Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы



бет77/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

ҚОРЫТЫНДЫ

Геоморфология біздің планетамызды зерттейтін ғылымдарының бірі болғандықтан, жер бетінің пайда болуын, оның дамуын және құрылымын танып білу барысында өзінің едәуір үлесін осуда, сондықтан теориялық мәселелерді шешу жолында, ол геология, физикалық география және палеогеография ғылымдарымен тығыз байланысты. Осы теориялық мәселелердің бірі, жоғарыда айтылғандай, жер жүзін қалыптастыратын эндогендік және экзогендік процестердің өзара әрекеттерін зерттеу.


Жер бетін зерттейтін ғылыми ретінде геоморфологияның белгілі бір қадағалайтын объектісі - бедер және бұл ғылым дамымайынша жердің құрылымы мен тарихы туралы теориялық талдау жасауға мүмкіншілік жоқ, бұл геология, биология, физикалық, география мәліметтерін есепке алмай талдау жасағандай болар еді. Сонымен бірге геоморфология зерттеулерінің едәуір практикалық қолданылуы бар, соның ішінде геологиялық іздестіру жұмыстары, шашылымдарды іздестіру жолдары, мұнай ұбырларды және гидротехникалық құрылыстарды салу және т.б.
Соңында айтарымыз, геоморфология басқа ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, жер бетінің дамуына жалпы баға береді. Ең алдымен біз планетамыздың тектоникалық дамуының қарқынды кезеңінде өмір сүріп отырмыз. Альпілік тау түзілу және оның жалғасы жаңатектоникалық кезең әлі біткен жоқ. Тектоникалық қозғалыстармен байланысты бедердің едәуір тік бағыттағы және жазық бағыттағы әсерінен қарқынды үгілу және денудациялық процестер жүзеге асты. Осымен байланысты литосфераның үстіңгі қабатының материалы жер бедерінің гипсометриялық жоғарғы жерінен (тау өлкелерінен) төмен қарай тасымалданып ойпаң және ойпат жерлерге келіп шөгеді.
Қазіргі кездегі шөгінділердің құрылу жылдамдығы бұрынғы . геологиялық дәуірлермен салыстырғанда едәуір жоғары екендігі дәлелденді. Сондықтан азіргі кезең тек биік тау түзілу немесе үгілу денудация процестерінен басқа сонымен атар аккумуляциялық тегістеу заманы да болып саналады. Жер бетінің осы кезендегі табиғаттың даму жағдайлары мен ерекшеліктерін геоморфологияның алдында тұрған ғылыми және қолданбалы мәселелерін шешу жолында еске алу қажет.
Жоғарыда айтылып кеткен экзогендік бедер ұру процестерінің көбі Қазастан аумағында кең дамыған. Соңғы кездегі антропогендік процестерге байланысты табиғаттың қуаңшылы ұбылыстары (сортандану, эолдық әрекет, ластану) және т.б. зиянды құбылыстар еліміздің көп аймақтарында кездеседі. Осы процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, оларға арсы әрекет жүргізу бүгінгі күндерде ең басты мәселе болып табылады.
Соңғы кездерде "антропогендік география" және "антропогендік ландшафттану" түсініктері пайда болды. Олар геоморфологиялық ортаға адам әрекетінің әсер етуіне байланысты. Бұл әрекет бедер ұрылысына, оның дамуына және тұрақтылығына әсер етеді. Антропогендік геоморфологияның зерттеу нысаны антропогендік (техногендік және агрогендік) бедер және процестер. Антропогендік бедерді зерттеудің маңызы зор. Өйткені ол адам әрекетіне байланысты және бедерді өзгеріске әкелген процестердің жиынтығын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл процестердің әрекеті мен ізін барлық жерлерде байқауға болады. Адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде жаңа бедер пішіндері және антропогендік шөгінділер пайда болады, табиғи процестердің сипаты өзгереді. Геоморфологиялық процестер дамуында адам әсерінің пайдасы да зияны да бар. Өкінішке орай адам әрекетінің табиғатқа зиянды жағы да аз емес.
Жер бетіндегі бедер пішіндерін өзгерте отырып, осы өзгерудің тиімділігін және табиғат орғау шараларын жете зерттеу қажеттілігін ескертеміз. Қорғауды қажет ететіндер өсімдік, жануар, топырақ, су, ауа, жер ойнауы, жер ресурстары яғни барлық қоршаған орта екендігі баршаға мәлім. Оның қатарына бедерте кіреді. Сондықтан осы табиғат байлықтарын қорғау және кешенді түрде тиімді пайдаланудың дұрыс жолдарын қарастыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет