Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Лёсстен құрылған бедер пішіндері



бет65/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Лёсстен құрылған бедер пішіндері
Аккумуляциялық бедер пішіндердің ұрған лесс таужынысы жер бетінде кең ауқымды алып жатыр, сондықтан мұны ерекше тақырыпқа бөліп талқылауды жөн көрдік.
Лесс Қазақстан мен Орта Азияның шөл мен шөлейт аймақтарының шеткі зоналарда ұштасатын биік тау етектерінің ық жағында және тау баурайының әр деңгейінде жиналған. Олардың негізгі көздері көршілес жатқан кең ауқымды құмды массивтер (Қарақұм, Қызылқұм, Мойынқұм, Балаш маңыңдағы құмдар және т.б.) болып табылады. Лессті таужыныстар Орыс жазығының оңтүстік бөлігінде, Қытайда (Лесс провинциясы) және тағы басқа аймақтарда кездеседі.
Лесс төрттік кезең шөгінділерінің арасындағы кең тараған таужыныстардың бірі. Оның басқа таужыныстармен салыстырғанда өзіне тән мынадай төменгі асиеттері бар.
Лесс (нем. Loss - жұмса, болбыр) негізінен диаметрі 0,1-0,01 мм аралығындағы өте ұсақ бөлшектерден тұратын құмайтты, жақсы іріктелген таужынысы. Құрамында құм бөлшектері (1-0,1 мм) өте аз, олар 1 %-тен аспайды, сазды топырақтар (0,01 мм-ден кіші) - 15%-тен 40%-ке дейін, коллоид факциялары -2,15%.
Минералдық құрамына қарағанда лесс көбінесе кварцитті болады, ол барлық бөлшектердің 50%-ін, кейде 80-90%-ін құрайды. Мұнымен қатар лесстің құрамында дала шпаты, слюданың қабыршықтары, карбонаттық түйірлер (10-25%) акцессорлық минералдар да бар. Бытыраңқы тараған карбонатты бөлшектерден басқа лесстың құрамында тырнатастар (журавчики) деп аталатын ізбесті тасберіштер (конкрециялар) көп кездеседі. Бұл тасберіштердің ішкі жағы әдетте қуыс болады. Карбонаттармен қатар лесс топырағында уақ саңылаулар өте жиі таралған. Бұл лесстың өзіне тән борпылдақ қасиетінен басқа құрамында өте кішкентай, домалақтау келген тік бағытта орналасқан әк түтікшелерінің болуынан. Осы қуыстар лесстың шоғырлану кезінде жер бетінде қалған өсімдіктердің түбі мен сабақтарының қалдықтарынан пайда болған.
Лесс таужыныстарының өзіне тән қасиетінің бірі - шөгу қасиеті. Оның бұл қасиетті былай деп түсіндіруге болады: айта-қайта дымқылданып, ылғалды мол сіңірген және кеуіп қалған жағдайларда лесстың көлемі үстіне салмақ түскен сайын кеміп, шөгіп отырады, сөйтіп, оның үстіне салынған құрылыстар деформацияға ұшырап қирауына әкеліп соқтырады. Демек, лесстың шөгу қасиеті оның ұсақ кеуекті қуысты болуына және карбонаттылығына байланысты. Ал, құрғақ кезінде лесс едәуір берік. Сонымен, қатар лесс дәнекерленбеген жұмсақ таужыныстарына жатады, оны қолмен оңай сындырып, күрекпен қазып алуға болады.
Лесс таужыныстарында қабатталу белгілері байқалмайды. Бұл біркелкі бөліктерден тұратын бағана тұрқылас пішіндер, құлама құздар мен тік жарлар түзуге бейім таужынысы (86-сурет).


86-сурет. Лёсс бағаналары (Геологиялы сөздік. Пекин, 1983).
Лесстың түсі ашық-сары, сарылау, сұрғылттау, ашық-сұр болып келеді. Сондықтан, лессты - сары топырақтар деп те атайды. Лесс таужыныстары көбіне төрттік кезеңде қалыптасқан, кейде неоген түзілімдерінде де кездеседі. Сөйтіп, лесс өзгеше, өзіне тән, басқа шөгінділерге ұқсамаған, ерекше қалыптасқан таужынысы. Ерекше көңіл аударатын бір жайт - жоғарыда айтылған таужынысының қасиеттерінің жиынтығы тек лесстің өзіне ғана лайықты деп санауға болады. Егерде осы қасиеттердің біреуі ғана болмаса, онда ол лесс емес, ол лесске ұқсас сазды топырақ немесе лесске ұқсас құмдақтар (лессовидные суглинки).
Жер бетіндегі лесс және лесске ұқсас таужыныстарының аумағы 13 млн. км2-ден астам, олар бүкіл жер бетінің 10% алып отыр. Кейбір жерлерде лесстың қалындығы 100 м-ге дейін жетеді. Жер бетіндегі бедердің әр түрлі пішіндері мен және элементтерімен байланысты лесстың кеңістікте белгілі геоморфологиялық орны жо Таулы аймақтарда олар теңіз деңгейінен 4000 м. биіктікте кездеседі. Мысалы, Орта Азия мен Қазақстанда лесс таужыныстары өзен аңғарларының бойында, тіпті биік-биік суайрық үстінде, таулар етегінде, және таулар арасындағы ойыпандарда жиі тараған. Яғни, лесстер бедердің кез-келген пішіндері мен элементтерінің бетін тұтас желек түрінде жаппай көмкеріп жататын қалындығы бірнеше метрге жететін жамылғы түзілімдер. Лесске ұқсас топырақтар одан да кең тараған. Бұлар, әдетте, жер бетінде жамылғы таужыныстарға жатады және көбіне қуаң климататтық аймақтарда және шөл далаларда, жайпақ суайырықтарда жиі кездеседі.
Лесс таужыныстарының қалыптасуы туралы ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар.
Олардың ішінде ғарыштық (космостық) (Кейльгак, 1920); теңіздік, көлдік, сулы-мұздықтық (Кропоткин, 1876); Докучаев, 1892) эолдық-мұздықтық (Тутковский, 1899); эолдық-делювийлік (Рихттофен, 1877); Эолдық (Обучев, 1911); топырақтық-элювийлік (Берг, 1916); аллювийлік (Ляйель, 1864); делювийлік (Павлов, 1887); жанартаулық (Тегурри, 1957) генезистері бар. Осы жаралу тектерінің болжамдарына шолу жасағанда, лесс қабаттары әр түрлі жолмен қалыптасқан деген келісімге келуге болады. Лесс әр генезиске жататын таужыныстардың петрографиялық түрі. Басқа сөзбен айтқанда, лесс таужыныстары үшін белгілі литологиялы және физикалық қасиеттерінің ұштасуы тән және олардың қалыптасуы әр түрлі географиялы жағдайларда бола береді. Мысалы, оны Евразия материгінің Азия бөлігіндегі таулардың биік зоналарынан бастап, төмен өңірлердегі барлық бедер пішіндерінде кездеседі деуге болады. Лесстың таралуы әр жерде әр түрлі. Көптеген ғалымдардың жорамалы бойынша лесс жел әсерінен ұшқан шаң тозандардың жиналуынан пайда болған. Олар Орталы Азияның шөлдер мен шөлейт массивтерінің шеткі зоналарында тараған. Дүние жүзіндегі биік таулар (Тибет, Куньлунь) баурайларының әр деңгейінде және айта шайылып шөккен тау етегіндегі делювийлік-пролювийлік шөгінділерде кездеседі. Орта Азиядағы ең үлкең Тарим ойпатында желдер Тибеттен, Памир тауларынан мен Тянь-Шань тауларынан соғады, солардың ішінде Моңғол таулы қыратынан соққан жел ең басымды және олар Такла-Макан шөл бедерлерінің қалыптасуында елеулі роль атқарады. Нақ осы солтүстік-шығыстан Тарим ойпатына алай-дүлей соан көктемгі кезеңдегі қара дауылды орыс саяхатшылары Н.М.Пржевальский (1875-1876), В.А.Обручев (1900-1901) суреттеген. Нәтижесінде Такла-Макан шөлінің көп бөлігінде әржақтан ұмтылған желдер аса зор аумақты (биіктігі 100-150м.) жылжымалы барқан тізбектерін құрады. Такла-Макан шөлінің ортасында ауа жылынуының салдарынан ауа массасы жоғары 1,5-2 мын, метрге дейін биіктікке көтеріліп, ауа ағысы арқылы жан-жаққа тарайды. Ауамен бірге көтерілген шаң-тозаң желдің жылжу жылдамдығы бәсендегеннен кейін шөлдің шет жағаларында шөгеді. Нәтижесінде Такла-Маканның оңтүстік жиегіндегі тау етегіндегі және 3000-4000 метрге дейін биіктікке жеткен тау баурайларында лесс топырағы кездеседі.
Енді Оңтүстік Балқаш маңындағы және Іле өзені аңғарындағы құмдар мен лесстің орналасу жағдайларын қарастырайық. Балхаш маңының Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағытта алмасып отыратын маусымды желдер Тауқұм және Сарыесік Атырау тізбекті құм массивтерін құрайды және осы желдердің тең әсерлі бағыты бойынша (по направлению равнодействия этих ветров) тізбекті құмдар оңтүстік-шығыс бағытқа созылып жатыр. Мұнда желдің орташа жылдамдығы 6-7 м/с, ал кейбір күндері секундіне 40-м-ге дейін жетеді. Бірақ Іле Алатауына жақындаған сайын желдің жылдамдығы бәсеңдейді. Мысалы, Алматы қаласынан небары 70 км-қашықтықта орналасқан Қапшағайдағы ұйындатқан жел бүкіл елге мәлім, ал Іле Алатауы бөктеріндегі тау етегіндегі жазығында жел мүлдем жоқ деуге де болады. Анда-санда ғана таудан жазықа және жазықтан тауға соққан желдерді байкауға болады. Қазіргі кезде Іле Алатауының етегіндегі Алматыдан жоғары дамыған жазық бетті саты тәрізді тау бөктеріндегі төбешіктер (прилавки) түгелмен дерлік лесс материалынан құралған. Лесс орман белдеуінің жоғары шекарасына дейін, яғни 2600-2800 метр биіктікте тараған. Тау баурайында жатқан лесс, әрине, кейінгі деллювийлік шайылу процесіне ұшыраған, сондықтан лесс шөгінділерінде кейде қабатталу белгілері де пайда болуы ықтимал, немесе таудан шайылған қиыршық тастармен де араласады.
Орталық Қазақстанның шоқылар аймағы, әсіресе оның оңтүстік жағындағы тасты шөлдер мен орталық жағындағы шөлейттер және ұрға дала зоналары ежелден бері жалғасып келе жатқан дефляция процесіне әбден ұшыраған аймақтар. Осындай шанды құрғақ дауылды Қарағанды қаласының тұрғындары "қарағанды жаңбыры" дейді екен.
Лесстердің ыстық климатты аймақтарда таралуына байланысты оларды "жылы" немесе "шөлдік" лесстер деп атайды. Сонымен қатар мұздықтардың еруіне байланысты лесстер мұздықтармен шектес жатқан кең ауқымды неригляциялық жазықтарда еріген мұздық сулардың жайылуынан тұнған өнімдер деп ғалымдар пайымдайды. Оларды "салқын лесс" деп атап кеткен.
Қорыта айтатынымыз, ең алғаш лесс туралы ойлар, пікірлер туралы әр саладағы ғалымдар әр түрлі әдістемелік жолмен зерттеген, сондықтан өзара келіспеушіліктер туған. Кейін геологтардан бастап, топырақтанушылар, литологтар, геохимиктер, географтар, грунтанушылар және т.б. саладағы ғалымдардың кешенді зерттеулері арқылы біраз іс атқарылды. Нәтижесінде, лесстың қалыптасуы қоршаған ортаның әр түрлі табиғат жағдайына байланысты екенін айқындады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет