Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Карст аймақтарының үңгірлері және аңғарлары мен өзендері



бет53/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Карст аймақтарының үңгірлері және аңғарлары мен өзендері

Жер астындағы жарықшақтар бойымен аққан сулар олардың ірге жақтарын ерітіп, қалыптасқан қуыстарды одан әрі ұлғайтып, кеңіте береді. Сонда жазық және көлбеу бағытта таралған көптеген тарамды қуыстар жүйесі түзеледі. Олар бірде адам еңкейіп әзер өтетін тар, бірде кең және биік, төбесі күмбезделе иілген зәулім салтанатты сарайға ұқсаған жерасты гроттарын құрайды. Осындай әр көлемді жер асты қуыстары, бірімен-бірі қосылып үлкең үңгірлерге айналады. Үңгірлер планда жан-жаққа ирелеңдеп, бойлық қимасында көлбеу баспалдақша кертпештенген кең ауқымды қуыстарға бөлінеді.


Кейбір айматарда үңгірлер, әр түрлі гипсометриялық деңгейде орналасып, бірнеше қабаттар құрайды. Үңгірлердің қабаттасуы жер үстіндегі сулардың деңгейіне байланысты. Егер жердің тектоникалы жоғары көтерілуі әсерінен беткі судың эрозия базисы төмен түссе, үңгірдегі жерасты сулары да соған ілесе төмен ауысып, үңгір құрғап алады. Ал төмен құлдыраған су жаңа базис деңгейінде жаңа қабатты уыстар мен үңгірлер сала бастайды.
Карстық үңгірлердің ішіндегі ірілерінің бірі - АҚШ-тың Кентукки Штатындағы ұзындығы 100 км. Флинт-Ридж және Нью-Мексика штатындағы Карлсбал үңгірлері. Үлкең үңгірлердің түбінде жерасты өзендері мен көлдері де кездеседі. Кейбір үңгірлерде (Орал тауындағы Күнгір үңгірі) мұз сүңгілері мен кристалдары, ал карбонатты таужыныстарындағы үңгірлерде ерекше карст ұрылымдары - сталактит, сталагмит атты табиғи бағаналары және т.б. түзеледі.
Сталактит (грек. stalaktas - тамып тұратын) - үңгірлердің төбесінен түтікше, шашақ, тарақтың тісі тәріздес жоғарыдан төмен қарай біртіндеп өсетін тамшылап аан минералданған сулардың кебуінен түзіледі. Сталагмит (грек. stalagma - тамшы) - үңгірлердің түбіне тамшылаған минералды сулардың әсерінен төменнен жоғары қарай біртіндеп өсетін минералдық түзілім. Бір мезгідде қарама-қарсы жақтан өскен минералдық түзілімдер қосылып, біртұтас бағаналар құрады.
Мұз сүңгілері дамыған үңгірлерді мұздық немесе суық үңгірлер дейді. Мұз бен қардың пайда болуы үшін алдымен лайықты климаттық жағдаймен үңгірдің ішкі бейне құрылымы сәйкес болуы тиіс. Егер үңгірге кіретін жері жазық бағытта болмай жоғарыдан төмен қарай сәл еңкіштеу болса, онда салқын ауаның, сонымен бірге қар мен мұздың жиналуына қолайлы жағдай туады.
Карстық айматардың аңғарлары мен өзендері. Карстық өлкелердің аңғарлары мен өзендерінің сипаты гидрологиялық режиміне және таужыныстардың карста ұшырау дәрежесіне байланысты. Карст дамуының ең алғашқы мерзімінде жербеті сулары мен жерасты карстық суларын ажыратуға болады, ал карст процесінің ең соңғы сатысында жерасты сулары мен беткей суының арасындағы шекара біртіндеп жойылады. Атмосфералық жауын-шашын суының бір бөлігі саңылаулар мен жарықшақтар арқылы, енді бір бөлігі карст қуысы мен үңірейген жарықшақтар арқылы жер астына еркін кетеді. Мұндай жағдайларда карстық аймақтарға тән "соқыр" аңғарлар және құр аңғарлар пайда болады. Бұлардың пайда болу себебі өзен бойымен ағып келе жатқан су жолшыбай кездескен арна түбіндегі карстық жарықшатарға сіңіп - "құлап" кетеді де әрі қарай жерастындағы қуыстарды бойлай ағады. Кейінірек ағын жер бетіне қайтадан шығып, беттік суға айналып, өзен құрады. Осындай "соқыр" немесе ұр өзендер Қырым түбегінде, Кавказда, Оралда және Орта Азияда кездеседі. Мысалы, Қырымдағы өзеннің суы кенеттен жерге сіңіп жерасты суына айналады, ал үстінде малта-түйіршік тастардан құралған өзеннің құр арнасы ғана қалады. Шамасы 10 км-ге дейін су жерастымен ағады да одан соң Қарасу деген атауымен қайтадан жер бетіне шығады. Мұндай сулар алғашы рет Франциядағы Воклюз жотасында зерттелген, содан бері ондай суларды воклюз сулар деп атап кеткен.
Жоғарыда жазылған карсты пішіндерден басқа тропикалы белдеуде (Оңтүстік Қытай, Вьетнам, Гвинея) және тағы басқа елдерде кездесетін тропикалық карст деген өзгеше карстық пішіндер кең дамыған (73-сурет). Бедер элементтерінің морфологиялық жағынан қарағанда тропикалық карст күмбезді, мұнаралы шоқы тәрізді және қазаншұңқырлы (котлован) карст түрлеріне бөлінеді.


73-сурет. Тропикалы карстың даму квзендері
(геологиялы сөздік, Пекин, 1983).

Карстық процестер халық шаруашылығына көптеген зиян тигізеді. Тұрғын үйлер мен құрылыстардың іргетасының құлауы, темір жол төсемінің ирауы, шахталарды су басып кетуі, су қоймаларындағы сулар астындағы қуысқа сіңіп кетуі - осылардың барлығы карстық құбылыстың нәтижесі. Сондықтан осындай құбылыстар байқалған аймақтарда үйлер тұрғызу, гидротехникалық ұрылыстар жүргізу, темір жолдар тарту жұмыстарын алдын-ала мұқият зерттеулерден кейін ғана іске асырылуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет