Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
Қазастанның шөл және шөлейт жерлерінде, әсіресе, Маңғыстау мен Үстірт аймақтарында адам бойынан биік әр түрлі тас бағаналар, тас саңырауқұлатар (81-сурет), тас шарлар өрген 1 қойдай жайылып жатыр. Олар көбінесе тасашалау (корразия) мен үрлену (дефляция) әрекетінен пайда болған. Жел айдаған миллиондаған құм түйірлері көбінесе жердің бетінен 1-2 м биіктікте ұшады. Сонда жартастардың сол деңгейдегі жатқан ірге тасын жел құм түйірлері арқылы қашап, жонып, тырнап, қырып, бұзып айдап алып кетіп, ұсатып кейін эолдық "тас бағаналар", дөңгелек келген тасберіштер (конкрециялар), "тас мұнаралар" сияқты ерекше бедер пішіндерін құрайды. Сөйтіп желмен ұшқан ұм түйірлері сыртын өңдеп механикалы әсер етеді.
81-сурет. Маңғыстау. Тасты саңырауұлатар (суретті түсірген В.П. Олексенко).
Жел қаққан жартастардың пішіндері олардың құрамы мен ұрылысына тығыз байланысты. Жел өзінің табиғи әрекетіне орай нығыздығы шамалы икемді таужыныстарға ықпал етіп, яғни құм және құмайт түйірлерін үргілей отырып, олардан неше түрлі уыс, терең айғыз шұңқырлар қуыстарды, әр тереңдікті және әр көлемді шұңқырларды қашап шығарады. Мұндай жерлерде берік таужыныстардан құралған неше түрлі жануарларды, отырған құсты, басынан дулығасын шешпей ұйықтап жатқан алпауытты, сақалы ұйысқан шалды, шөккен түйені, қапа-дарбазаны, қамалдарды т.б. елестетін мүсіндер түзеді. Желдің осылайша қатты, берік таужыныстарды бөліп ақпалау әрекетін эолдық ашау (препарировка) деп атайды. Дефляция деп желдің әсерінен борпылдақ таужыныстардың үрленіп ұшуын айтады. Дефляция процестердің әсерінен шаң-тозаңдардың үрленіп ұшыу және ұйындардың жиі болатынын шөлді аймақтарда жиі байқалады. Солардың әсерінен жер бетінде дөңгелек тәрізді, немесе жел соққан бағытына қарай созылған сопақ пішінді көлденеңі оншақты метрге немесе жүздеген метрге жететін қазаншұңқырлар (котловина выдувания) пайда болады. Кейбір жерлерде осы дефляция нәтижесінде пайда болған бедердің теріс пішіндерін ярданг (82-сурет) деп атайды. Кейбір жағдайда дефляцияның әрекеті басқа үгілу процестерімен қосылып қазаншұңқырлардың түбін әрі қарай тереңдете түседі. Осылайша түбі өте терең, көлемі аса зор ойпаңдар пайда болады. Мысалы, Каспий маңындағы Қараия ойпаңының түбі жердің бетінен 300 метр төмен жатыр, ал теңіз деңгейімен салыстырғанда оның түбі 132 метрге дейін төмен түсіп кеткен.
82-сурет. Дефляция ¼рекетінен пайда болған "ярданг" бедер пішіндері
Дефляциялы процестер ауыл шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Мысалы, жерді соқамен ұқыпсыз жыртқан кезде желдік эрозия (ветровая эрозия) пайда болуы мүмкін. Егер мұнда жыртылған жерлер тиісті қамқорлыпен пайдаланбаса, топырақтың жоғары құнарлы гумус қабаты өзінің тиісті құрылымын жоғалтып, желмен ұшып айдалып кетеді. Нәтижесінде жел эрозиясы мемлекетке жыл сайын көп зиян тигізеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, кейде 1 гектардан 125 тонна құнарлы топырақ желмен ұшып кетеді екен.
Тасымалдану. Жел жер бетіндегі ұсақ шаңдарды, тозаңдарды, құмайтты, құмдарды үрлеп көтереді де, оны бүкіл жер жүзіне тасымалдайды. Мысалы, 1883 ж. Индонезиядағы Кракатау жанартауы атқылағанда оның күлі соншама биікке көтерілген, сөйтіп үш жыл бойында жерді үш рет айналып, аспанда ұшып жүрген. Тасымалдану жолының алыс-қашықтығы біріншіден үгінді бөлшектерінің көлеміне және ауырлығына, олардың пішініне, екіншіден, жел күшіне байланысты болады. Ірілеу кесектер де құйын, дауыл кезінде жер бетінен көтеріліп, бірнеше мәрте ұшып, жерге аунап түсіп, домалап отырады. Мұндай тасымалдануды "сальтация" дейді. Ал, Эолдық тасымалданудың басты қүрамы құм үгінділері. Олар көбінесе жер бетінен 1-2 метр биіктікте үшады. Соның 80% жел ұйынының аса төменгі қабатында 10-20 см биіктікте жылжиды. Сонда күм бөлшектері бір-бірімен соқтығысып, қақтығысып гуілдеген дыбыс шығарады, соқтыққан құм уатылып-ұсақталып, тегістеліп жалтырайды. Кварц түйірлері минералдардың ішіндегі ең бір қаттысы болғандықтан, құмдар ұрамының негізгі бөлшегі болып саналады.
Ал шаң-тозаңның тасымалдануы әдетте едәуір биіктікте болады. Шаңды дауыл кезінде ауа, биіктігі жүздеген метрге дейін ұса-тозаң бөлшектерге толып, олар желдің ықпалынан талай жерге тасымалданады.
Құм-тозаңның қаншалық алысқа жететіндігін бір-екі мысалдан білуге болады. Мысалы, Ауºан шөлдерінен ұшқан шаң Қарақұмға дейін жетіп, шөгеді. Қарабұғаз шығанағының суалған түбінен көтерілген тұзды тозаң Каспий теңізінен басып өтіп, Әзірбайжан бау-башаларының үстіне қонады. Сондай-ақ құрып бара жатқан Арал теңізінің түбінен ұшқан орасан мол тұзды шаң-тозаң Қазақстан шекарасынан тыс көптеген Еуразия елдерінің егіс даласына шөгіп, зиян тигізгені баршамызға аян.
Жалпы эолдық құмдардың жаралу тегі - өзен, көл, теңіз шөгінделерінен және эллювийлік шөгінділердің жел әрекетінен ұшып ұйытқылауынан пайда болған. Мысалы, Қарақұм ерте замандағы Әмударияның, Қызылқұм-Сырдарияның, Мойынқұм-Талас пен Шу өзендерінің, Балхаш маңындағы Іле өзенінің және көлдер құм шөгінділерінің желмен қайтадан ұшуынан түзелген.
Достарыңызбен бөлісу: |