Оқулық Павлодар єож 372. 881. 151. 212. 2(075) бкк 81. 2 Ќаз т 87



бет3/10
Дата11.01.2017
өлшемі1,58 Mb.
#6790
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




  1. а) Жуан буынды

ә) Жіңішке буынды

б) Аралас буынды



  1. а) 3 буынды

ә) 4 буынды

б) 5 буынды



  1. а) 1 ашық, 1 тұйық, 1 бітеу буын бар

ә) 2 ашық, 2 бітеу буын бар

б) 3 ашық, 1 бітеу буын бар

4. а) Тасымалданады

ә) Тасымалданбайды

5. а) 3 түрлі жолмен тасымалданады


  1. ә) 2 түрлі жолмен тасымалданады

б) 1 түрлі жолмен тасымалданады

  1. а) Екпін сөздін соңғы буынына түседі

ә) Екпін сөздін соңғы буынына түспейді

  1. а) Буын үндестігі бар

ә) Буын үндестігі жоқ

  1. а) Дыбыс үндестігі бар

ә) Дыбыс үндестігі жоқ

10. а) Ілгерінді ықпал бар

ә) Кейінді ықпал бар

б) Тоғыспалы ықпал бар

11. Сөздегі дыбыстардыњ саны:

а) 9, ә) 10, б) 11

12. Дауысты дыбыстар саны:

а) 3, ә) 4, б) 5.

13. Жуан дауыстылар:

а)1,ә) 2, б) 3.

14. Жіңішке даустылар:

а) 1, ә) 2, б) 3

15. Ашық дауыстылар:

а) 1, ә) 2, б) 3

16. Қысаң дауыстылар:

а) 1, ә) 2, б) 3

17. Еріндік дауыстылар:

а) 1, ә) 2, б) 3

18. Езулік дауыстылар:

а) 1, ә) 2, б) 3

19. Дауыссыз дыбыстар:

а) 5, ә) 6, б) 7,

20. Қатаң дауыссыздар:

а) 0, ә) 1, б) 2

21. Ұяң дауыссыздар:

а) 1, ә) 2, б) 3

22. Үнді дауыссыздар:

а) 2, ә) 3, б) 4

23. Ауыз жолды үнді дауыссыздар:

а) 2, ә) 3, б) 4

24. Мұрын жолды үнді дауыссыздар

а) 2, ә) 3, б) 4


Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейді. Мысалы, ақ дегендегі “қ” дыбысы мен қағаз дегендегі “қ” дыбысы - бір фонема. Сонда да болса, бұл екі сөздің екеуінің айтылуында сәл айырмашылық бар. Ол айырмашылық тіркескен дыбыстарына байланысты. Тіл дыбыстарын тіркестіруде де заңдылық бар. Кез келген дыбысты кез келген дыбыспен тіркестіре салуға болмайтынын аңғарамыз. Өйткені фонетика – фонемаларды - тіл дыбыстарын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын, естілуін, жазылуын, дыбыстық алмасулар мен өзгерістерді, буын түрлерін, сөздерді тасымалдау заңдылықтарын, дыбыстардың үндесуін зерттейтін тіл ғылымының саласы. Осылардың барлығын игерту мақсатында фонетикалық жаттығулар жүргізіледі.
2. Лексикалық жаттығулар
Әдіскер-ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, лексиканы оқытумен байланысты жүргізілетін жаттығу түрлерін сөздік және лексикалық жаттығулар деп екіге бөледі. «Сөздік және лексикалық жаттығулар бір-бірімен тығыз байланысты, кей жағдайда оларды бір-бірінен айыру да қиын, өйткені екеуі де негізі сөзбен жұмыс жасайды» [4, 12] дей келіп, бұл ғалымдар лексикалық жаттығуларға лексикадан алған білімді бекітіп, осы негізде лексикалық іскерлікті қалыптастыру үшін жүргізілетін талдау жұмыстарына арналған жаттығуларды жатқызады. Ал сөздік жаттығуларға тілді сезінумен, сөзді дұрыс түсінумен және орынды қолдана білумен тығыз байланысты сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады. Сөздік жаттығулар оқушылардың сөздік қорының молаюына жағдай жасайды.

5-сыныпта лексикалық тақырыптарды оқытумен байланысты тіл дамытуға арналған жаттығу түрлерін жинастыруда, топтастыруда мына жағдайлар ескеріледі: а) 5-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру, соған сәйкес жаттығу жұмыстарын түрлендіру; ә) тіл дамытуға арналған жаттығу жұмыстарының мақсатын комплексті түрде қою.

Тіл дамытуға арналған жаттығулар жүйесін жинақтауда жаттығу жұмыстарына қойылатын мынадай негізгі әдістемелік талаптар ескеріледі. Олар: 1)жаттығу мәтіні оқушының жас ерекшелігіне сай келуі тиіс; 2) жаттығу мәтінінің тәрбиелік мәнінің болуы; 3) жаттығуда берілген тілдік тапсырманың айқындығы; 4) лексикалық тақырыптың грамматикамен байланыстылығы.

Бұл жаттығу түрлері үш топқа бөлінеді: 1)лексикалық тақырыптарды бекіту мен оқушы тілін дамытуға бағытталған тақырыптық жаттығулар;

2) меңгерілген лексикалық тақырыптарға байланысты оқушылардың өзіндік шығармашылығын ұштауға бағытталған жаттығулар;

3) лексикадан алған білімін тексеруге бағытталған бақылау жаттығулары.



Бірінші топтағы жаттығулар лексикалық тақырыптардың қатысына қарай бөлінсе, екінші топтағы жаттығулар - ойын жаттығулары, лексикалық перфокарта, лексикалық сызғыш, суретпен жұмыс жатқызылады, үшінші топтағы жаттығулар қатарына еркін диктант, тілдік тапсырмасы бар мазмұндама, тілдік тапсырмасы бар шығарма топтастырылды.

2.1 Лексикалық қателер


4-8 сынып оқушыларының ауызекі сөйлеу тілін бақылау барысында, жазба жұмыстарын тексергенімізде оқушылардың басым көпшілігі лексикалық қателер жіберетіні байқалады. Ол қателерді төмендегідей топтастыруға болады:


  1. Сөздіњ мағынасына байланысты туатын қателер

Оқушылар өз ойын жеткізуде, сөйлем құрауда кейбір сөздердің мағынасын түсінбей қолданады.

Мысалы: Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. “Қара” сөзі – түсті білдіретін сын есім емес, қара суықты білдіретін сөз. Осы сияқты контекстегі сөздің мағынасын жете түсінбеген соң оқушылар ол сөзді қолданбайды.

Мысалы: Кемпір мен шалға құс пен аңның етін толтырып береді де, Төстік ағасын іздеуге кетеді. Кенжекей үйді басқа келіндерінен бұрын құрады. Махамбет елге арнап өлең айтты. “Толтырып, құрды, өлең” деген сөздер сөйлемде орнын таппаған.


  1. Сөздің көп мағыналылығына байланысты қателер

Қазақ тіліндегі кейбір сөздер мен сөз тіркестері ауыспалы мағынада жұмсалады. 8- сынып оқушыларында кездесетін кейбір стильдік қателер осы сөздердің көп мағыналылығын аңғармай қолданудан туады.

Мысалы: Бір елге келсе, ас беріп жатыр екен. Асанды әкел, ұйықтап жатқанда жеп алайық, - деп қағып алды. Алдар үйге келгенде қолдарындағы астарын жасырып қояды. Төстік ата-анасына асты көп етіп жиып береді.

Оқушылар бұл сөйлемдердегі ас сөзін бірде дұрыс қолданса, бірде стильдік қате жібереді, «тамақ» сөзінің орнына “ас” ас сөзін қолданған.

Әсіресе оқушылар метафора, эпитет, теңеу қызметінде қолданылған сөздерге байланысты қателер көп жібереді.

Мысалы: Аюдай денесі қорбаңдап көп арасынан көрініп тұрды. «Қорбаңдап» деген сөзді алып тастасақ, сөйлемнің беретін ойы ауысады. Өйткені ол сөзді қолданбасақ, теңелетін заттың үлкендігі ғана беріліп, икемсіздігі берілмей қалады.

Сөздің көп мағыналылығы ол сөздің стильдік жұмсалуының аясына байланысты сияқты. Сондықтан сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуында тура мағынасына қарағанда экспрессивті – эмоциялы әрі стильдік рең, өрнек көп болады.




  1. Ойға қатыссыз артық немесе «штамп» сөздерді қолдануда жіберілетін қателер

Оқушылар кейде өз ойын, пікірін жеткізуде қажетсіз, басы артық сөздерді көп қолданады, немесе сөйлемдерде бір сөз тіркесін қайталап қолдана береді. Бұндай қолданыс көркемдікке нұқсан келтіреді. Кейде сµйлемді шұбалаңқы құрып, айтайын деген ойын шашыратып жібереді.

Мысалы: Ер Төстік жоғалып кеткен сегіз ағасын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне қайтпақшы болып, ертіп шығады.



2.2 Лексикалық тапсырмалар


  1. Сөз, оның мағынасы (тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер).

I-деңгей.

а) Берілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестір. Қандай мағынада қолданылып тұрғанын ажыратып жаз.

Терең (өзен, білім, ой), қатты (сөз, құрт), қара (көйлек, жұмыс,су, өлең, ниет), жұмсақ (адам, мінез, орындық)

Тура мағыналы сөз

Ауыспалы мағыналы сөз























  1. Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.

Қанат – құстар мен шыбын – шіркейлердің ұшып – қонатын дене мүшесі

Мысалы: Алдымен алты қанат ақ орданы тігуге кірісті. Біз футбол алаңының оң қанатына отырдық.

Көз – адамның дене мүшесі, көруге арналған.

Мысалы: Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. Жұмыстың көзін тапсақ, тез бітірер едік.



  1. Ыстық, ауыр сөздері қандай мағынада қолданылған? (тұсына жаз)

Марат ауыр жүк көтерді_________________________________________
Ол – сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі_____________________
Дастарханға ыстық тамақ та келді________________________________


II – деңгей

  1. Омоним сөздердің антонимдерін көрсет



Аш (сын есім) -

Аш (етістік) -






Кір (сын есім)




Кір (етістік)














Түс (зат есім) -

Түс (етістік) -



  1. Алдымен синонимдік қатар, кейін антонимдік жұп түзе.

Үлгі: Дұрыс, жөн – қате, теріс, бұрыс, жаңсақ.
Сұлу- әдемі, көрікті, ажарлы
Түзу- тік, тура
Ұшқалақ- жеңілтек, күйгелек

Мөлдір- тұнық, таза


  1. Синонимдер қатарын түзе

Үлгі: Төбе шашы тік тұрды, зәресі ұшты, жүрегі тас төбесіне шықты, қорықты, үрікті.

Ит өлген жер__________________________________________________

Көзді ашып жұмғанша___________________________________________

Жүрек жұтқан__________________________________________________




  1. Мақалдарға қажетті антонимдерді тап

Үлгі: Еңбек етсең ерінбей – жалқау________________________________

3. Морфологиялық жаттығулар

Морфологиялық жаттығулардың міндеті- ана тіліміздің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы меңгерту. Морфологиялық жаттығулар мазмұны жағынан екі түрлі болады:



  1. Сөз тұлғасын оқыту барысындағы жаттығулар;

  2. Сөз таптарын оқыту барысындағы жаттығулар.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен негізгі түбірлерді , одан кейін туынды түбірлерді, сосын түбірлес сөздерді талдайды; 2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізледі.; 3)туынды сөздерден негізгі түбірді ажырату барысында сөздің мағынасына назар аударылады.

Жаттығу жұмыстары негізінде шәкірттер әрбір сөз табының өзіндік ерекшеліктерін, басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын саналы түсінеді. Септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгеріп, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде орынды, дұрыс қолданып үйренеді.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығу түрлері төмендегідей сараланады: 1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қатыстырып сөйлем құрату; 3)сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету; 4) мағына мен тұлға жағынан қандай айырмашылықтары барын салыстыру.

Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгертуде мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді. Сөздің элементтері түбір, жұрнақ, жалғау- бұлардың әрқайсысы сөзге өзінше мән береді. Осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады.

Морфемаларды, соныњ ішінде жұрнақтарды айыра білу балалардың тілін жетілдіру үшін де мәні бар. Өйткені, бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді. Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:

1. Алдымен, мүмкіндігіне қарай негізгі түбірлерді, одан әрі туынды түбірлерді, ең сонында түбірлес сөздеді талдайтындай жағдай жасалуы тиіс.

2. Белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбіден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізіледі.

3. Туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі топқа біріктіріп, жүйелеуге үйрететіндей болғаны ұтымды. Жаттығу жұмыстары кезінде оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді.

Жаттығу жұмыстары кезінде септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді. Оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдануын үйренеді.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:


  1. Мәтіннен керекті сөздер тапқызу.

  2. Тірек сөздер арқылы сөйлемдер немесе әнгімелер құрастыру.

  3. Сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету.

  4. Сөздердің лексикалық немсе грамматикалық жағынан қалай өзгеретінін, не арқылы өзгеретінін аңғарту.

Морфологиялық жаттығулар орындау барысында алдында өтілген материалдарды қайталап отыру қажет. Сонда алдыңғы материалдар мен кейінгі материалдар арасында байланыс, жүйе пайда болады, ал бұл оқушының материалды терең игеруіне септігін тигізеді.

4 .Синтаксистік жаттығулар
Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрамалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушыларда оны орындай алатындай білім, білік болуы шарт; 2) оқушылар жаттығуда не орындайтынын, оның қандай пайдасы барлығын түсініп орындағаны абзал; 3) жаттығу оқушының тілге қызығушылығын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс; 4) жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы қажет;

5) жаттығу жұмыстары тек өтілген материалдарға ғана байланысты болмай, бұрын өтілген материалдарды да қайталауға мүмкіндік туғызуы шарт; 6) оқушылардың жас мөлшері кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа шақталып, үнемі талап мақсатына қарай ауыстырылып отырғаны пайдалы; 7) шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болғаны жөн.

Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен таба алуға үйренеді.

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын балалардың алған білімдері мен дағдысы есепке алынып, бағаланып отырылғаны дұрыс. Оның мынандай жолдарын көрсетуге болады: а) бір сабақтың негізінде бағалау; ә) бірнеше сабақтың негізінде бағалау; б) бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

Мұғалім жаттығу жұмыстарын грамматика- стилистикалық бағытта ұйымдастырғанда, дайын мәтін ала отырып, оған грамматика-стилистикалық талдау жасатады. Оқушылардың назарын сөйлем құрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай стильдік қателер барын танытамыз. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін байқатамыз. Бір грамматикалық тақырыпқа байланысты ережелерді ауызша сұрап білу үшін, әр сыныптың ерекшелігіне қарай тәсілді өзгертіп отырғаны жөн. Мектеп тәжірибесінде көлемі ұзақ жаттығуларды көшіріп жазуға көбірек көңіл бөлінеді де, ал оған талдау жасала бермейді. Немесе «үшінші, төртінші сөйлемді талда» деп, оқушының ой-өрісін, сөйлеп үйрену аясын тарылтып, ережелерді құр жаттатып, айтқызушылық жиі кездеседі. Демек, оқулықтағы жаттығу материалдарын ауызша талдату жұмысы оқушының ой-өрісін дамытумен қатар ойын жүйелі айта білуге дағдыландырады.

Синтаксистік жаттығуларға пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері құрастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып, қойылу себебін тусіндіру.

Сабақта оқушыларды сөйлеуге дағдыландыру үшін пайдаланылатын басты материал – мәтін. Оқушылар заттың атын, белгісін, қимыл әрекетін, жай – күйін білдіретін сөздермен ғана танысып қоймайды, сол сөздерді пайдаланып, сөйлем құрауға үйренеді. Сөздер сөйлемде фонетикалық, грамматикалық құбылыстарға түседі, олар белгілі бір ережеге байланысты түсіндіріліп, өткен материалдар қайталанады.

8-сынып оқулығында 221 жаттығу бар. Жаттығу материалдары көркем әдебиеттен, ауыз әдебиетінен алынған мақал – мәтелдер, жаңылтпаш, нақыл сөздер, жұмбақтар түрінде келеді.

Оқулықтың бұрынғы басылымдарында жаттығу тапсырмалары көбінесе тақырыпқа сәйкес болып келетін болса, ал жаңа басылымында қосымша тапсырмалар да бар. Бұл тапсырмалар тәрбиелік мәні бар мәтіннің мазмұнымен ғана таныстырып қоймай лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, пунктуациялық, стилистикалық талдаулар жасауға арналған. Яғни синтаксистік жаттығуларды орындау үшін ғана емес, тілдік категорияларды жан - жақты меңгеруге, өткен материалдарды еске түсіріп отыруға мүмкіндік береді.
4.1.Қазақ тілі синтаксисі методикасының негізі мен мазмұны
Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.

Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері- қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:

1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.

2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.

3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.

4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.

5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.

Қорыта келгенде, синтаксистік талдау және оның методикасы -қазақ тілін жан-жақты зерттеуді қарастыруды мақсат тұтқан талдаулардың бірі. Ол- оқушылардың саналы, дара білімдерін жетілдіруге, мұғалімдер мен шәкірттердің арасындағы байланысты нығайтуға және синтаксистік талдауды дамытуға әсер ететін фактор.

Қазіргі кездегі тәжірибелі мамандар мен қазақ тілі методикасын жетілдіру үшін өз ізденістері мен еңбектерін ұсынып отырған мақалалар мен оқулық авторларының басты мақсаты- қазақ тілінің синтаксистік талдау методикасына жаңа әдіс-тәсілдер енгізу, жаңа бағдарламалар жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет