Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы



бет24/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Материктік кайраң (шелъф) ұрлықа жалғасқан, теңіз (мұхит) суымен шайылып жатқан теңіздің (мұхиттың) тайыз шеті. Бұл өңірдегі суасты жазықтығының еңістену дәрежесі өте нашар - 1° шамасында, оның беті мейлінше тегіс, немесе керісінше, барынша кедір-бұдыр болып келуі ыктимал. Ені бірнеше метрден 1500 км-ге дейін, мысалы Солтүстік Мұзды Мұхит жағалауларында 800-1000 км-ге жетеді, алайда бұл өлшемнің орталық көрсеткіші 70-80 км, ал терендігі 20 м-ден 550 м-ге дейін жетеді (әдетте 200 м шамасында). Сөйтіп, шельфтің бет-бедері мен тереңдік көрсеткіштері өзгермелі болып келеді.
Материктік беткей (материковый склон) шельф қабағынан төмен қарай 2000-2500 (кейде 3000) метрге дейін құлайды. Беткей еңістігінің орта шамасы 5-7°, кейде 15-20°-тан астам болады. Кейбір жағдайда материктік беткейдің беті тектоникалық жарылымдар мен жіктелу себебінен сатыланып тұрады да, оның үсті тік жарлы шатқалдармен тілімделеді.
Материктік етек (материковое подножие) материк беткейі мен мұхит түбінің шегіндегі ені жүздеген км-ге, тереңдігі 2000-3000 метрден 3500-4500 км-ге дейін жететін беті тегіс, немесе шамалы ғана бұйратталған жазықтық.
Мұхиттарға тән жер қыртысы континенттік қыртыспен салыстырғанда тек қана шөгінді және базальтты қабаттардан тұрады, мұнда гранитті қабат мүлдем болмайды. Мұхит түбіндегі шөгінді қабаттың қалыңдығы да бірнеше км-ден аспайды және олар көбінесе қатайып үлгермеген борпылдақ-болбыр қалпында кездеседі. Шөгінді қабатының астында қалындығы жүздеген метрден бірнеше км-ге дейін жететін аралық қабат (промежуточный слой) жатыр, оны көбінесе жай "екінші қабат" деп атайды. Аралық қабат әдетте базальт лаваларынан және тығыздалған шөгінді таужыныстардан тұрады. Оның астында қалындығы 4-10 км-ге жеткең "базальт" қабаты бар. Терең сулы бұрғылау және геофизикалы зерттеу нәтижесіне қарағанда, бұл абат негізді таужыныстардан, яғни габбролардан, нориттерден, базальттардан және басқа ультранегізді таужыныстардан құралады. Сонымен, мұхит қыртысының негізгі ерекшелігі гранит абатының шамалы болуы, немесе мүлде болмауы.
Бұл келтірген деректерден шығатын басты қорытынды: континенттік қыртыс пен мұхиттық қыртыстың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары бар және жоғарғы мантия қабаттары, континенттерге қарағанда мұхит түбінде әлдеқайда жақын орналасқан.
Жер ыртысының мұхиттық түріне мұхит түбіндегі әлемдік мұхит табаны және орта мұхиттық жоталары жатады.
Әлемдік мұхит табаны (ложе мирового океана) -геологиялық құрылымы жағынан мұхиттық платформаларға, яғни талосократондарға сәйкес келеді. Бұл мұхит түбінің басым бөлігін құрай отырып, жер ыртысының мұхиттық түрімен сипатталады. Көлденең имасының қалындығы 5-10 км-ден аспайтын базальтты қабаттан және оны көмкеріп жататын шөгінділер қабатынан тұрады; шөгінді қабаттың қалыңдығы жүздеген метрден аспайды. Әлемдік мұхит табаны бедер элементтерінің өте ірі түрлерінін. бірі; ол оң және теріс бедер пішіндерінің мол жиынтығын біріктіреді, яғни мұхит түбінде таулы жоталар да, абиссальдық жазықтар да, терең ойпаттар мен су асты науалары да ұшырасады.
Ал, орта - мұхиттық жоталар (срединно-океанические хребты) астындағы жер қыртысы өздеріне тән тектоникалық ұрылымымен ерекшеленеді. Жер ыртысының мұндай түрін рифтогендік деп атайды. Бұл астеносфера өңірінде алыптасқан конвекциялық ағындардың жоғары көтерілу орны болғандытан, балқымалы астеносфера есебінен жаңа мұхиттық қыртыстың қалыптасу процесі нақ осы белдеуде жүзеге асады деген тұжырымдар бар. Ал, орта мұхиттық жоталар жүйесі бедер элементтерінің ішіндегі ірілерінің бірі, жалпылама ұзындығы 60000 км-ден астам, орташа ені 200-1200 км аралығында, салыстырмалы биіктігі 1-3 км төңірегінде, орта тұстары ұзыннан-ұзақ созылатын рифт деп аталатын терең орларға ұсайтын тектоникалық жарылымдармен тілімделген.
Кейде орта мұхиттық жоталардың төбелері теңіз бетінен асып, аралдар тізбегін құрайды. Мысалы, Атлант мұхитындағы Буве, Азор, Ян-Майен, Тынық мұхиттағы Паска, Үнді мұхитында-ғы Сен-Поль, Родригес және т.б. аралдар.
Континенттіктік және мұхиттық жер қыртысы өңірлерінің ортасында өтпелі немесе геосинклиндік ыртысы дамыған. Ол өзінің едәуір күрделілігімен ерекшеленеді. Мысалы, Тынық мұхит алабының батыс шегінде, яғни континентке жапсарласу өңірінде түзу бағыттағы сәл иіле созылған мейлінше ұзын геосинклиндік белдемі бар. Бұл ұрылым негізгі үш элементтен тұрады, толар: - терең сулық теңіз қазан шұңкыры (котловины глубоководных морей), аралдық иіндер (островных дуг) және терең сулық мұхитты науалар (глубоководные океанические желоба). Терең сулы қазан шұңқыр (Жапон теңізі) түбінің құрылысы мұхит түрінің жер қыртысына ұқсайды. Мұнда гранит қабаты жоқ, бірақ жалпы тұнбалардың қалыңдығы едәуір мөлшерге жеткең. Аралды иіндер төбелері бір-біріне тізбектеле жалғаскан аралдар жүйесін (Курил, Жапон, Рюкю, Филиппин және т.б.) құрайтын тау жоталары. терең сулы мұхиттық науалар ұзындығы мындаған километрге жететін, ені ондаған километр, тереқдігі 5-11 км аралығында, көлденең қимасының сырт пішіні Ү әрпін еске салатын суасты ойпаңдар. Бұларға дүние жүзінде ең терең Мариан және Филиппин суасты ойпаңдары жатады.
Өтпелі белдеулердің ерекшеліктері жер қыртысының бір түрінен екінші түріне өзара үйлесіп бірден ауысып кетуімен, ірі-ірі гравитациялық ауытқуларымен (гравитационными аномалиями), қарқынды вулканизммен, терең фокусты сейсмикалық құбылыстарымен сипатталады. Сондықтан жер қыртысының мұндай құрылымын ғалымдардың көпшілігі геосинклиндік деп атап кеткең /19/.
Төменгі тарауда құрлық бетінде тараған бедердің мега – және макропішіндеріне көбірек тақтала кетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет