Оқулық құралы Павлодар (075. 8) Ббк 34. 33 я73 м 27 С. Торайғыров атындағы пму ғылыми кеңесі ұсынған



бет17/19
Дата28.01.2018
өлшемі3,72 Mb.
#34744
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Кесте 22 – Кальциндеу пешінің техникалық сипаттамасы



Кальциндеу пеші

Параметрлері

Пештің ұзындығы

110м

Пештің диаметірі

4,5м

Пештің шегендеуімен қосқандағы жұмыстық көлемі

1474м3

Пештің шегендеусіз жұмыстық көлемі

1836м3

Пештің еңістігі

2%

Негізгі жетектегі ең жоғарғы айналым саны

минутына 1,56 айналым

Көмекші жетектегі айналым саны

Сағатына 3,4 айналым

Негізгі жетектегі электрқозғалтқыштың қуаты

250кВт

Көмекші жетектегі электрқозғалтқыштың қуаты

14кВт

Негізгі жетектегі электрқозғалтқыштың айналым саны

минутына 980 айналым

Көмекші жетектегі электрқозғалтқыштың айналым саны

минутына 785 айналым

Пештің тіреуішінің саны

5

Пештің ыстық жағынан айналуы

сағат тіліне қарсы


6 Күйежентектелу цехы
Күйежентектелу цехында шикіқұрам қызыл шлам, айналымдағы сода, айналымдағы ақ шлам, жаңа сода, әктас және тотықсыздандырғыш көмір дейтін заттарынан тұрады. Кей кездерде технологияда сілтілік айналым ерітінділерін көбейту мақсатында шикіқұрамға боксит те қосып отырады.

Дайындалған шикіқұрам қысым арқылы күйежентектелу пештеріне беріледі.

Күйежентектелу ұзындығы L=100м; d=5,0м және 2,5% төмен ығысқан айналмалы құбырлы пештерде жүргізіледі.

Шикіқұрам пештің ішімен жүре келе алдымен құрғайды, содан кейін қыздырылады, күйежентектеледі және жартылай салқындайды.

Күйежентектелу аймағында шикіқұрам 1150-1200 оС қызады.

Отын ретінде күйежентектелу пешінде көмір пайдаланылады, сөйтіп физика-химиялық құбылыстармен шикіқұрамның жартылай балқуы нәтижесінде пештің ішінде күйежентек пайда болады.



Негізгі реакциялар мынадай
Na2CO3 +Al2O3= Na2O·Al2O3 +CO2 (6.1)
SiO2+ 2CaO= 2CaO·SiO2 (6.2
Салқындатылған, температурасы 80 оС жоғары емес күйежентек белгілі ірілікке дейін ұсатылып, содан кейін гидрохимиялық бөлікшенің ерітінділеуіне түседі.

Ерітінділеу ұзындығы L=36м; d=3,6м және 5% төмен ығысқан айналмалы құбырлық ерітінділегіштерде жүргізіледі.

Ерітінділеу өндіріс қайтарымды суларымен қарама қарсы тәсілмен жүреді, яғни қондырғының басқы жағынан су жіберіледі, ал төменгі жағынан күйежентек жіберіледі, осы араласудың нәтижесінде күйежентектің құрамындағы натрий алюминаты сұйық ерітіндінің құрамына көшеді.

Қондырғының ағызындысы автоклавтық батареялар бөлікшесіне түседі.

Алынған ерітіндінің кремнилік модуль 350 бірлігінен кем болмауы керек.

Ерітінді алынғанан кейін шөгеді және бақылау сүзгілерінен өткізеді.

Құрамында темірі Fe2O3 0,018 г/л аспайтын сүзілген таза ерітінді сорғылармен декомпозицияға жіберіледі.

Енді осы цехтың негізгі бөлікшектерінің технологиясына тереңірек тоқтала кетейік.


6.1 Шикіқұрам бөлімшесі

Тотықсыздағыш күйежентектелуге қанықпаған шикіқұрамды дайындау үшін төмендегі өнімдер түседі:

қызыл шлам;

– боксит;

– әктас;

– кальцинделген сода;

– ақ шлам;

– тотықсыздағыш.

Шикіқұрамды дайындаудың мақсаты мен маңызы күйежентекті гидрохимиялық әдіспен қайта өңдеген кезде жақсы көрсеткіштерді қамтамасыз ететіндей құрамдағы қойыртпақты дайындауда.

Қызыл шлам. Шикіқұрамды дайындауға түсетін қызыл шлам өзінің, яғни Байер тізбегінің қызыл шламын төл ерітіндіні буландырған кездегі бөлінген қайтарымды сода ерітінділерімен қойыртпақты сұйытылған құрамнан тұрады. Бокситті Байер тәсілімен өңдеген кезде ұсақтау және ерітінділеу бөлікшелерінде жүйеден темірдің құмдары шығарылып отыратынын еске ала кеткен жөн болады. Бұл құбылыс күйежентектелу цехы үшін өте маңызды, өйткені күйежентектелу кезінде физика-химиялық процестерге кері әсер ететін гематит пен (Fe2O3) бірге, (SO3)-2 және (СО2)-2 сияқты зиянды қоспалар да темір құмдарының құрамы мен бірге кетіп, күйежентектелуге жіберілетін шикіқұрамның сапасы анағұрлым жақсарады. Бұл айырмашылықты төмендегі кестеден қарап көруімізге болады.
Кесте 23

Құрамы

Fe2O3

SO3

СО2

Боксит

18,0

0,65

1,93

Темірдің құмдары

50,4

3,05

9,20



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет