106. Ми-жұлын сұйықтығын алу процедурасына қатысудағы іс- әрекет.
Жабдықтар: анестезия жүргізуге инелер, шприц, 5,0; 10,0; 0,5 % новокаин, 70% спирт, мақта домалақтары, йод, мандрені бар арнайы ине, салфеткалар, штативтегі пробиркалар, стерильді материлы бар бикс, лейкопластырь, сүлгі, жолдама, жедел көмекке қажетті препараттар.
Іс-әрекет алгоритмі:
Процедура жүргізу ережесін түсіндір.
Сырақатты кушеткаға қырынан басын алдыға, аяғын ішіне бүгіп жатуын түсіндір.
Қолыңды өңде, зарарсыздандырылған халат, маска, резеңке қолғап ки.
Процедура барысында дәрігерге көмектес, сырқат жағдайын бақыла.
Сырқатты процедурадан каталкамен палатасына әкел.
Төсек ережесін 2 сағат сақталуын қадағала.
Сырқат дене қызуын, қан қысымын, тынысын бақыла, пункция орнын асептика, антисептика ережелерін орындай отырып, күтім ұйымдастыр.
Ескерту:Процедура жасайтын күннің алдында жеңіл тамақ ішкіз, гигиеналық ванна қабылдат, тазалау клизмасын жаса, алынған ми –жұлын сұйықтығын зертханаға контейнерде жылытқышқа орап жеткіз, егер мұмкін болса 18 сағатқа термостатқа сақта.
107.Механикалық жарақаттарда шұғыл көмек көрсеткен кезде іс-әрекетінің алгоритмі
Соғылу-жұмсақ тіндерді жарақаты, терінің толықтығы сақталған.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жансыздандыру өткізу (анальгин беру, бұлшық етке 50%-2 мл анальгин енгізу, немесе жергілікті анестезия 50 мл 0,5% новокаин)
Аяқ-қолды жұмсақ байламдармен немесе құрсаумен бекіту.
Жарақаттанған жерге мұзды мұйық 2-3 сағатқа, арасында 20 минут үзіліс.
Жарақаттанған дене бөлігін көтеріп, пациентті жатқызу.
Ауруханаға тасымалдау
108.Гипс байламын салудағы іс-әрекетінің алгоритмдері
Көрсеткіші: ашық сынықтардың хирургиялық өңдеу жүргізгеннен кейін, операциядан кейін.
Құжаттар:
Суы бар ыдыс;
Гипс бинттері;
Гипс дайындауға арналған үстел;
Ортопедиялық үстел.
Достарыңызбен бөлісу: |