Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Жалған карстық (псевдокарст) процестер мен бедер



бет54/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Жалған карстық (псевдокарст) процестер мен бедер

Кәдімгі карстпен қатар кейбір жерлерде сырт бейнесі карстқа ұқсас пішіндері кездеседі. Бұлар сазды карст (глинистый карст) және термокарст.


Саздық карст аридтық және жартылай аридтық климат жағдайларында жоғары карбонатты саздардан, саздақтардан және лесстардан құрылған аймақтарда байқалады. Таужыныстарының едәуір жарықшақтылығы мен кеуектілігі және карбонатты қасиеттері бұл ұрылымдардың кәдімгі карстық процеске ұқсастығы бар екеңдігін байқатады. Мұнда жарықшақтар бойымен шайылып шыққан ерітінді материал саздық және ұмайттық (алевритты) бөлшектердің механикалық шайылуымен қабаттаса өтеді. Мұндай процесті суффозия дейді. Осы процестердің салдарынан жер бетінде әр-түрлі қуыс микропішіндер пайда болады. Карбонатты немесе тұзды саздар мен саздатар арасында дамыған суффозия әрекеті "көлдеулер" (степные блюдца) деген табақша тәрізді шұңқырлардың құрылуына әкеп соғады. Жоғары карбонатты саздақтар мен саздарда жарықшақтар кең тараған жағдайларда кәдімгі карстқа ұқсайтын жерасты үңгірлері кездеседі. Мұндай табиғи құбылыстарды саздық карст деп атайды.
Термокарстың табиғи жаратылуы басқаша. Мұнда әр түрлі опырылып, ойылған пішіңдер кездеседі. Олар мәңгі тоңдар тараған аймақтарда көмілген мұздардың және тоңды таужыныстардың еруімен байланысты қалыптасады. Бұл көбінесе мәңгі тоң қабаттарындағы мұздың еруінен жер бетінің опырылып, немесе біртіндеп шөгіп, ойылу құбылысы және жалпы климаттың жылынуына сәйкес ауаның орташа жылдық температурасының көтерілуіне орманның оталуына немесе өртенуіне тағы басқа себептерге байланысты жүреді. Нәтижесінде батпақты ойпандар, көл азаншұңқырлары түзіледі.
Жалған карстық құбылыстарға кейбір таужыныстарының суланған кезде нығыздалу қасиеті де жатады. Мұндай қасиетті лессты таужыныстар мен тұзды топырақтарға тән. Лесстың нығыздалуы көптеген микроқуыстар мен микросаңылаулардың бұзылуынан, ал тұзды топырактардың тығыздалуы - тұздардын. еруі салдарынан пайда болады. Бұл табиғи құбылыстардың морфологиялық көрінісі карстық-суффозиялық шұңқырлар мен "көлдеулердің" қалыптасуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет