122.Қысылған жарықтағы іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды көлденең зембілге жатқызу, тізе астына валик
Ішке мұзды мұйық қою
Хирургия бөліміне тасымалдау
Есте қалдыру: жарықты орнына салу, жансыздандыруға болмайды!
123.Асқазан ішек қансырауындағы іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Зардап шеккен адамды зембілге бір жақ қырына жатқызу, аяқ жағы көтеріңкі
Көктамыр ішіне 10% 10 мл хлорид кальциі, 5% 100 мл аминокапрон қышқылы, 12,5% 2 мл этамзилат
Ішке мұзды мұйық қою
Су бермеу
Хирургия бөліміне тасымалдау
Тік ішектің аурулары және жарақаты шұғыл көмек кезіндегі іс-әрекетінің алгоритмі
Тік ішектің жарақаттарына жатады-кілегей қабаттың жарақаты, бұл өз бетімен жазылады, және өтпелі жарақаттар.
Тік ішектің жарақатында травмалық шок, өткір қансырау, перитонит кездеседі.
124.Тік ішектің өтпелі жарақатындағы іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Жара аймағын антисептикпен өңдеу
Жараға қысып тұратын байлам салу
Жансыздандыру (50% 2 мл анальгин ерітіндісін немесе 2% 2 мл промедол ерітіндісін бұлшық етке)
Пациентті жартылай отырғызу
Көктамыр ішіне полиглюкин 500 мл, бұлшық етке 2 мл кордиамин
Проктология бөліміне тасымалдау
Сіреспенің алдын алуын шешу.
125.Тік ішек шығып кеткен кездегі іс-әрекетінің алгоритмі
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті қырына немесе тізе-шынтақ жағдайға жатқызу
Шығып кеткен ішектің кілегей қабатын тексеру-қысылуы, өліеттену жоқпа деп
Вазелин немесе басқа май жағу салфетка арқылы
Осы салфетка арқылы ішекті ақырын орнына түсіру
Қатаң төсек режим 1 сағат бойы сақтау
Балаларға жамбасты қолмен қысып 1 сағатқа жабысқақ пластырьмен бекіту
Ішектің кілегей қабаты өліеттенсе орнына салуға болмайды
Проктология бөліміне тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |