Пенеплен, педимент, педиплен және тегістелу беттері туралы түсініктер
Беткейлік процестер беткейлердің жазыкталуына және тегістелуіне, бедердің бір пішіндерінен басқа пішіндерге ауысуына әкеліп соқтырады (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988). Егер қандай да бір жер бетінің бөлікшесі көп немесе аз уақыт тектоникалық тыныштыта болса, онда ертерек пайда болған беткейлер денудация агенттерімен жазықталып суайрық аймақтары жан-жақтан, әсіресе үстінен үгілу процесі нәтижесінде жойылып, "желініп" төмендеп отырады да, бұрынғы көтеріңкі және тілімденген таулы өлкелер орнында В.Дэвис атаған "пенеплен" деген кең белесті жазық қалыптасады. Мұндай жоғарғы жағынан тегістелген денудациялық жазықтардың түзілуі ықтимал және олар табыиғатта бар (42 а -сурет).
Алайда көбінесе беткейлердің дамуы және денудациялық жазықтардың пайда болуы басқа жолмен, яғни беткейлердің бір-бірінен паралелді шегінуінен де калыптасуы ықтимал. Мұндай табиғат құбылысы "педиплендену" процесі дейді, ал осы жолмен қалыптасан жазықтарды "педиплен" деп аталады (42 б - сурет).
42-сурет. Пенеплендену және педиплендену процестері: (а) - В.Дэвис бойынша, (б) - В. Пенк бойынша.
Суайрықтардың жойылу бағыты жебелермен көрсетілген; 1, 2, 3, 4, 5, 6 - пенеплен және педиплен дамуының кезеңцері.
Педиплендену процесінің алғашқы қалыптасқан жай тұрі шегінген беткей етегінде байырғы таужыныстардың үстінде пайда болған көлбеу алаңшаның, яғни "педименттің" дамуы. Алғашқыда беткейлердің етегі осы баурай шөгінділерінен қурылған шлейфпен жамылады. Беткей неғұрлым шегінген сайын, соғұрлым олардың өз-өзінен шегінген баурайлар бөлігі үгілу әсерінен жойылып кеми береді, сонымен қатар шөккең шлейф материалы тау бөктерінен алыстап, азайып кетеді де, нәтижесінде шегінген беткей етегіндегі байырғы таужыныстар жалаңаштана бастайды. Осы айтылған процесс барысында беткей етегінде қалыптасқан көлбеу жазықтық, яғни "педименттер" пайда болады (43-сурет).
43-сурет. Түпкі таужыныстардың үстінде қалыптасқан тау етегіндегі көлбеу жазықтық (педимент).
Педименттер жүйелерінің" тау бөктеріндегі баспалдақтар" тұрінде қалыптасуын деп алғаш рет В.Пенк, ал жазықтар өлкесінде Л.Кинг зерттеген. Мұндай көлбеу жазықтар үстірт өлкесінің айналасында да кездеседі. Әдетте әр төбешік баурайларының бір-біріне паралелді шегінгенін - бұлардың бір-біріне қарай жаындап қосылуы деген мағынада түсінуге болады. Осындай төбешіктердің жан-жағынан шайылып - жойылуы есебінен таулы өлкелердің аумағы біртіндеп азаяды да жайпақталып төмендейді. Нәтижесінде педименттер бір-бірімен қосылып біртұтас тегістелген жазықа -педипленге айналады (44-сурет).
44-сурет. Тау жұрнатарымен күрделенген педиплен (Н.В.Башенина бойынша).
Педиплендіру процесін зерттеп аса зор еңбек сіңірген Л.Кинг. Ол педиплен түзелу үшін шөлейт аймақтың ауа райы аса қолайлы деп есептеген. Л.Кингтің айтуы бойынша, шөлейт жағдайда педиплен ұрылуының негізгі факторлары - нөсер су арқылы таужыныстарды беткей бойымен шаюы және қарқынды физикалық және гравитациялық процестердің, яғни опырылмалардың, көшкіндердің, жылжымалардың т.б. көрініс беруі.
Н.В.Башенина мен М.В.Пиотровский бұл пікірге қосылып, сонымен қатар педиплендену және пенеплендену процестері басқа да климаттық белдемдерде болуы ықтимал, бірақ әрқайсысында өзіне тән айырмашылығы бар деп тұжырымдаған. Пенепленнің қалыптасуына ең қолайлы жағдайлар – қоңыржай гумидтік климаты дамыған тектоникалық платформалық өңірлер, мысалы Орыс жазығының орталық және солтүстік жағы, АҚШ-тың оңтүстік-батыс және орталық бөліктері.
Аридті шөлейт жағдайларында беткейлердің дамуы алдымен олардың шегінуімен және педиментпен жұрнақты төбешіктердің (останцовые горы) қалыптасуы арқылы жүзеге асады (45-сурет).
45-сурет. Қара-Бұғаз көлінің жағалауы. Төрткіл жұрнақты таулармен күрделенген педимент жазытығы (Н.И.Андрусов бойынша).
Шөлейтті аймақтарда педименттер дамыған сайын климаттың ұрғақтануы біліне бастайды. Бұл жағдайда өзендер мен уақытша су ағындары жауын-шашын мөлшерінің жеткіліксіздігінен беткейлерден келіп түсетін борпылдақ материалды тасымалдай алмайды. Өзен аңғарлары және төмендеу жатқан ойпаңдар мен сай-салалар үгінді материалмен толып қалады да, қалың қабатты беткейлік шөгінділерінің арасында әр жерде шошайған жұрнақты таулардың шоқылары көрініп тұрады.
Шөлді аймақтарда тегістелудің негізгі процесі - педиплендіру. Алдымен беткей етегінде педименттер құрылады, олар кейін ұлғайып бірімен-бірі бірігіп, тік беткейлі жұрнақты таулармен күрделенген педиплен қалыптасады. Климаттың аса құрғақтануынан, сол сияты қолайлы геологиялық жағдайларда кең аумақты ірі сынықты материалмен көмкерілген педименттер, яғни тасты шөлдер құрылады. Мұндай тасты шөлдер Сахарада, Ливия шөлінде, Батыс Австралияда, АҚШ-тың батысындағы Үлкең бассейн өлкесінде, Қытай және Монғолиядағы Гоби шөлдерінде кездеседі.
Тропиктік солифлюкция кең дамыған ьшғалды аймақтарда бедердіі тегістелуі пенеплендену және педиплендену жолдарымен қатар жүреді. Кең көлемде дамыған латеритті әбден ылғалданған сазды топыра бедердің көтеріңкі жерінен төменге қарай жан-жаққа сырғиды. Бұл беткейлердің жоғары бөліктерінің сырғуы мен олардың жайпақталуына әкеп соғады, соның салдарынан бұл өлкеңің тегістеліп төмендеуі, яғни пенеплендену процесі жүзеге асады. Сонымен қатар тік құлама беткейлер бойында да педиплендену процесі жүріп жатады. Н.В.Башенинаның айтуы бойынша, беткейлер етегінің аса мол ылғалдануы сол баурайларды үңгіп қазу ролін атқарады, ал беткейдің төменгі жағындағы тепе-тендік бұзылғаннан кейін оның жоғарғы бөліктері де құлдырай бастады. Мұндай жағдайда беткейлер өте жылдам шегінеді.
Арктикалық және субарктикалык климат жағдайларында тегістелу беттердің негізгі механизмі - педиплендену. Аязды үгілу мен солифлюкция, сол сияқты нивальдық процестер беткейлердің шегінуіне, педименттердің және содан кейінгі педиплендердің құрылуына әкеліп соқтырады. Арктиканың және субарктиканың биік тауларында педиплендену нәтижесі "гольцалық террасалар" (гольцовые террасы) болып табылады. Тау өлкелерінің бөктерінде қардың көптеп жиналуына мүмкіндік туып, бұл жерде аязды үгілудің қаржеміру (нивалдық) және солифлюкциялық процестердің дамуына қолайлы жағдай туады.
Сонымен, педипленнің ұрылуына шөлдер мен шөлейттер, арктикалық және субарктикалық белдемдер, климаты тым континенттік болып келетін қоңыржай белдемдер қолайлы болады. Ылғалды қоныржай климатты аймақтарда немесе тропикалы белдемдердің гумидік аймақтарында тегістелу процесі пенеплендену мен педипленденудің бірдей атысуымен жүреді.
Жалпы пенеплен мен педиплендердің алыптасуы бедердің төмендей даму жағдайларында (в условиях нисходящего развития рельефа), яғни экзогендік процестердің эндогендік процестерден басым болған кездерінде ғана болуы ықтимал. Соның себебінен бедер пішіндері үгілу процестеріне ұшырап төмендей береді де жалпы жер бетінің салыстырмалы биіктігі азайып беткейлер жазытанып, бедер пішіндері жұмырлана түседі. Ақырында жоғары айтылған пенеплендер және педиплендер пайда болады. Ал, бедердің көтеріле дамуы кезінде (при восходящем развитии рельефа), яғни эндогендік процестердің экзогендік процестерден басым болған жағдайларында, жалпы тектоникалық көтерілу процесі денудациялық процесінен жылдамырақ жүреді. Мұндай кезде аймақтың нақты биіктігі және бедер пішіндерінің салыстырмалы биіктіктері өседі. Беткейлер иіліп дөңестеле береді. Сонда тектоникалық тыныштық жағдайда пайда болған тегістелген денудациялық жазықтар (пенеплендер) жоғары көтеріледі де, белгілі бір уақыт аральгғында бедердің қалдығы (реликт) ретінде теп-тегіс түрінде сақталады. Айматың төмендей дамуы мен көтеріле дамуы бірнеше рет ауысып тұрса, таулы өлкелерде әр биіктікте денудациялық жазықтар сатылы түрде тұзеледі. Оларды тегістелу беттер (поверхности выравнивания) деп атайды.
Әрбір тегістелу беттері тек көтеріліп қалған теп-тегіс алқап түрінде ғана емес, сонымен қатар еңістелу және үзілмелі тектоникалық қозғалыстары нәтижесінде деформациялануы ықтимал. Әдетте деформацияланған денудациялық беттер таулы өлкелерде дамыған, ал платформалы аймақтарда олар сирек кездеседі. Тегістелу беттер құрлықтың көп жерлерінде тараған, мысалы Бразилия қаланы мен Африка платформасында Л.Кинг тегістелу беттердің 5 деңгейін (ярусын) бөліп көрсеткең. Олардың әрқайсысы сол аймақтың мол ауқымын алып жатыр.
Әр деңгейде жатан деформацияланған тегістелу беттердің, мьгсалы - Үлкең Кавказдың орта плиоцендік кезінде қалыптасан тегістелу беті. Ол үлкең Кавказ тауының бел ортасы маңында 1000 м-ге дейін көтеріліп, таудың шеткі бөліктерінде төмендеп 300-400 м. биіктікте орналасқан. Сондай-ақ тегістелу беттер Қазақстан аумағының әр өлкелерінде де дамыған. Мысалы, мезозой кезінде қалыптасан тегістелу жазытығы Орталық Қазақстан мен Іле Алатауының әр деңгейінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |