Оқулық құрал «Алгоритмдер»


Қолды 0,5% хлоргексидин биглюконат (гибитан) ерітіндісімен өңдеген



бет4/56
Дата10.11.2023
өлшемі134,89 Kb.
#190936
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
АЛГОРИТМЫ по хирургии
ТЕСТ 3
4.Қолды 0,5% хлоргексидин биглюконат (гибитан) ерітіндісімен өңдеген
кезде іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: Операцияға қатысатын мед персоналдың қолын заласыздандыру үшін.
Құрал -жабдықтар:
0,5% хлоргексин ерітіндісі бар флакон.:
70% этил спирті бар флакон;
Бикс таңу материалдармен;
Бір рет қана қолданатын сабын; құм сағат (1-3 минут).
Іс-әрекетінің алгоритмі:
0,5% хлоргексидин ерітіндісі бар флаконды дайындау.
Подставкаға таңу материалы бар, операциялық жабдықтары бар биксті орналастыру.
1 минуттық құм сағатты қою, сабын дайындау.
1 минут бойы қолды сабынмен жуу (тырнақ астын, тырнақ маңайын, саусақ араларын, саусақтарды, алақанды, қолдың сыртын сол жақ қолдың, сосын оң жақ қолды, сол жақ, оң жақ білезікті, сол жақ, оң жақ білектерді шынтақ буынға дейін). Ағынды су астында сабынды жою үшін саусақтың ұшынан бастап, шынтаққа дейін шаю. Залалсыздандырылған орамалмен қолды кептіру (оң жақ қолдың саусақтарынан бастап негізіне дейін, алақанды білезік буынға дейін, оң жақ қолдың ішкі сыртын ортаңғы бөлікке дейін, содан кейін сыртқы жағын, оң жақ қолдың ішкіжағын ортаңғы бөліктен бастап шынтаққа дейін, сосын сыртқы жағын ортаңғы бөліктен бастап шынтыққа дейін).
Осындай әдіспен орамалдың төменгі бөлігін сол жақ қолға салып кептіру.
Залалсыздандырылған салфеткаларды 0,5% хлоргексидиннің спирт ерітіндісіне матырып, қолды өңдеу, тырнақтардан бастап шынтаққа дейін 2 минут бойы. Заласыздандырылған салфеткаларды 0,5% хлоргексидиннің спирт ерітіндісіне матырып, қолды өңдеу, иықтың ортаңғы бөлігіне дейін 1 минут бойы.


5.Қолды первомур ерітіндісімен өңдеу кезіндегі іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші: Операцияға қатысатын мед персоналдың қолын залалсыздандыру үшін.
Құрал-жабдықтар:
2,4% первомур ерітіндісі бар флакон
10 литр дистилденген су бар ыдыс
Бикс операциялық жабдықтармен
Бір рет қана қолданылатын сабықұм сағат (1 минут)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет