Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Көл және көл қазан шұңқырларының қалыптасуы



бет50/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

25. Көл және көл қазан шұңқырларының қалыптасуы
Көл деп құрлықтағы тұйық су қоймасын атайды. Оның дүниежүзілік мұхитпен байланысы жоқ. Жер бетіндегі барлық көлдердің аумағы 2,7 млн. шаршы км, яғни құрлықтың 1,8 процентін алып жатады. Көл шұңқырларының жаралу тегі түрлі-түрлі эндогендік және экзогендік процестеріне байланысты. Олар тектоникалық жолмен, яғни жер кыртысының кенеттен опырылып кетуінен қалыптасуы ықтимал. Мұндай көлдерді грабендік көлдер дейді (Байкал, Танганьика, Телецк көлдері). Жанартау әрекетінен кратерлік, калдерлік, гейзерлік, лавалы -бөгеттік көлдер пайда болады. Мұздықтық көлдер - мұздықтар жырып, қазып кеткен орындарда немесе мореналар бөгеп тастаған өңірлерде қалыптасады (Америкадағы ¡лы көлдер); карстық жолмен қалыптасқан көлдер таужыныстарының еруі нәтижесінде ойпандардың суға толуынан пайда болады; лиманды жолмен қалыптасқан көлдер - теңізден бөлініп қалған жағалық аумақ; өзен иіндерінің қалдығы - ескіарналық көл, бұл бұрынғы арнаның аумағы; астроблемдік - жасынтастардың (метеориттердің) құлаған жерінде жарылу және опару әрекетінен пайда болған көл-шұңқырлар. Кейде әр щұңқыр екі фактордың әрекетінен жаралуы ықтимал. Сонымен қатар адамның шаруашылық әрекетінен қолдан жасалған бөгет көлдер де болады (Бұқтырма, Қапшағай, Шардара). Оларды антропогендік бөгетті су қоймалары дейді.
Көл шұңқырлары өзен, еріген мұз, жауын-шашын, жер асты суларымен тоғытылады. Су режимі жағынан көлдер ағынды және ағынсыз көлдерге, іркілген көлдерге, құрғақ климат жағдайында көбінесе ащы көлдерге бөлінеді.
Ағынды көлдер көбінесе өзен ағындарында орын алады, оның өзіндік ағыны өзен ағысына байланысты.
Ағынсыз көлдердің ішіндегі тұнба тұзды кең ауқымды көлдерді кейде теңіз деп атайды, мысалы: Каспий, Арал теңіздері осыған жатады.
Іркілген көлдер деп тұнық алапты көлдерде судың беткі қабаты ғана сәл қозғалыстарға ұшырап ауысып тұрады, ал түпкі жағындағы су қабаты қозғалыссыз қалпында тұратын көлдерді атайды. Бұған органикалық алдықтардың шіри бастауы да әсер етеді, онда оттегі жетіспейді, күкіртті сутегі, көмір қышқылы сияқты газдар жиналады.
Көл суының ащы-тұщылығы оның маңындағы аймақтың климатына тікелей байланысты; Минералдану дәрежесіне қарай көл суы ашылтым (5-25 г/л), ащы (25-45 г/л), тіпті тұздық та болады. Мысалы Элтон көлінің бір литр суындағы тұз мөлшері 280 грамға, ал өлі теңізде 260-310 грамға жетеді. Ащы көлдер тұз кұрамына қарай хлоридты, сульфатты, карбонатты түрлерге бөлінеді. Бұл суларда тұздармен оса механикалы қосындылар - лай, құмайыт, темірдің сулы тотықтары шөгеді. Тұщы көлдерде балдырлар мен планктонды организмдер қалдықтарынан гумин қышқылды органогендік заттар шөгеді.
Дүние жүзіндегі ең ірі көлдер Каспий теңізі (371000 км2), Америкадағы ¡лы көлдер, Арал теңізі, Байкал көлі (31500 км2), Ладога (17700 км2). Ең терең көл - Байкал (1620 м). Қазақстандағы ірі көлдер - Арал, Балқаш, Зайсан, Селеті көлі (70-сурет), Алакөл, Қорғалжын көлі т.б.
70-сурет. Селеті көлі солтүстік жағалау белесінің көлденең имасы (Суретті түсірген Ф.Ж.Акиянова)
Көлдердің практикалық маңызы өте зор. Олар балық аулауға, жол қатынасын амтамасыз етуге, жер суаруға, сумен жабдықтауға пайдаланылады. Сонымен қатар көлдерден әр түрлі түздар, темір, марганец, боксит рудалары өндіріледі, сапропель, жанғыш тақтатастар, диатомиттер қазылып алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет