Оқулық құрал «Алгоритмдер»


Үсік кезіндегі іс –әрекет алгоритмі



бет37/56
Дата10.11.2023
өлшемі134,89 Kb.
#190936
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
Байланысты:
АЛГОРИТМЫ по хирургии

80.Үсік кезіндегі іс –әрекет алгоритмі
Үсік – төменгі температураның әсерінен тіндердің жарақаты.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
І әдіс.
1.Үсіген жерді қолмен ақырын уқалау.
2.Кепкен жылы изоляциялық байлам салу (мақталы –марлялы тампон бет жағынан целлофан, немесе клеенка оның сыртынан жұмсақ дәке немесе түбіт орамал).
3. Үсіген аяқ қолға иммобилизация өткізу.
4.Тез арада емдік ауруханаға жеткізу.
ІІ әдіс
1.Үсіген жерді қолмен ақырын уқалау.
2.Дененің үсіген бөлігін бөлме температурадағы +180С суға орналастыру, оның температурасын біртіндеп +380С көтеру. Кепкен дәкемен сүрту.
3. Үсіген жерге асептикалық байлам салу.
4. Аяқ қолды құрсаулармен немесе косынкалы байламмен бекіту.
Зардап шеккен адамға ыстық шәй, кофе беру.
5.Бұлшық етке 1% дибазол 1 мл ,1% никотин қышқылы 1 мл.
6.Жарақат бөліміне тамысалдау.


81. Антибиотиктерге байқау жүргізу іс –әрекет алгоритмі

Дәрігер байқау түрін тағайындайды, бірақ оны жүргізудің


алдында медицина қызметкері науқастан антибиотикке
сезімталдығын сұрап біледі. Сезімталдығы болса,оны дәрігерге
айту қажет.


Аппликациялық байқау
1. Білектің алақан жағын, ішті, арқасын 70% спиртпен
өңдейді.
2. Одан соң төрт қабат 1,5 х1,5 см көлеміндегі дәкені
пенициллинге немесе басқа антибиотикке сулап алып
жапсырады.
3. Үстін компресс қағазбен жауып, оны таңғышпен немесе
лейкопластрмен бекітеді.
4. Нәтижесін 20 минуттан кейін анықтайды.
5. Егер қызарса, қышу, күлдіреу пайда болса, онда бұл
антибиотикті қолдануға болмайды.


Скарификациялық байқау
1. Білектің алақан жағына 70% спиртті жағады.
2. 10 000 Б антибиотиктің ерітіндісін қойып, қасына бір тамшы еріткішті құяды.
3. Иненің ұшымен теріге ұзындығы 1 см сызат түсіреді.
4. Сызат аумағы 20 минуттан кейін қызарса, болмаса күлдіреу пайда болса, бұл антибиотик емдеуге жарамайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет