Атыраулар
Ірі өзендердің мұхита, көлге немесе шығанаа ұйған сағасында олардың ағысы кенеттен баяулайды. Соның салдарынан ағызып келген лай-ұмдар су қоймасынан түбіне шөгіп су астында ысырынды конус түзеді. Осылайша ол бірте-бірте биіктей береді де, құрлыққа айналып атырау деген ерекше бедер пішінін ұрайды. Оның сыртқы бейнесі үш бұрышты, яғни гректің (дельта) әрпіне ұқсас, сүйір бұрышы өзен жақта орналасады.
Әдетте өзеннің ұяр сағасында теңіз тайыз, толқындардың шалу-қайту әрекеті аз болса, су коймасының жағалау тұсыңдағы арнада тұнған шөгіндіге толады да, ағынға бөгет болады. Сондықтан ағын су өзіне жол іздеп желпеуіш тәрізді көптеген тарамдар мен тармақтарға бөлінеді. Тарамдалған арналар арасында тегістеу келген ұм аралдары пайда болады. Арна тораптары өздері тасымалдап алып келген шөгінділер әсерінен бірте-бірте тайыздалады да, жеке-жеке шалшық батпақтарға айналып барып құриды. Әрбір тасқын кездерінде атыраудың ауқымы ұлғайып кеңиді және биіктеліп теңізге қарай өсе түседі. Атыраулардың өсу жыдамдығы әр түрлі. Еділ өзеннің атырау бөлікшелері соңғы 50 жылда 2,5 км-ден 12,5 км-ге дейін өсті, ал бұл көрсеткіш атыраудың жылына орта есеппен 50 м-ден, 250-м-ге дейін өскендігін көрсетеді. Миссисипи өзеннің атырауы жыл сайын 4 м-ден 100 м-ге дейін өседі (68-сурет).
Кейбір атырау аумағы едәуір кеңістікті ала отырып, ондаған мың шаршы километрге дейін жетеді. Мысалы, Амазонка өзеннің атырауы 100 000 км2 шамасында, Лена өзеннің атырауы 45000 км2, Еділдің атырауы - 18 000 км2. Бірнеше өзендердің сағалары бірігіп кетіп атыраулық жазығын құрайды. Шығыс жақтағы Қытайдың кең аумақты жазығы Хуанхэ мен Янцзыцзян атырау жазықтарының бірігіп кеткеннен пайда болған аккумуляциялық жазығы.
68-сурет. Атыраулардың типтері.
Атыраудың құрылуына өзен ағысының мөлшері, жылдамдығы, сонымен бірге, жаңатектоникалық қозғалыстар мен климат режимі де әсерін тигізеді. Осы факторлардың күрделі байланыстары жер бетінде әр түрлі атырау пішіндерін құрады.
Атырау аймағы негізінен 5 зонаге бөлінеді: төменгі өзен атырауы; су беткі (субаэральдық) атырау жазығы; атырау алды кемер (авандельта); көлбеу атырау және тереңдік атырау (69-сурет).
69-сурет. Атырау өлкесінің планда және кескіндегі ұрылысы: I - төменгі өзен атырауы; II - су беткі (субаэральды) атырау жазығы; III- атырау алды кемер (авандельта); ІV - көлбеу атырау; V - тереңдік атырау. (Г. Ф. Крсешенниников)
Су бетіндегі атырау жазығы аласа аралдардан және оларды бөліп тұратын көптеген тармақтардан, ескі арналардан, көл және батпақтардан тұрады. Шөгінділерден түзілуі негізінен континенттік жағдайларда өтеді, бірақ кейде теңізден соққан күшті желдер әсерінен немесе су көтерілуі кезінде мұнда теңіз суымен айдалып келген теңіздік фауна мен минералдар шөгуі ықтимал.
Атырау алды кемер немесе авандельта - атыраудың сырты шегінде орналасқан су астындағы өте таяз, тегістеу келген кеңістік. Бұл зона жағалаудан теңізге қарай бірнеше километрге созылуы мүмкін. Мұнда су беті бөлігінде шөгіп үлгермеген шөгінділер жиналады. Демек, теңіз суларымен кездесерде өзен суларының ағыс жылдамдығы күрт баяулайды да, оның тасымалдау қабілеті азайып, жүзінді материал тұнбаға айналады. Сонымен бірге теңіз толындары мен жағалау ағындары жұқа сазды бөлшектердің тұнбаға түсуіне кедергі жасайды да, олардың одан әрі өңделуіне жағдай жасайды. Мысалы, Еділ, Жайық, Кубань, Терек өзендерінде осындай жұқа сазды материалдан құралған атырау бөлігі кең дамыған.
Көлбеу (еңкіш) атырау зона өзен суының ағысы әбден тоқтап, тасымалдаған материалының тұну қарқындылығы азайған жерінен басталады. Мұнда суы ащылау болғандықтан теңіз организмдері мекеңдейді. Шөгінділер жұа және жазық бағытта жатқан қат-қабат түзілімдермен ерекшеленеді. Атыраудың еңкіш зонаның терендігі 10 м-ден 100 м-ге дейін ауытқиды.
Атыраудың ең соңғы бөлігі - тереңдік атырау зонасы ысырынды материалдардың толығымен жетпейтін жерінде орналасқан. Тек өзендердің тасқыны кезінде судың жоғарғы қабаттарында тұщыландыру процесі жүреді, ал түбінде теңіз шөгінділерімен қатар өзен ысырындыларының жұқа сазды материалдары орнығады. Негізінен бұл теңіз шөгінділерінің шоғырлану өңірі. Жоғарыда айтылған атырау бөліктері кезі келген өзендердің құйылысында бола бермейді. Мысалы, Еділ және Лена өзенінің атырауларында тереңдік зонасы жоқ.
Атыраудың сырт бейнесі әр түрлі. Кейде өзен сағалары эстуариямен немесе лимандармен бітеді. Әдетте ірі өзендердің атырауы тектоникалық иінді ойпаң орнында қалыптасуы ықтимал, сондықтан олардың қалыңдығы айтарлықтай. Мысалы Миссисипи атырауында төрттік шөгінділердің қалыңдығы 1000 м-ге дейін жетеді.
Атыраудың қалыптасуында өзен шөгінділерімен қатар басқа да факторлар қатысады, сол себептен атырау шөгінділерін ерекше бір геологиялық формация ретінде қарастыруға болады. Бұның құрылымында арна және жайылма шөгінділерімен бірге теңіз тұнбалары, көл, батпақ шөгінділері қабаттаса кездеседі. Көл-батпақтар түбінде өсімдік қалдықтары, шымтезектер (торфяники) пайда болады. Ежелгі атыраулар қойнауында мұнай мен газ кең орындары болуы мүмкін. Әзірбайжанда 100 жылдан бері бұрғылау арқылы игерілген мұнай қоры орталық плиоценнің атырау шөгінділерінде шоғырланған.
Атыраудың теңізге қараған алдыңғы шетінде өзен суы мен теңіз суы қосылған кезде, теңіздің ащы суының әсерінен суда еріген заттар коагуляцияланады (латынша ұю). Сонда теңіз түбінде құмды таужыныстармен бірге өзен ерітіндісінен темірдің, аллюминийдің, марганецтің колоидтары шөгеді.
Достарыңызбен бөлісу: |