72.Жалпы жансыздандырудан кейінгі пациент күтімінің
іс –әрекет алгоритмі
Пациентті таза, жастықсыз төсекке жатқызу.
Тамыр соғуын, демін, қан қысымын, дене қызуын өлшеу.
Диурезді қадағалау.
Дренаж бойынша шыққан сұйықтықтың мөлшерін, түсін қадағалау
Пациенттің динамикалық қадағалау қағазын жүргізу.
Операциядан кейінгі жараны қадағалау.
Наркоздан оянған соң, операцияға байланысты пациентке ыңғайлы жағдай беру.
73.Ұзақ уақыт қысылу синдромындағы іс-әрекетінің алгоритмі
Ұзақ уақыт қысылу синдромы – бұл патологиялық жағдай, жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт қысылу себебінен пайда болатын, жарақат шогына, токсемияға, плазма жоғалтуға әкелетін. Бұл синдром кездеседі жер сілкіністе, жарылыстарда, жол-көлік, теміржол аппатарда.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
1.Қысылған жерден жоғары, аяқ қолды босатқанша ширақ салу.
2.Қысылған заттан аяқты босатқан соң, шетінен бастап ортасына дейін тығыз байлам салу, сосын ширақты босату.
3.Жансыздандыру (2% промедол -2 мл бұлшықетке).
4.Аяқ қолды құрсаулармен бекіту.
5.Көктамыр ішіне полиглюкин (реополиглюкин – 500 мл кордиамин, 60 мл преднизолон).
6.Аяққа мұзды мұздық қою.
7. Зембілге арқасымен жатқызу.
8. Қан қысымын, тамры соғуын қадағалау.
9.Реанимация бөліміне тасымалдау.
10.Сіреспенің алдын алу шаралары.
74.Аяқ-қолдың травмалық үзілуіндегі
іс-әрекет алгоритмі
Бұнда өткір қансырау, травмалық шок пайда болады.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
1.Аяқ қолды киіммен босату.
2.Үзілген жерден жоғары ширақты салып, қанды тоқтату.
3.Жансыздандыру 2% промедол 2 мл бұлшықетке.
4.Жараға асептикалық байлам салу.
5.Аяқ-қолды құрсаумен бекіту, ширақ көрініп тұру керек.
6.Байлам үстіне мұзды мұйық қою.
7.Көктамыр ішіне полиглюкин (реополигюкин -500 мл, 2 мл кордиамин, 60 мл преднизолон).
8.Зембілге арқасымен жатқызу.
9.Үзілген аяқ-қолды үлкен целлофан пакетке салып, мұзды мұйық орналастыру керек.
10.Жарақат шогының диагностикасына қан қысымын, тамыр соғуын өлшеу.
11.Хирургия бөліміне тасымалдау.
12. Сіреспенің алдын алу шараларын жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |