Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Эолдық аккумуляциялық пішіндер



бет64/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Эолдық аккумуляциялық пішіндер. Эолдық аккумуляциялық пішіндері құмдардың, шаң-тозаңның жел әрекетімен шоғырлануы нәтижесінде жер бетінде әр түрлі эолды аккумуляциялық пішіндер пайда болады. Эолдық аккумуляциялық пішіндердің жай түрі - құм үйінділері (песчаные бугры). Бұл алдымен биіктігі -1,2 метрге жететін бұта, дөңбек тас секілді тосқауылдардың ық жағында қалыптасатын кіші-гірім жел бағытына сәйкес созылған дөңгелек дөңестер. Осы дөңестер өсе келе өзі де желге тосқауыл болып, құмдар оның алдында үйіле бастайды. Ақырында тасқауылдар ұмның астында көміліп, биіктігі 5-6 метрге дейін жететін симметриялық эолдық үйінділер түзеледі.
Желдің үрлеген бағытына қарай орналасқан бойлық және көлденең эолдық пішіндерді ажыратуға болады (83-сурет).
83-сурет. Желдің соан бағытына сәйкес алыптасқан құмды бедер пішіндері (Edhard J. Tarbuck, Frederick K. Lutqens, 1990)


ыра ұмдар (грядовые пески) - ұзындығы бірнеше километр, биіктігі 10-м-ден 30 м-ге дейін жететін желдің тұрақты бағытына қарай жаралған құмды тізбек ырқалар Б.А.Федоровичтың (1983) көзқарасы бойынша қырқа құмдар немесе құмдық қырқалар желдің құйын тәрізді таралуынан, құмның жел екпіндерінің жазы бағытта шыр айналып ұшып борауынан алыптасады. Себебі құйынды жел құм түйірлерін төмен өңірлерден ұшыртып әкетіп, солардың арасында пайда болған қырқаларға әкеліп үйеді. Сонымен қатар құм басым желдердің бағытына сәйкес қыра бойымен ауысып жылжи береді де, оның ұзаруына қамтамасыз етеді. Нәтижесінде бір-бірімен жарыса созылып жататын жіңішке қыралар түріндегі құм массивтері қалыптасады. Қырқа құмдардың өздеріне тән сипат белгісі - жел жақ беткейі мен ық жақ беткейінің көлбеулігі жөнінен олардың бір-бірінен айырмасы жоқ. Қыра құмдарды көбінесе өсімдік басып жатады (84-сурет).


84-сурет. Каспиймаңы ойпатындағы жартылай шөп басып кеткен ұмды төбешіктері (суретті түсірген Б.Ж.Әубәкіров)

Құм бедерлерінің мұндай түрлері Орта Азияда, Сахарада, Аравия елдерінде, Австралияда кең тараған. Қазақстанда Аралмаңы, Қызылқұм, Оңтүстік Балхаш, Каспий маңы жазықтарында және Мойынқұм шөлдерінде ең басты бедер пішіндерін құрайды.


Жел бағытына көлденең орналасқан пішіндерге құм шағылдар (барқандар), барқан тізбектері және параболды ұмды дөңдер (параболические дюны) жатады.
Барқандар (құм шағылдар) симметриясыз, үстінен қарағанда жарты айға ұқсаған немесе орақ пішіндес жел ескен бағытқа көлденең орналасқан құм бедері (85-сурет). Оның екі жақтағы ұшы жел соққан бағытты көрсетеді. Жел жақ беті жайпақтау 10-15°, қарсы ық беткейі қысқалау еңкіш - 30-35° дейін жетеді, яғни құмның табиғи құлама бұрышына сәйкес. Екі ұшының арасында жел ұйытқығандықтан ойма шұңқыр пайда болады. Барқанның көлемі әр түрлі. Кішкене барандардың биіктігі 3 м-ден 8 м-ге дейін болады. Атакама шөлінде олардың биіктігі 40 м-ге, көлденеңі 200-300 м-ге жететін түрлері бар. Іле өзеннің оң жағалауындағы Қалқан құм төбесінің биіктігі - 70 м. Барқандар бір орында тұрмайды, жел соққан бағытқа баяу жылжи береді. Мысалы, Қарақұм шөліндегі барқандардың жылжуы ай сайын 12 м-re дейін жетеді.
Үлкең барқандарға қарағанда аз көлемді кішкене барқандар орнынан тез ауысады, олар үлкен барқанның жел жақ беткейімен жылжып, "өрмелеп" отырып нәтижесінде ірі көлемді "күрделі", "полисинтетикалық" барқандар қалыптастырады. Осы барқандардың пайда болуы туралы басқа да үғымдар бар. М.П.Петрованың пікірі бойынша, кішкене барқандардың түзілуі үлкен барқандардың жел жақ баурайындағы құйынның әрекетіне байланысты.


85-сурет. Іле өзен жағалау. Ая алан маңындағы "Әнші ұм".
(суретті түсірген Попов А.В.)

Алматыдан не бәрі 150 шақырым жерде, жоғары айтылған Іле өзен жағаларындағы Қалқан құмды төбелердің өңірінде таң қаларлық табиғи құбылыстар байқалады. Мұнда жел соққан кезде құм үн шығарады. Оның дауысы айналасы ондаған километрге дейін айқын естіліп тұрады. Бұл ғаламат табиғат құбылысын былай түсіндіруге болады: шаң-тозаңсыз таза құм түйірлері желмен ұшқан кезде немесе үсақ түйірлердің құм төбесінен баурай бойымен сырғанап ауысқан жағдайларында, олар өзара бір-бірімен соктығысып үйкелеуінен аздап дыбыс шығарады, ал сусымалы құмнан құрылған биіктігі 70 метрлік кеуекті құм төбе камертон ретінде бұл дыбысты одан әрі күңірентіп, гуілдетіп күшейтеді. Жүрт мұндай құм төбені әнші құм (поющие пески) деп атап кеткен.


Жел бағытына көлденең орналасқан аккумуляциялық құм бедерлеріне барқан тізбектері жатады. Барқан тізбектері деп барқандардың бірінен соң біріне ұзына бойы тізіліп созылған, күрделі барқандарды айтады. Әдетте барқан тізбектері бір-біріне қатар, параллель орналасады. Барқан тізбектерінің ұзындығы әдетте 3-5 км болады, дегенмен ұзындығы 20 км, көлденеңі 1 км, биіктігі 100 м-ге жететін құмды жоталары да байқалады. Жағалық шағылдар (дюналар - нем. dune - құм төбе) - теңіздердің, көлдердің және өзендердің жағаларында жел айдап үюден пайда болған бедер пішіні. Жағалық шағылдар тұрақты жел бағытының көлденең орналасады да, көбінесе қатар тізбектеліп жатады. Олардың биіктігі кейде 300 м-re дейін жетеді, беткейлері ассиметриялы болады: жел жақ беткей жатық 5-12°, ал қарама-қарсы, ық жағы еңкіш -30-35°-ка дейін жетеді. Желдің әсерінен құм төбелер баяу жылжып, егістікті, бақтарды, жолдарды, арықтарды тіпті қыстақтарды басьш калуы мүмкін. Жағалық шағылдар Батыс Еуропаның Атлант мұхиты жағалауында, Балтық теңізі, Ладога, Онега, Балқаш көлдері мен Арал маңында кең тараған.
Эолдық аккумуляциялық пішіндерге жеке пирамидалдық жағалық шағылдар (дюналар) жатады. Мұндай эолдық түрлер өте сирек кездеседі. Пирамидалдық құм шағылдар әр бағытта соан желдердің иылысу әсерінен пайда болуы ықтимал. Мұндай құм шағылдар Сахарада және Орта Азиядағы құмды шөлдерде етек алған. Солтүстік Дағыстанда көлемі өте ірі Сарықұм деген жеке құм шағыл бар. Оның бйіктігі 15 м-ден асады. Ол әр бағыттағы жел ағындарының қиылысқан жерінде орналасқан. Желдің бір бағыты солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа немесе кері бағытта Дағыстан жоталары етегін бойлап ұйытқыса, ал екіншісі оған көлденең Шура өзені аңғарының бойымен жоғары немесе судың құйылысына қарай төмен соғады. Биіктігі 150 м-лік пирамидалдық құм шағылдар Ирандағы Деште Лут шөлінде де кездеседі.
Қуаңшылық аймақтардағы теңізге жақын орналасқан тау жоталарының етегінде гшрамидалдық құм шағылдарға ұсас ұмды түзілімдер жиі кездеседі. Бүлардың биіктігі 150-200 м. Құм шағылдардың қоректену көзі - теңіз жағалауларының бойындағы құмдар. Бұл жағдайда теңізге төніп тұрған биік тасты құздар қозғалмалы құмдардың табиғи бөгеті болып тұрады.
Жоғарыда айтылған барлық құм үйінділерінін. жел жақ бетінде жел бағытына көлденен. үшырасқан күрделі түрде ирелендеп тарамдалған толқындар іспетті шағын-шағын микропішіндер жүйесін – эолдық (жел) иірім белгілері (эоловая рябь) дейді. Бұлар құм үйінділерінің ішіндегі ең тұрақсыз, қозғалмалы, әрдайым желдің динамикалық ықпалына бейімделген ерекше микропішіндер. Соққан жел ұшырып алып келген құм түйірлерін осы иірімдердің ық жағына айдап үйеді. Соған байланысты жалпы құм үйінділері үнемі жыл сайын бірнеше сантиметрден бірнеше ондаған метрге дейін ілгері жылжып отырады. Нәтижесінде олардың жолында түрған неше түрлі құрылыстарды, ағаштарды, бұталарды көміп тастайды. Көшпелі құмның халық шаруашылығына едәуір зияны бар. Тарихта көне заманнан белгілі шөлді аймақтардың ірі алалары, гүлденген алқаптар, бау-бақшалар түгелдей құм астында көміліп қалғаны баршамызға аян.
Қуаң климатты елдерде құрылысты салу және ауыл шаруашылығыньщ жарамды жерлерін ұқыпты пайдалану үшін алдымен лайықты шараларды қарастырып, жылжымалы құмдарға қарсы әрекет жүргізілуі тиіс. Осы мақсаттар жүзеге асу үшін қазіргі кезде бірқатар тәсілдерді пайдаланады: 1) құмның жылжу жолын бөгеу үшін қыстыгүні қар тоқтатқандай қалқандар қою; 2) құмға өсетін өсімдіктерді (бұталар, қарағайлар, ормандар, шөптер) өсіру негізгі тәсілдің біріне саналады; отырғызылған өсімдіктер өзінің тамырын жая отырып, құмның беткі қабатын сәл бекітіп қозғалтпайды; 3) мал жайылған жерлерді ұқыпты пайдалану, әсіресе шөпті басып тастаған мал айдалған жолдарға назар аударып, тиісті шаралар жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет