Оқулық құралы Павлодар (075. 8) Ббк 34. 33 я73 м 27 С. Торайғыров атындағы пму ғылыми кеңесі ұсынған



бет9/19
Дата28.01.2018
өлшемі3,72 Mb.
#34744
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

5.2 Ерітінділеу

Ұнтақтау бөлімшесінде айналымдағы ерітіндімен араласып үлгерген бокситтен пайда болған өнім шикі қойыртпақ ерітінділеу бөлікшесіне жіберіледі. Бокситті ерітінділеу, ерітінділенген қойыртпақты сулау және суланған қойыртпақты ұстау, яғни кремниден ажырату осының барлығы қосылған тізбектен құралған шынжырлы бұлғауыштарда іске асады.

Қойыртпақтың өздігінен бір бұлғауыштан екінші бұлғауышқа құйылуы үшін қосылған бұлғауыштар, яғни каскад ретінде орналастырылған.

Ерітінділеу процессінің негізгі реакиялары төмендегідей


Al(OH) 3 + NaOH= NaAl (OH) 4 (5.2)
Пісірілген қойыртпақты сулау қызыл шламды жуғандағы өндірістің бірінші суларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сулау процесі сұйық фазаның араластырылған қойыртпағының тапсырылған концентрациясын алғанға дейін жүреді. Ерітіндінің кремнилік модулі кремниден тазаланғаннан кейін 320-360 бірлігіне жетеді.

Шөгудің жұмысын арттыру үшін ерітінділейтін қондырғылардың соңғысына коагулянт қосылады.


SiO2 + NaOH= Na2 SiO3 + H2O (5.3)
Na2 SiO3 + NaAl (OH) 4 = Na2O·Al2O3·2SiO2·H2O+ NaOH (5.4)
5.3 Қызыл шламды қоюландыру және жуу

Қызыл шламды қоюландыру және жуу үшін екі түрлі қондырғы қолданылады:



  1. диаметірі 40м, сыйымдылығы V-7750м3, ал шөгу алаңы

Sшөккен - 1250м2 тең болатын, бір ярусты қойылтқыш;

  1. диаметірі 20м, сыйымдылығы V-3240м3, ал шөгу алаңы

Sшөккен - 1570м2тең болатын бес ярусты қойылтқыш.

Сурет 5.5 – Диаметірі 40 м қойылтқыш

Сурет 5.6 – Диаметірі 20 м бес ярусты қойылтқыш
Қойылтқыштың ағызындысы бұлғауышқа құйылып содан кейін сорғыштармен сүзілуге жіберіледі. Қоюлануға түскен шлам қойылтқыштың астыңғы жағынан алынып,жууға жіберіледі. Шламның сұйық фазасымен ірі қатты фазаларының қатынасы шамамен 2,6-3,0 сандарының арасына сәйкес келеді,яғни (с:қ=2,6-3,0).

Қызыл шламды жуу технологиясының жүйесі қарама - қарсы, төрт рет қайталанып жууға икемделіп орналастырған, оның себебі неғұрлым қызыл шламды сапалы жуып, құрамындағы сілтімен, алюминий тотығын Байер тізбегінде алып қалуда. Шлам бастапқы жуғыш қондырғысына, ал ыстық су соңғы қондырғыға жіберіледі. Жуылып болғанан кейін шлам соңғы жуғыш қондырғылардың астыңғы тетігінен сүзілу бөлікшесіне жіберіледі, (с:қ=2,8-3,2 сан аралығында, ал сілтінің қалдығы шамамен Na2O-25г/л). Бастапқы жуғыш қондырғылардың ағындысы пісірілген қойыртпақты сулату үшін ерітінділеу бөлікшесіне жіберіледі. Қойылтқыш және жуғыш қондырғыларынан ағындыларының сапасын арттыру үшін олардың құрамына синтетикалық флокулянт Алклар -600 қосып отырады.

Қызыл шламды қоюландыру бөлікшесі қойылтқышқа келіп түсетін қойыртпақты қою-қатты (қызыл шлам) және сұйық (алюминат ерітіндісі) фазаларына бөліп, құрамындағы қатты заттары 0,3 қг/л аспайтын және қойытылған шламның с:қ=2,8-3,0 сан аралығында болатын мөлдірленген алюминат ерітіндісін алуға арналған.

Қойылтқыштың технологиялық параметрлары төмендегідей:

1) қойыртқышқа келіп түсетін қойыртпақтың сілтілік концентрациясы шамамен Na2O=105-130 г/л аралығында;

2) қойыртқыштың шламының с:қ=2,8-3,0 сандарына тең;

3) қойыртқыштың ағызындысының температурасы 98-100 оС шамасында;

4) қойыртқыштың ағызындысының құрамындағы қатты заттардың мөлшері 0,3 қг/л көп емес болуы керек.

Енді қызыл шламды қоюландырғанда әсер ететін факторларға тоқталып өтейік.

Бокситтің химиялық құрамы мен оның ұнтағының деңгейі

Қоюландыру – бұл салмақ күшінің әсерімен жүретін шөгу процесі. Өлшем бірлігі 100 мкм дейінгі бөлшектер Стокс заңына бағынады және олардың шөгу жылдамдықтары төмендегі көрсетілген теңдеу арқылы анықталады


(5.5)
мұндағы W – шөгу жылдамдығы, м/с;

ρ – қатты және сұйық фазалардың тығыздықтары,

кг/м3;



µортаның тұтқырлығы, кгс/ м2.

Теңдеуден көріп отырғанымыздай шөгу жылдамдығы негізінен сұйық фазаның тұтқырлығына және қызыл шламның түйіршік құрылымына тәуелді, яғни температура, концентрация және бөлшектің ірілігіне.

Шөгу жылдамдығы шламдағы темір оксидінің құрамы көбейгенде жоғарылап, натрий гидроалюмосилкатының (НГАС) құрамы ұлғайғанда төмендейді. Сондықтан кремнилік модулдері жоғары бокситтер ерітінділеуден кейін тұнбалау қасиеттері жақсы шламдарды түзейді.

Шламның ұсақ-майда бөлшектері оларды алдын ала іріткілер, яғни когулянттар мен флокулянттарды қосып біріктірмейінше шөгуге түспейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет