалындығы 3 км-ден асса, Антрактидада ол 4 км-ге дейін жетеді. Міне, осындай ғаламат алыңдығына байланысты мұз астындағы бедер пішіндері мұздытың таралуына пәлендей әсер ете алмайды. Жамылғы мұздықтардың үстіңгі беті әдетте дөңестеу, жазық келеді, яғни қалқанға ұқсас болады. Олар Арктикалық және Антрактикалық климат белдеулерінде таралған, ал бұлардағы қардың шегі теңіз деңгейіне дейін жетеді немесе одан сәл биігірек орналасады. Жамылғы мұздықтардың жылжуы қысымның айырмашылығына байланысты пайда болады да, мұздық "қалқанының" ортасынан басталып, жан-жағына жылжып тарамдала тарайды. Мұздықтың қоректену аймағы "қалқанның" кіндік тұсында орналасқан. Ондағы мұздың жыл сайынғы еруі оған түсетін қар мөлшерінен кем болады. Соның нәтижесінде мұздың қабаты барған сайын арта түседі. Қоректену аймағынан қашытаған сайын абляция арта түседі де, мұздың қалындығы кеми бере, мұздықтың шет-шеті мұз астындағы бедеріне бейімделе бастайды (мәселен, Гренландияның оңтүстік-шығыс бөлігінде осыңдай құбылыс айқын байқалады). Мұзды балансының артуы мен кемуінің арақатынасына байланысты оның жиегі бір қалыпта тұрмайды, осциляция құбылысы болып тұрады.
Мұздықтардың үстіңгі бетін әдетте сан тарау жарықтар шимайлап жатады. Олардың пайда болу себептері де алуан түрлі: біресе мұз астындағы бедердің әсерінен, енді бірде мұздықтардың жекелеген бөліктерінің әрқилы (әркелкі) жылжуынан болуы ықтимал. Бұл жарықтар мұздық бетінің жазда еруінен пайда болатын судың әсерінен кеңейіп тереңдей түседі. Тереңдігі ондаған, тіпті жүздеген метрге жететін мұз үсті каналдары осылай қалыптасады. Мұз ішіндегі және мұз астындағы каналдар мен үңгірлер де осындай сулардың ағу нәтижесінде пайда болады. Бұл үңгірлерде су қатты қысымның әсерінде болады және тегеурінді күштің ықпалымен ағып, аса зор эрозиялық-аккумуляциялық жұмыс атқарады.
Төрттік көзенде мұз басқан алаңның аумағы талай рет елеулі түрде өсіп отырған. Солтүстік Америка мен Евразия аумақтарындағы орасан зор алқаптарды мұз басты. Төрттік көзенде мұз басудың ең кең тараған шағында ол 40 млн. шаршы километрден асты, (құрлықтың 30% алып отырды), яғни ол қазіргі мұз басқан алаңнан 3 еседей артық болды.
Бұрынғы КҮО-ның еуропалы бөлігінде алты мәрте мұз басу болды делініп жүр. Атап айтқанда, олар: (көне көзендерден бастап) березиндік, окалы, днепрлік, москвалы, калининдік, осташковты деп бөлінеді. Мұның үстіне, бес түрлі мұз аралық көзендер болды, олар: беловежьелік, лихвиндік, одинцовтық, микулиндік, молого-шексниндік. Кейбір ғалымдар біртұтас валдайлы мұзбасу кезеңі болып оның екі (калининдік және осташковтық) сатысы болған дейтін пікірді ұсынады және осы екеуінің молого-шексниндік мұз аралық сатысы өтті деп есептейді.
Еуропада төрттік көзенде өткен мұзбасудың негізгі орталығы Скандинавия болған, мұндағы мұздықтың қалындығы 5 км-ге дейін жеткен. Жаңа жер мен Солтүстік Орал орталықтарындағы мұздықтың қалындығы бұдан сәл кемдеу болған. Сірә, Еуропадағы ең аумақты мұздық днепрлік мұздық болғанға ұқсайды.
Көне мұз басу жамылғысының шеңберіндегі мұздық қаланның динамикасына сәйкес, геоморфологиялық процестердің белгілі бір белдемдері қалыптасып, түбінде соның сипаттары әр түрлі аймақтардың қазіргі пішіндеріне әсер еткен болуы керек. Әйтеуір, жер-жердің бедеріне назар аударсақ, мұздықтық денудация (экзарация) да, мұздыты аккумуляция да басым болған айматар айқын көзге шалынады. Әрине, мұндағы "басым" сөзі бекер қолданылып отырған жо, өйткені денудация аймағында аккумуляциялық пішіндер кездесетін болса, дәл сол сияқты аккумуляция аймағында денудациялық пішіндер де кездесе береді.
Еуропалы мұзды жамылғысының шығыс еуропалық бөлігін мысалға ала отырып, осы аталған аймақтардың құрылымын қысқаша сипаттап көрелік.
Мұзды денудациясының басым аймағы. Көне мұз жамылғысындағы мұз денудациясының басым аймағы Фенноскандия болған. Мұндағы айматың басым бөлігінде кембрийге дейінгі кристалды таужыныстар ұшырасатыны белгілі, ал Скандинавия түбегінің батыс жағалауын бойлай кембрий мен силур таужыныстары кездеседі.
Осы түбегейлі таужыныстар мұздық әсеріне қатты ұшыраған. Бедердің денудациялық пішіндерінен ең алдымен мұздық әсерінен түзілтен жартасты тау тізбектерін (азір сельга деп аталатын тізбектерді) және солармен параллельді кезектесіп жатқан, бүгінде көлдер мен батпақтардан тұратын қопарылма ойпаңдарды (ванны выпахивания) атауға болар еді. Көл дегеніміз тіпті көп, Финляндия мен Карелияны "мың көлдің елі" деп тегін атамаған болу керек.
Мұз ¼серінен өзгеріске ұшыраған, бұдан гөрі ұсатау денудациялық пішіндер қатарына бұйрат жартастар (бедер "курчавых скал" және "қой маңдай тастар" (бараньи лбы) деп аталатын жұмырлау келген бедер пішіндері жатады. Жоталар мен "қоймаңдай тастардың" беткейлерінде мұз "сызаттары" айқын көрінеді, олардың бағытына қарап, кезінде мұздықтың қай бағытта жылжығанын аңғаруға болады. Сонымен қатар мұздық жылжуының бағыты көптеген жоталардың және оларды бөліп жататын қопарылма ойпандардың бағытына сәйкес келеді.
Карелия мен Финляндияның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағында мұздық көшу бағытында тік, немесе иреңдей созылған темір жол жиегіндегі үйінділер тәрізді оз жалдары (швед. asar - жал) жиі ұшырасады. Ені ондаған метрлерден 150 метрге жететін, кейде тіпті одан да асатын бұл жалдар ондаған шаырымға жалғасқан тұстарын қоса есептеп жүздеген километрге созылып жатады. Оздардың биіктігі 50, кей-кейде 100 метрге жетеді, беткейлерінің бұрышы - 30-45° болады. Мұздықтардың жылжу бағытына қарай созылып жатқан оздарды радиальды (тарамдық), көлденеңдік немесе маргинальдық, яғни мұздықтардың шетіне параллель дамыған. Бір қызығы, оздардың орналасуы бүгінгі жер бедерінің нобайлық нұсасына тіпті де қатысты емес. Олар сельгаларды қиып өтіп, көлдерді бөліп тастап, т.т. түрленіп, орналаса береді. Оздар флювиогляциальды жағдайда қалыптасқан аккумуляциялық пішіндер ретінде түсіндіріледі. Соларды құратын материалдардың өзі де осыны дәлелдейді, яғни бұлар қиғашты қабатталған құмдар, жұмыр тастар мен қиыршық тастар. Шомбал тастар жиынтығы да жиі кездеседі. Қалай болғанда да, оздардың пайда болу табиғаты әлі жеткілікті айқын емес. Кейбір пікірлерге қарағанда, радиалдық оздардың көбі және көлденең оздардың біршамасы - мұздықтың саңылаулары бойымен, оның ішінде және астында куалай аққан тасқындардың шөгіндісі болса керек. Мұздық еріген соң, тасқынның ағыны бойымен жиналған материал сол жердің үстінде үйіліп қала берген. Ал басқа бір пікір бойынша, оз дегеніміз - мұз шегіндегі тасқындардың атыраулық ысырындылары, ал бұл мұздықтың жиегі кері шегінген сайын ұдайы жалғасып өсе берген.
Оздар бүгінде құрылыс материалдарының көзі ретінде және жол салуға пайдаланылады. Керек десеңіз, көп жерін көлдер мен батпақтар алып жатқан Финляндия сияқты елде бұл мақсата оздардан басқа ештеңені қолдана алмайсыз да.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет