Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы



бет42/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Өзен жайылмалары

Өзен аңғарының су тасу кезіндегі сумен түгел тоғытылатын тегіс түбі жайылма деп аталады. Аса меандрланып қалыптасқан үлкең өзендерде жайылма аңғар түбінің едәуір бөлігін қамтып, арнаның біресе оң, біресе сол жағына орналасады. Алайда, өзендердің көпшілігі аңғар жиектерінің бір жағына ауысып (солтүстік жарты шарда оң жаққа) ағатыны белгілі, сондықтан жайылма көбінесе арнаның бір жағында болады.


Жайылманың биіктігі судың көтерілу деңгейіне байланысты аласа және биік жайылмаға бөлінеді. Жыл сайын су тасу кезінде сумен басылатын жайылманы аласа жайылма, бірнеше жылда бір рет судың астына кететін жайылманы биік жайылма деп атайды. Аласа жайылманың биіктігі 0,5-2 м, ал биік жайылманың биіктігі 2-3 м-ден 5-6 м-ге дейін барады, ені жазытағы өзендерде әр түрлі - бірнеше ондаған метрден бірнеше километрге дейін жетеді. Жайылманың беті тасыған сумен әкелінетін салындылармен жабылып өзгеріп, жаңарып тұрады. Жалпы жайылма бетінің жазык-тегіс болуына қарамастан, ол әр түрлі микро- және мезопішіндермен көзге түседі. Оның үстіне ескі арнаның орақ тәріздес бөліктері, көлдер, көлшіктер, батпақтар, ұм жалдары, үйінділер, конустар, жыралар, сала тармақтары жиі кездеседі.
Жайылманың морфологиялы жіктемесін алғашқы рет В.Р.Вильямс жасап, кейін Р.А.Елековский (1935) түзетті. Төменде жайылмалардың негізгі түрлері қаралады.
Сегментты жайылмалар (сегментные поймы) меандраланған өзендерге тән, яғни өзендердің меандрлану процестерінен пайда болған аңғардың бірнеше бөлікшелерге - сегменттерге бөлінген түрі. Сегментті жайылмалар арнаның біресе сол, біресе оң жағында орналасқан. Олар жайылма алқалар деп аталынып, негізінде үш бөліктен - арна бойындағы, орталық және терраса маңындағы жайылмалардан тұрады.
Арна бойлық жайылма, аласа құмды өзеннің жағасындағы жаңадан құралған жайылманың бір бөлігі.
Жайылманын орталық бөлігі үсті тегіс немесе сәл белесті болып, құмды жалдармен көмкеріледі. Бұл жалдар арна бойы параллельді алыптасып жайылмалы аллювиімен жабылған.
Террасамаңы жайылма аңғардың байырғы жағасына немесе террасаларға жақын қалыптасқан. Бұл аңғардың ең көне және төмен бөлігі. Көбіне батпақты болып кейде көлшіктер алқасын камтиды.
Жалды жайылмалар (обвалованные поймы) өзеннің түзу бөліктерінде, арнаның екі жағында малтастардан, құмнан құрылған жалдардан тұрады. Мұндай жайылмалар тау етегінде көлбеу жазытытардың үстінде дамыған өзендерде пайда болады. Таудан шыға берісте ағын жылдамдығының кеңет төмендеуіне байланысты көпетеген тасымалданған материал бірден шоғырлана бастайды. Арнаның екі жағынан қалыптасқан ұмды жалдармен қатар оның түбі де көтеріле береді. Нәтижесінде өзен арнасының деңгейі қоршаған жазықтың деңгейімен салыстырғанда биіктеу болып калады. Көктемгі су тасу кезінде судың біраз бөлігі жалдарды бұзып, кейін арнаға қайта алмай едәуір аумаққа жайылып кетіп, үлкең тасын су түзеді. Соңында көл, батпақ, су тармақтары және т.б. пайда болып, лайлы материал тұнып қалады.
Параллельді - жал тәрізді (параллельно-гривистые) жайылмалар кең ауқымды үлкең өзен аңғарлары бойында қалыптасады. Олардың пайда болуы кориолис күші немесе жаңатектоника әсерінен өзеннің тұрақты түрде бір жаққа ығысып, бір-біріне параллельді жалдардың түзілуіне байланысты. Кейде жал аралық ойпаңдарда арна бойымен созылған көлшік түзілімдер қалыптасады. Параллельді-жалтәрізді жайылмалардың сегмент жайылмалар-мен салыстырғандағы айырмашылығының бірі - олар аңғардың тек бір жағында ғана орналасады.
Өзен жайылмалары ауыл шаруашылығында кең қолданылады, олар жалпы шабындық ретінде, бақша дақылдарын және басқа өсімдікті өсіру үшін пайдаланылады.
В.В.Ламакин аллювийді динамикалық калыптасу жағдайына қарап инстративті, перстративті және констративті аллювий деп бөлді.
Инстративтік аллювий өзеннің бойлы кескінінің қалыптастырмаған жағдайларында, бүйірлік эрозия тереңдік эрозиямен қоса жүрген кезде түзіледі. Оны түпкі таужыныстардан ұралған, кейде шамалы күрделенген, аңғардың құламалы бойлық бейнесі дәлелдейді. Аңғардың дамуының бұл кезеңінде борпылдақ материалдың кері балансы байқалады, демек өзенге ағындылардың тасымалдау мөлшерінен аз мөлшерлі үгінділер келіп түседі. Инстративтік аллювий, ірі сынықты таужыныстармен, яғни арналық фациямен сипатталып, негізінде эрозиялық террасаны құрады.
Перстративтік аллювий өзеннің қалыптасқан немесе жартылай қалыптасқан бойлық кескін жағдайларында түзіледі, яғни өзенге келіп түсетін және өзеннен ағып шығатын борпылдақ материалдардың мөлшері бір-бірімен динамикалық тепе-тендікте болады. Меандрлардың еркін ығысу жағдайларында өзен салындыларын жуып-шайып, өңдеп кайта шөгеді. Аңғардың көлденең қимасында перстративтік аллювийдің табаны біркелкі тегіс болып ерекшеленеді. Перстративтік аллювий әдетте біралыпты қалыңдыта кездесіп, эрозиялық – аккумуляциялық террасаны ұрайды.
Констративтік аллювий едәуір калындығымен, қимасында аллювийдің арналық, жайылмалық және ескіарна (көлдік) фацияларының бірнеше рет қат-қабаттасуымен ж¼не аллювийлік материалдың бірінің үстінде - бірі үстемеленуімен сипатталады. Констративті аллювийдің алыптасуы негізінде жер қыртысының төмен тусуімен немесе белгілі бір физикалы-географиялық жағдайларында аллювийлік материалдың шегінен аса шөгуімен жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет