Оқулық құрал «Алгоритмдер»



бет25/56
Дата10.11.2023
өлшемі134,89 Kb.
#190936
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Байланысты:
АЛГОРИТМЫ по хирургии

Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті арқасымен жатқызып, тыныштандырыңыз.
Орындалатын манипуляцияны түсіндіріңіз.
Үстіндегі киімін қиып, жарқаттанған аймақты жалаңаштандырыңыз;
Жарақта аймағын тексеріңіз, сынғанын немесе шығып кеткеніне көз жеткізіңіз.
Крамер құрсауының сатылы түрін таңдаңыз: бірінші - 120 см ұзындығы, ені 11 см, екі шина ұзындығы -80 см, ені 8 см.
Құрсаудың екі жағынан мақтамен орап, мақтаны бинтпен орап бекітіңіз.
Құрсаудың төменгі бөлігін (120*11) сау аяқтың табанына бақайдан өкшеге дейін салыңыз.
Өкше аймағында түзу бұрышта түғіңіз (90е).
Дайын болған құрсауға аяқты салыңыз:
1-шина табанмен жүреді. Балтырдың артқы жағымен бөксенің ортаңғы үштен бір бөлігін алып жатады.
2 – құрсау балтырдың сыртқы жағынан табанның сыртқы шетінен басталады.
3- құрсау балтырдың ішкі бөлігінен табанның ішкі қырынан өтеді.
10.Құрсауды бинттің спиральді турларымен бекітіңіз.


Ескертулер: балтырдың жоғарғы үштен бір бөлігі сынған кезде, құрсаудың жоғарғы ұшы жамбас – сан буынына жету керек. Егер құрсау екеу ғана болса, екі құрсауды қырынан орналастырады да, немесе біреуін артқы бөлікке орналастырады.
Табан сүйегінің сынығы кезінде құрсауды бақай ұшынан балтырдың ортаңғы бөлігіне дейін салынады.
49.Иыққа Крамер құрсауын салу кезіндегі іс-әрекет алгоритмі
Көрсеткіші: иық сүйектерінің сынығы.
Құрал -жабдықтар:
Сатылы Крамер құрсауы;
2 бинт, мақта, косынка, қайшы.
Ескертулер: шинаны салған кезде екі буын бекітіледі: сынықтан жоғары және төмен буындар.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Науқасты өзіне қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз.
Болып жатқан манипуляцияны түсіндіріңіз.
Үстіндегі киімін қиып, жарқаттанған аймақты жалаңаштандырыңыз;
Жарақат аймағын тексеріңіз, сынғаның немесе шығып кеткеніне көз жеткізіңіз.
Сатылы Крамер құрсауын таңдаңыз: ұзындығы 80 см, ені 8 см.
Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, мақтаны құрсауға бекітіңіз.
Құрсауды науқастың сау жағына орналастырыңыз, саусақ ұшынан, шынтақ буынына дейін.
Құрсауды алып, түзу бұрыш қылып бүгіңіз (90 е);
Құрсауға сау қолды, иықты салып (құрсаудың дұрыс әзірленуін қадағалау).
Ауру жаққа ортафизиологиялық жағдай жасаңыз.
Дайын құрсауға қол мен иықты салыңыз.
Құрсауды спиральды байламмен қол ұшынан, иық буынына дейін бекітіңіз.
Жақсылап бекіту үшін, косынкалы байлам салыңыз.


Ескертулер:Қол ұшы сүйектерінің сынығы кезінде қол пронация жағдайында жайғастырып, астына дөңгеоек валик салыңыз, қолға мақтадан, марлядан немесе бинттен валик жасап, салыңыз. Валик үстіндегі қолды бинтпен бекітіп, косынкаға іліп қойыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет