Бедердің таулық-мұздықтар пішіндері
Таулы өлкелердегі мұздық түрлері орографиялық орналасу және оректену жағдайларына байланысты сан алуан түрлі И.С.Щукин тау мұздықтарының мынандай түрлерін ажытарады:
1. арлы мұздық (фирн) және қар дақтары - қар деңгейінен биігірек орналасқан өңірлерде таудың жайпақтау келген беткейлерінің ойпауытты жерлерінде түзелген мұздықтар. Бұл қар түскен күйінде жан-жағынан қоршаулы болғандықтан, доғалданып, атып ірі түйірлі қарлар мен мұздардың (линза тәрізді) жиынтығы. Олар мұз басудың алғашқы сатысы болып саналады, немесе үлкен мұздықтардың кішіреюі салдарынан сақталып қалған кіші-гірім мұздықтар;
2. ұламалы көлеңкелі беткейлердің етегінде қар көшкіндерінен жиналған баспалдақ тәрізді мұздықтар (ледники ступенобразных поверхностей).
3. ілінбелі немесе аспалы мұздықтар (висячие ледники) - таудың құламалы беткейлерінде кіші-гірім шұңқырларды толтырады да одан шағын тілденіп қана шығады. Егер мұздықтар қабақтан асып кетсе, онда төмен ұлдырап, жолындағының барлығын қиратып, едәуір апат туғызуы ықтимал.
4. карлы мұздықтар (каровые ледники) - тау басындағы беткейлерде орындыққа ұқсас шұңқырлардың түбінде түзелген шағын мұздықтар.
5. аңғарлы мұздықтар (долинные ледники) жауын-шашын өте мол жағдайда пайда болады. Бұлар мұздық цирктерінен басталып негізгі аңғар арқылы төмен қарай созылып көптеген бүйірлік тарамдармен бірге косылып, бүкіл аңғарды алып жататын күрделі мұздық. (Қаракорым тауларының мұздықтары, Памирдегі үзындығы 72 км-ге жеткен Федченко мұздығы жан-жақтан 20 саласын қосып алады). Мұздықтың орта тұсындағы қалындығы жүздеген метрге дейін болады, төменгі тұсында сүйірленіп кемиді.
6. сөнген жанартау кальдерінде орналасқан кальдерлік мұздықтар (кальдерные ледники);
7. жанартау конустарының мұздығы төбесін жауып жатқан мұздық бөрік (Кавказдағы Эльбрус пен Қазыбектің төбесіндегі мұздықтық бөрік және т.б.);
8. екі биік тау жотасынын, арасынан қоректенген екі жағына бірдей жылжып ағатын қоржын мұздытар (переметные ледники).
9. Норвегия немесе Скандинавия мұздықтарына ұқсас мұздықтар - таулы мұздықтар мен жамылғы мұздықтар арасындағы өтпелі мұздықтар (переходные ледники). Мұздықтардың мұндай түрлері үстірт тәрізді тегістелген тау өлкесін алып жатады. Кіндік ортасынан жан-жаққа таралған мұздық тау өлкесінің шетіне жеткеңде жеке мұздықтық тілдерге (ледниковые языки) бөлініп, төмен қарай жылжиды.
10. айта түзілген мұздықтар (возрожденные лединки) – мұздық жолында биіктеу келген жар қабақты кертпештерге кездескен кезде мұздытың тұтастығы бұзылып, төменгі етегіне кесек-кесек мұз сенгірлеріне бөлініп түседі. Егер осы мұз кесектері еріп үлгермесе, олар бір-біріне жабысып, төмен гипсометриялық деңгейде жаңадан мұздықтар ұрайды.
И.С.Шукин жоғары айтылған мұздықтардан басқа Тянь-Шань тауларында көбінесе қар көшкіндері есебінен өзен аңғарларының бастауында пайда болатын Түркістан мұздықтары тектес мұздытарды белгілеген.
Тауда мұздықтардың пайда болуы қар жұрнағынан немесе фирн дақтары қалыптасу кезеңінен сатылап басталады. Қар шекарасына сәл жоғары тау басындағы беткейлердің ойпауытты жерлерде қыстай жиналған қар жазда еріп үлгермейді. Келесі жылы мұнда тағы да жаңа қар түседі. Сөйтіп қар біртіндеп фирнге, кейін мұзға айналады. Мұздың тұрақты жиналған қоры астында жатқан таужыныстарының аяздық үгілуіне қолайлы жағдай туғызса, ал қар сулары үгілген заттардың төмен қарай сырғып шығуына қамтамасыз етеді. Мұнда температура ауытқып, судың қату және еру процесі кезек-кезек ауысуы нәтижесінде онымен беттескен түпкі таужыныстарының бұзылуын нивация дейді. Соның нәтижесінде жиналған қардың астыңғы жағы төмендеп бірте-бірте тау беткейінде орынды (кресло) тәріздес артқы қабырғасы құламалы немесе тік келген, түбі жайпақ ойыңқы пайда болады. Мұндай бедер пішінін кар (шотландша - орындық) деп атайды (74-сурет). Енді мұздың өз дамуының жаңа сатысына (кезеңіне) кар пішіндес мұздыққа (каровый ледник) көшеді.
74-сурет. Іле Алатау. Саты өзені алабының суайры бөлігінде дамыған кар бедер пішіні (Суретті түсірген Б.Ж.Әубәкіров).
Бедердің кар пішіні аяздан бірте-бірте үгілуі әрекетінен қабырғалардың шегінуі есебінен, гравитациялық ұбылыстар мен мұздықтың түйірлі материалы төмен сырғыту есебінен ұлғаяды. Көлемдері ұлғая келе көршілес жатқан карлар бір-бірімен қосылып, беткейлер бойында ірі және күрделі келген ерекше бедер пішінін - мұздық циркін құрайды. Сөйтіп, карлар мен цирктер мұздықтың қиратқыш жұмыстарының және беткей процестерінің нәтижесі болып табылады.
Кар бедер пішінінің дамуы үшін ең қолайлысы тау беткейлерінің теріскей, ұлама жағы. Әсіресе бедердің мұндай пішіндері таулардың берік таужыныстардан тұратын құзды өңірлерінде айқын білініп, ұза уақыт саталып, таудың ерекше бір көрінісін жасайды. Ал, осал, икемді таужыныстар өңірінде олар өздерінің морфологиялық белгісін тез жоғалтып, сыртқы пішіні су жинағыш шұңқырларға ұқсап кетеді. Карлар мен цирктер әдетте аңғарлық мұздықтардың негізгі қоректену көзі ролін атқарады. Егер көршілес жатқан цирктер ішінара жартылай қосылып кетсе, тау өлкелерінде жеке шошайып тұрған құздық қырқалар немесе карлингтер деген шындар саталуы мүмкін. Мұздық цирктер, карлингтер мен ұзды қырқалар осы заманғы мұз басуымен қамтылған, тау бедерінің нағыз өзіне тән кең таралған пішіндері. Мұндай көрініс альпілік бедер (альпийский бедер) деп аталады. Таудағы мұз басу жағдайы қардың шеқара деңгейімен байланысты болғандықтан, альпілік бедері таудың әр биіктерінде кездесуі мүмкін.
Мұзды цирктерінің (тектоникалык тыныштық және ауа райының бір қалыпты жағдайында) жан-жаққа ұлғайып кеңеюі, фирн бассейнде сол деңгейіндегі шеткі жақтағы тау жоталары мен шындардың "кемірілуіне", немесе өзінше педиплендірілуіне әкеп соғады. Нәтижесінде таулы өлкелерде "эквиплен" деген педипленге ұқсас тау бедері түзіледі. Әрине эквипленнің қалыптасуы тау өлкелеріндегі қар шекарасының деңгейіне байланысты. Мұздықтық тау бедерінің және эквипленнің пайда болу үлгісі 75-суретте көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |