Ñàð¹ûëò òңñòi
²ûç¹ûëò-ñàðû òңñòi
²ûç¹ûëò-ñàðû òңñòi
Æàñûë òңñòi Ñàð¹ûø òңñòi ؼïòiê-æàñûë òңñòi Æàñûë òңñòi
²î»ûð òңñòi Êңëãií-ñ½ð òңñòi Êңëãií òңñòi ѽð æàñûë òңñòi ѽð ê¼ãiëäið òңñòi Ñàðû òңñòi ʼê-æàñûë òңñòi ʼãiëäið òңñòi ʼê òңñòi
Àíòðîïîãåíäiê | Àíòðîïîãåíäiê | ant | ²àðà òңñòi (ñûçûºòû æ¸íå ìàñøòàáòàí òûñ áåëãiëåð) |
33. Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру
Жалпы геоморфологиялық карта әдетте ежелгі геоморфологиялы процестер арқылы қалыптасқан бедер пішіндерін қағаз бетіне бейнелейді. Ал, қазіргі геоморфологиялық процестер жоғарыда айтылғандай қазіргі кезде тікелей көзбен шолып байқалатын процестер. Оларды картаға түсіру алдында ең алдымен бір жүйеге келтіріп топтастыру ажет.
Әр түрлі ұстанымдарға негізделген қазіргі физикалы-географиялық процестердің топтастырылуын көптеген зерттеушілер ұсынған еді. Н.И.Николаев барлық экзогендік физикалық-географиялық процестерді зоналықты (зональный) және зоналық емес (азональный) немесе интразоналды процестерге бөлген. Зоналық процестер - географиялық ендікке сәйкес өзгеріп отыратын табиғи процестер, ал зоналық емес немесе интразоналдық процестер деп белгілі бір зонаға тән емес кездесетін процестерді атайды. Зоналық процестерге - үгілу, топырақ түзу, мәңгілік тоң, эолдық процестер және ағын сулардың әрекеті, ал белдемдік емес (интразионалдық) процестерге - ауырлық күштерінің (гравитация), жер беті тұйық сулары мен жер асты суларының әрекеті және адам әрекеті жатады.
Т.В.Звонкова физикалық-географиялық процестердің жіктеуін олардың қозғалмалы, динамикалы даму ұстанымдарына негіздеген. Сонымен бірге осы процестердің әр түрлі ұрылыстарға жасаған әсерлерін және олардан қорғау шараларының сипаттамасын ұсынған.
Инженерлік геологияда эндогендік және экзогендік процестермен қатар эндолитогендік процестер де есепке алынады. Ол таужыныстарының, адамның тікелей қатысуымен өзгеретін ішкі физикалық, химиялық асиеттерімен қатар, молекулярлық, энергияның өзгеруіне байланысты. Осы топтастырылудың ішінде іс жүзінде ең көп таралғаны геоморфологиялық процестердің генетикалы жіктеуі. Бұл жіктеуінің ерекшеліктерінің бірі - геоморфологиялық процестердің пайда болу себептерін, яғни генезисін тікелей көрсетеді және осы зиянды процестерге қарсы күрес жүргізу үшін тура бағаларын беріп, тиісті шаралар қолдануға мүмкіншілік туғызады (Э.Палиенко, 1978).
Қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық топтастырылуы.
Экзогендік процестер:
үгілу (элювий және топырақ түзу)
Делювийлік (алаңдық шаю және үйілу)
Гравитациялық (опырылу, сырғу, солифлюкция)
Флювийлік (тұрақты және уақытша ағын суларының эрозиялық және аккумуляциялық әрекеттері);
жер асты сулары мен атмосфералық жауын-шашынның әрекетіне байланысты (карст, батпақтану, саздану, суффозия, шымтезек жиналуы)
Теңіздер мен көлдердің жағалық процестері (абразия және аккумуляция).
Эолдық процестер (дефляция, корразия, аккумуляция)
Криогендік (аязды үгілу, топырақтың бөртіп ұлғаюы және шөгуі).
Гляциалды (мұздықтың экзарация мен лимногляциялдық аккумуляциялық әрекеті)
Флювиогляциалдық (мұздық суларының эрозиялық мен аккумуляция әрекеті).
Лимногляциялдық (мұздықтық - көлдер суларының әрекеті).
Биогендік процестер .
Эндогендік процестер:
қазіргі қозғалыстар әсерінен жер қыртысының тік бағыттағы және жазық бағыттағы ығысуы, жер сілкіну ықпалынан таужыныстарының опырыла құлауы, жылжымалар құбылыстарының қалыптасуы, үзілмелі деформацияларының пайда болуы.
Жанартау әрекеті (жанартаулардыңдың қопару және аккумуляциялық әрекеті).
Антропогендік процестер:
Тау-кең өндірістерінің техногендік процестері (аккумуляция, эрозия және денудация)
Инженерлік-ұрылыстардың техногендік процестері (аккумуляция, эрозия және денудация).
Агрогендік-қарқынды эрозия, алаңдық шаю және үйілу, топырақтың батпақтануы және сортаңдануы.
Генетикалық ұстаныммына жіктелген қазіргі геоморфологиялық процестер мынадай тәсілмен картаға түсіріледі. Алдымен бедер элементтері мен пішіндері категориясын белгілеп, олардың қазіргі кездегі қарқындылығын айыру қажет. Мысалы, делювийлік беткейлердегі әр қарқынды делювийлік шайылу мен үйілу процестер, шөлді аймақтардағы аккумуляциялық және дефляциялы процестері, теңіз жағалауындағы абразия процестері, суффозиялық процестер. Содан кейін осы процестердің қарқындылығын түрлі-түсті өңмен (фонымен) немесе сызат белгілермен карта бетінде бейнелеу. Мұнда бейнелеу тәсілі де әр түрлі болуы ықтимал. Бірінші вариантта түрлі түсті өңмен қазіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық түрін, ал түстердің қоюлығымен - олардың қарқындылығы. Екінші вариантта қазіргі процестердің қарқындылығы әр түспен, сызатты белгілермен олардың генетикалық түрін, мысалы, ең ауіпті процестерін қызыл түспен, ал баяу жүріп жатқан процестерді -жасыл түспен бояйды.
Сонымен қатар, азіргі геоморфологиялық процестердің қарындылығын анытау үшін, сапалық көрсеткіштермен қатар, ' сандық көрсеткіштерді де олдану тиімді.
Жоғарыда айтылған геоморфологиялық процестердің көбі Қазақстан аумағында кең дамыған. Әсіресе Республикамыздың уаңшылық денудацялық аймақтарында көбінесе эолдық әрекеті, яғни ұм бөлшектерінің желмен ұшуы(дефляция), корразия, эолдық тасымалдау және шоғырлану процестері кең тараған. Орталық Қазастандағы Сарыарқа өлкелерінде үгілу процестерімен қатар, делювийлік шаю процесі, суффозия, уақытша ағын суларының әрекеті кең дамыған. Соңғы кездегі Батыс Қазақстандағы Каспий теңізінің су көтерілу ыпалынан абразия процесі, яғни соқпа толқын әсерінен жағалардың бұзылу, үгілу процестері қарқынды түрде жүріп жатыр. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағындағы таулы өлкелерін сел әрекетімен қатар сейсмотектоникалы қозғалыстар әсерінен опырылмалар, жылжымалар, сырғымалар, қар көшкінділері және тағы басқа көптеген гравитациялы және эрозиялық процестер байқалады.
Антропогендік процестерге байланысты соңғы кездегі табиғат құбылыстары (сортандану, опырылмалар, эолды дефляция мен аккумуляция, ластану және т.б. зиянды ұбылыстар) күннен күнге қарқынды түрде дамып келеді.
Сондықтан осы иратыш процестерді жоғары айтылған генетикалық ұстанымен жіктеу және арнайы шартты белгілермен геоморфологиялық карталарға түсіріп, оларға қарсы шаралар олданудың бүгінгі күндерде өте зор практикалық маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |