Көрсеткіші: біз берген жердің жұқпа түсірмеуінің алдын алу
Құжаттар:
3 пинцет; Купер қайшылары; Тану материалдар;
Антисептикалық ерітінділер (70% спирт, 1% йоданат, 0,5% гибитан);
Резеңкелі қолғаптар; Дез.ерітінді бар ыдыс.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті тыныштандыру, болатын манипуляцияны түсіндіру
Резеңкелі қолғап кию
Пинцетпен, спица кірген және шыққан жерге орналасқан салфетканы алып тастау
Пинцетті айырбастау
Спица кірген және шыққан жерді 1% йоданатпен өңдеу
Салфетканы 70% спиртке немесе 0,5 гибитанға матыру
2 пинцетті қолданып, салфетканы сорғыту
Дайындалған салфетканы спицаның кірген жеріне орналастыру
Дайындалған салфетканы спицаның шыққан жеріне орналастыру
Пациенттің терісіндегі салфеткалар кепкен сайын айырбастап отыру
Қолданған заттарды дез.ерітіндісі бар ыдысқа орналастыру.
136.Стандарт. Жүрек – өкпе реанимациясын жүргізу
Мақсаты: зардап шеккендерге және терминалды жағдайда реанимация жүргізу, клиникалық өлім.
Көрсеткіші: кенеттен жүректің тоқтауы, клиникалық өлім, электрожарақат, суға бату, жол апаттары, жазатайым жағдай ж/е т.б.
Кері көрсеткіші: кеш жасалған реанимация, онкологиялық және ауыр созылмалы аурулардың терминалды сатылары, қарттық жас.
Құрал жабдықтар:
-Стерильді қолғап, маска
-стерильді таңғыш материал (дәке, бинт, мед-қ марлы)
Науқастың мүмкін болатын мәселелер :
-декортикация
-постреанимациялық синдром
-қабырғалардың сынуы, төс аймағының жарақаттанулары
-тілдің тыныс жолдарына түскен кездегі обтурация, асқазан заттары тыныс жолдарына түсуі.
Іс – әрекет алгоритмі
Жүрек – өкпе реанимациясының көрсеткішін анықтау, жүрек және тыныс алудың тоқтауының белгілерін анықтау.
Зардап шегушіге реанимация жүргізуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз ету (науқасты тегіс қатты жерге арқасымен жатқызады, тізеден төмен деңгейде)
Бір қолдың алақаны төстің семсер тәрізді өсіндісінен 2 см жоғары, төстің төменгі 1/3 бөлігіне қояды. Екінші қолдың алақаны бірінші қолдың үстіне қояды, қолдар шынтақ буынында тік болуы тиіс, қолдары «құлып» тәрізді немесе саусақтар тік болуы тиіс.
Алақынды кеуде торынан ажыратпай, 5-6 см тереңдікте, минутына 100-120 рет жылдамдықпен, ырғақты түрде компрессия жасаймыз. Өкпеге жасанды тыныс беру және кеуде торына компрессия жасау қатынасы 2:30
Үштік Сафараны әдісін жүргізу (басын артқа шалқайтып, астыңғы жағын алдыға жылжытып, ауызын ашу)
Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін тексеру, ауыз қуысын бөгде заттардан тазалау.
Зардап шегушінің ауызын дәкемен жауып, бір қолмен маңдайынан ұстап, төменгі жақты ұстап тұру.
Өкпеге ауа алып, зардап шегушіге ауыздан ауызға тәсілімен жасанда тыныс беру, сол кезде науқастың кеудесі 3 – 4 см көтерілу керек.
Әрбір 1-2 минут сайын орындалып жатқан реанимацияның эффективтілігін тексереміз (ұйқы артериясының пульсациясын анықтау, көз қарашығының тарылуы, тері қабаты түсінің өзгеруі)
Достарыңызбен бөлісу: |