Оқулық құрал «Алгоритмдер»


Клапанды пневмоторакс кезінде іс-әрекетінің алгоритмі



бет45/56
Дата10.11.2023
өлшемі134,89 Kb.
#190936
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
Байланысты:
АЛГОРИТМЫ по хирургии
ТЕСТ 3
104.Клапанды пневмоторакс кезінде іс-әрекетінің алгоритмі

Клапанды пневмоторакс терідегі жарадан плевра қуысына әр демалған сайын ауа кіреді, демді шығарған кезде жара бітеледі. Әр дем алған сайын плевра қуысында ауаның мөлшері ұлғая түседі.


Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жансыздандыру (50% анальгин ерітіндісін немесе 2% 1 мл промедол ерітіндісін бұлшық етке)
Жара аймағын антисептикпен өңдеу
Жараға окклюзиондық байлам салу (жараға тампонада өткізген соң, жара аймағын майлы ертііндімен өңдеп, клеенкалы байлам салу, жабысқақ пластырмен бекіту)
Жараға мұзды мұйық қою
Жарақаттанған жақта ауаны сорып алу үшін плевральдық пункция өткізу
Оттегін беру
Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, бұлшық етке 2 мл кордиамин
Зембілге жартылай жатқызып, хирургия бөліміне тасымалдау
Қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалау
Сіреспенің алдын алуын шешу.


105. Сарысу еңгізудегі іс – әрекет алгоритмі.
Жабдықтар: сыворатка (1:100 есе ерітілген), шприц, мақта домалағы, 70% спирт, таза сары су, сызғыш, құм сағат.
Іс-әрекет алгоритмі:
Шприцке 1:100 есе ерітілген (қызылмен жазылған) ампуладан сыворотка сорып ал, ауасын шығаруға есептеп ал.
Білектің 3:1 бөлігінің алдыңғыт бетін жоғарыдан төмен спиртпен өңдеу.
Иньекция орнының терісін төмен тарт.
Ине кесігін жоғары қаратып ұстап, тері ішіне 0,1 мл сыворотканы еңгіз.
Иньекция орнына папула пайда болады.
20 минуттан кейін папула диаметрі сызғышпен өлше.
Егер папула диаметрі 0,9 см аспаса, байқау қорытындысы теріс деп есептелінеді.
Ерітілмеген (көкпен жазылған ампула) сыворотканы 0,1 мл тері астына еңгіз.
1-1,5 сағаттан соң байқау қорытындысы теріс болса, қалған дозаны бұлшық етке немесе тамыр ішіне еңгіз, егер тері ішіне салған байқау нәтижесі оң болса, ерітілмеген сарысуды еңгізу гормонды препараттармен бірге және 0,5 2,0 5,0 мл еңгізіледі.


Ескерту.
Сыворотканы еңгізбес бұрын шығару және сақтау мерзіміне, мөлдірлігіне қара, 37 гр С температурада жылыт, байқау қортындысын дәрігерге оқыт, нәтижесін ауру тарихына жаз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет