Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


ЭКЗогендік процестер және бедер



бет26/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

ЭКЗогендік процестер және бедер

Экзогендік бедер ұратын факторларға әр түрлі климат элементтерінің, өзендер мен көлдердің, теңіздердің, мұздықтар мен қарлардың, желдің және тағы басқа элементтердін, әсері жатады.


Экзогендік бедер ұратын процестердің негізгі көзі күн радиациясы, ол жер бетімен, гидросфера және атмосферамен өзара әрекетесіп, әр түрлі климаттық жағдайлар алыптастырады. Ал климат жағдайлары бүкіл жер бетінің өзгеруінде негізгі факторлардың бірі болып саналады. Климат элементтерінің ішіндегі аса маңызды фактор - ауа температурасы. Осы ауа температурасының әсерінен әр түрлі табиғи белдемдердің климаты қалыптасады. Мәңгілік мұздықтар мен қар жамылғысының пайда болуы, таужыныстарының үгілуі, химиялық процестер және т.б. осы ауа температурасына тікелей байланысты.
Климаттың екінші маңызды элементтерінің бірі жауын-шашын. Олар өзендердің, көлдердің, батпақтардың және мұздықтардың пайда болуына едәуір әсерін тигізеді. Таужыныстарының ыдырауына және олардың тасымалдануына, бедердің көптеген пішіндері тілімделіп жаңа пішіндердің қалыптасуына жауын-шашын өте қолайлы жағдай жасайды. Жел, бір жағдайларда кұм бөлшектері арқылы таужыныстарын бұзып, қашап, өңдеп механикалы әсер етсе, екінші жағдайларда құмның тасымалдануына, шөгуіне және жаңа аккумуляциялық жер бедерлердің (құм төбелер, барқандар, жағалық шағылдар және т.с.с.) құрылуына себепші болады. Мұздықтар биік тау өлкелерде едәуір механикалық (экзарация) жұмыс жасап, ерекше мұздық бедер пішіндерін құрады.
Жер бетінің ұрылуына әрқашан әсерін тигізіп отыратын тағы да бір экзогендік бедер ұратын процестердің энергиялық көзі - гравитация немесе ауырлық күші. Бұл күштер аркылы неше түрлі опырылма, қорымдар, жылжымалар, ар көшкіндері және т.б. иратқыш табиғи құбылыстар пайда болады.
Экзогендік процестердің жалпы энергиясының негізгі көзінің бірі - Жердің өз осі бойымен және Күннің төңірегінде айналуы, осының әсерінен жылдың төрт мезгілінің болуы және күн мен түннің ауысып тұруы. Ауа температурасының, жауын-шашын мөлшерінің және табиғи қиратқаш ұбылыстардың оқтын-оқтын маусымдық өзгеруі, жалпы айтканда бедердің пішіндерінің ұрылуына едәуір әсер ететін бүкіл табиғи ландшафтының жаңаруы осы құбылыстармен байланысты. Сонымен қатар Жердің өз осі бойымен айналуы бедердің өзгеруіне тікелей ықпалын тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет