5.11 Алюминий гидрототығын қыздыру
Алюминий тотығы өндірісінің алюминий гидроокисін қыздыру процессі технологиялық тізбектің соңғы тармағы болып келеді. Қыздыру мақсаты алюминий гидроокисінің құрамынан суды бөліп, таза, ылғалды өткізбейтін алюминий тотығын алу.
Қыздыру процессі ұзындығы L=110м; d=4.5м және 2% төмен ығысқан айналмалы құбырлық пештерде шамамен 1100-1300 оС температура аралығында жүргізіледі.
Негізгі реакция мынадай
2Al(OH)3 Al2O3 + 3H2O (5.26)
және алюминий гидроксиді қыздыру кезінде мынадай құрылымдық өзгерістерге түседі
Al(OH)3100–200 оС Al(OH)3 200–250 оС AlOOH 400–500 оС
ылғалды құрғақ бемит
γ– Al2O3 920–950 оС Al2O3
корунд
Пештен қыздырылып шыққан алюминий тотығын салқындату үшін ұзындығы L=38,5м; d=3,6м және төмендік ығысуы 2% айналмалы құбырлық тоңазытқыш қолданылады.
Өнім алюминий гидроксиді тасымалық конвейерлер жүйесінің көмегімен сүзгі бөлікшесінен пештердің шанабына түсіріледі. Гидраттың ылғалдылығы 10% жоғары болмауы керек.
Пештердің отыны ретінде мазут қолданылады, қазіргі таңда зауытта отын ретінде тас көмірді газға айналдырып, пештерге газды беру технологиясы жүзеге асырылып жатыр.
Гидрат пештің суық басынан,ал мазут бүріккіштердің көмегімен пештің ыстық басынан беріледі, сөйтіп гидрат оттың жалынына қарсы жүреді.
Тоңазытқыштан шыққан алюминий тотығының температурасы 200 оС жоғары болмауы керек.
Салқындатылған алюминий тотығы тоңазытқыштардан шанаптарға түсіп, содан кейін камералық сорғыштармен алюминий тотығы қоймаларына жіберіледі.
Тұтынушыларға сатылатын алюминий тотығының шығым көрсеткіші ең маңызды көрсеткіш болып табылады, өйткені сол көрсеткіш арқылы қолданылып жүрген технологияның экономикалық тиімділігін және өңделген бокситтен алюминий тотығы қаншалықты толық шығарылып алынды немесе қаншалықты жоғалтылғанын көруге болады
, (5.27)
мұндағы ηш – алюминий тотығының шығуы, (%);
Q1 – бокситтің белгілі бір салмағынан өндірілген
алюминий тотығының мөлшер, кг;
Q2 – белгілі бір салмақтағы бокситтің құрамындағы
алюминий тотығының мөлшері, кг.
Алюминий гидроксидін (Al(OH)3) кальциндеу процесі алюминий тотығын өндіру тәсілдерінің барлық түрлерінің соңғы сатысы және оның негізгі қасиеттері мен сипаттамасын анықтайтын бөлікше болып табылады.
Жуылып және сүзгіден өтіп, кальциндеуге жіберілген өнімдік гидрат химиялық және физикалық құрамдары жағынан төмендегідей талаптарға сай келуі керек:
Қоспалардың массалық еншісі: SiO2 0,02% көп емес;
Fe2O3 0,03% көп емес;
Na2O 0,39% көп емес;
Ылғалдылығы 10% көп емес;
Ірілігі 32 мкм кіші фракциялар 30% көп емес.
Негізгі (5.26) реакциясы жүру үшін, яғни алюминий оксиді мен су молекулаларының арасындағы химиялық байланысты бұзу үшін көп мөлшерде энергия жұмсауға тура келеді. Іс жүзінде бұл процесс гидратты жоғарғы температураға дейін қыздырып және осы температурада оны белгілі бір уақыт аралығында ұстап тұру керек.
Отын ретінде құрамында күкірті аз М100 және М40 маркалы мазут қолданылады.
Кесте 19 – Мемлекеттік стандарт бойынша (ГОСТ 10585 -63)
мазуттың негізгі сипаттамасы
Мазуттың маркасы
|
М100
|
М40
|
80оС температурадағы шартты тұтқырлық.
|
15,5 көп емес
|
8,0 көп емес
|
Күлділігі
|
0,15 % көп емес
|
0,15 % көп емес
|
Механикалық қоспалардың мөлшері
|
1,0 % көп емес
|
2,5 % көп емес
|
Күкірттің мөлшері
|
0,5 % көп емес
|
0,5 % көп емес
|
Судың мөлшері
|
2,0 % көп емес
|
2,0 % көп емес
|
Оталу температурасы
|
110 оС төмен емес
|
90 оС төмен емес
|
Суытылу температурасы
|
+25 оС төмен емес
|
+10 оС төмен емес
|
Құрғақ отынға санағандағы төменгі жану жылулығы.
|
9650 ккал/кг
|
9700ккал/кг
|
Алюминий тотығын қыздыру қышқақты оттөзімді кірпіштермен шегенделген айналмалы құбырлық пештерде жүреді. Гидраттың алюминий тотығына айналу процесі шикізаттың химиялық құрамы мен физикалық күйінің өзгеруін сипаттайтын негізгі төрт тармақтан тұрады.
Пештік кеңістік төрт аймаққа бөлінеді және әр аймақ материалдың өзгеше түрге айналуына сәйкес келеді.
Бірінші аймақ – кептіру аймағы. Мұнда гидраттың сыртқы (физикалық) ылғалдылығы кетеді, ал материал шамамен 200-250 оС температурасына дейін қыздырылады.Шегіну газдарының температурасы шамамен 200-250 оС, ал аймаққа келіп түсетін газдардың температурасы 600 оС дейін болады.
Екінші аймақ – кальциндеу аймағы. Бұл аймақта материалдан, яғни алюминий тотығынан бүкіл химиялық ылғал кетеді, ал материал 900-950 оС температурасына дейін қыздырылады. Осы кезде гамма түріндегі (γ- Al2O3) алюминий тотығы пайда болады. Шегіну газдарының температурасы шамамен 600-700 оС
Үшінші аймақ – қыздырып-шынықтыру аймағы. Бұл аймақта орнықты гамма – түріндегі алюминий тотығының жоғарғы температуралық пішіні пайда бола бастайды. Сонымен қатар осы аймақта алюминий тотығының аса орнықты және ылғал өткізбейтін альфа – түріндегі (α- Al2O3) пішіні қарқынды түрде пайда бола бастайды. Шынығу аймағына өткен альфа – түріндегі (α- Al2O3) алюминий тотығының еншісі оның сол аймақта қаншалықты уақытта болғандығына және материалға әсер ететін жылулықтың сапасына тәуелді. Алюминий тотығының шынығу аймағынан шыққандағы температурасы шамамен 1200 оС, ал шегіну газдарының температурасы шамамен 1300-1400 оС құрайды.
Төртінші аймақ – салқындату аймағы. Бұл аймақта оттық алаудың арғы жағындағы алюминий тотығы 800-900 оС температураға дейін салқындайды.
Кесте 20 – Салқындату аймағының сипаттамасы
Аймақтың аталуы
|
Сипаттайтын параметірлері
|
Кептіру аймағы
|
W-ылғалдылық (10%→ 0 %)
|
Кальциндеу аймағы
|
Қыздырып-шынықтыру кезіндегі жоғалымдар; қ.к.ж. (34,7%→ 0,6 %)
|
Шынықтыру аймағы
|
α- Al2O3 (0 %→ 20 %)
|
Салқындату аймағы
|
Алюминий тотығының температурасы; Та.т. (1200 оС → 800 -900 оС)
|
Достарыңызбен бөлісу: |