50.Гипс байламдарын салу кезіндегі іс-әрекет алгоритмі
Емдік иммобилизация қолдану үшін, гипстен жасалған қатты байламдар қолданылады. Гипсті бекітуге арналған кез келген дене бөлігін бекітуге арналған байлам салуға болады. Байламдарды дайындау үшін құрғақ гипс қолданылады, ұн тәрізді консистенциялы.
Гисптік байлам салардың алдында гипстің жарамдылығын тексеру керек.
Алақанға, гипс ұнтағын алып жұдырықтап ұстағыз. Егер гипс құрғақ болса саусақ арасынан өтіп құйылады. Егер дымқыл болса, түйін пайда болады.
Судың бір бөлігін, гипстің екі бөлігін араластырып, лотокқа құйып, қадағалаңыз.
Гипс 6-7 минут ішінде су керек. Пайда болған пластина басқан кезде ұнтақталмау керек.
Сумен араласқан гипс шіріген жұмыртқаның иісіндей болмау керек.
Гипсты сумен араластырып, пайда болған массадан, шарик жасау керек.
Егер гипс жақсы сапалы болса, 5-8 минуттан кейін кебеді, лақтырған кезде металл дыбысын шығарады, және сынбайды.
51.Гипс бинеттерін жасаудағы іс- әрекет алгоритмі
Көрсеткіші: емдік иммобилизацияны қолдану.
Құрал -жабдықтар:
Темір үстел;
Гипске арналған ыдыс;
Ені 15-20 см бинт;
Гипстенген байламдарын сақтауға арналған қорап;
Гипсті ұнтақтауға арналған елеуіш;
Резенңке қолғап, маска, аяқ киім, халат.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Арнайы киім кию: халат, жуылатын аяқ киім, клеенкалы алжапқыш, маска, резеңке қолғап кию.
Арнайы үстелге гипсі бар ыдысты қою.
Бөтен заттар түспеу үшін, тазарту;
Ені -15-20 см, ұзындығы 40-50 см бинтті жаю;
Бинтке жұқалап, гипс жаю.
Қолмен гипсті жайлап жаю.
Бинтті орап, қалған бөліктеріне жаю.
Гипсті құрғақ ыдыста сақтау керек.
Ескертулер: гипске арналған бинт 2-3 м ұзындықта болу керек. Бұл ұзындыққа қолдануға ыңғайлы.
52. Гипс лонгетасын дайындау
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Арнайы ким кию: халат, жуылатын аяқ киім, клеенкалы алжапқыш, маска, резеңке қолғап кию.
Арнайы үстелге бар ыдысты қою. Бөтен заттар түспеу үшін, тазарту
Ені 15-20 см, бинтті жайыңыз (50-75-100 см).
Жайылған бинт үстіне гипс жағыңыз, үстінен бинтпен жабыңыз.
Әр слойды гипспен жабыңыз.
Екі жақтан ортасна қарай ойық жасаңыз (кітап тәрізді салыңыз).
Лонгетаны құрғақ жеде, арнайы қорапта сақтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |