Геометрия 2500 жылдан бұрын пайда болған. Геометрия грек сөзі болып,
“жер өлшеу” деген мағынаны білдіреді (geo—жер,metreo —өлшеймін).
Геометрияның пән ретінде қалыптасуына ежелгі Египет, Бабыл, әсіресе Грецияның ғалымдары үлкен үлес қосқан. Жер алаңының деңгейін өлшеу, арық өткізу, түрлі көріністегі ыдыс, себеттер, қоймаларға қанша сұйықтық,
дән тағы басқа өнімдер сыйуын білу қажеттілігі геометрияға тиісті алғашқы мәліметтердің пайда болуына әкелген.
Нүкте, кесінді, қисық сызық, түзу сызық, көпбұрыш, квадрат,тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер, шар, куб — бұлардың бәрі геометриялықфигуралар болыптабылады. Кезкелгенгеометриялықфигуранүктелердіңжиынынантұрады. Ұлы жерлесіміз Мухаммад Мұса әл-Хорезми, Ахмад Фарғани, Әбу Райхан Беруни, Мырза Ұлықбек және олардың шәкірттері геометрия пәніннен өзінің еңбектері және ғылыми нәтижелеремен байытқан.
Геометрия түрлі фигуралардың бөлшектерін анықтау, тексеру,олардыңұзындығы,ауданы,көлемінесептеуменшұғылданады. Азиз оқушылар, сендер қарапайым фигуралар (тіктөртбұрыш, квадрат, үшбұрыш және олардан құралған фигуралардың) жақтарының ұзындығын, бетін өлшеу және есптеумен шұғылданасыңдар. Әрбір нәрсені өлшеу үшін өлшем бірлігі қажет. Сондықтан да өмірде өте маңызды болған ұзындық, аудан өлшем бірліктерімен танысасыңдар.
“10-ға дейінгі сандарды цифрлау” тақырыбын үйренуде балалар нүкте және кесіндімен танысады. Олардағы үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыштар және басқа да көпбұрыштар туралы түсініктері кеңейеді.
“100-ге дейінгі сандарды қосу және азайту” тақырыбын үйренуде тікбұрыш, тіктөртбұрыш, квадраттар, көпбұрыштардың бір түрі ретінде үйренеді.
және 4-сыныпта геометриялық фигуралар туралы түсініктері кеңейіп, тереңдейді. Мұндай елес, тісініктірді қалыптастыруда төмендегі тапсырмаларды пайдалану мүмкін:
а) Геометриялық фигуралар және олардың элементтері сызылады. (Мұндай жағдайда қажетті терминдер үйреніледі, геометриялық фигураларды біліп алу және өзара айырбастау дағдылары қалыптасады).
ә) Торкөз дәптерде сызғыш пен үшбұрыш фигураларын сызу. б) Фигураларды топтарға ажырату.
в) Фигураларды бөліктерге бөлу және бөлемдерден басқа да фигуралар жасау.
г) Түрлі предметтермен олардың бөліктерінің геометриялық фигурасын жасау.
д) (4-сыныпта) шартты белгілердің көмегемен геометриялық сызбаларды оқи алу дағдыларын қалыптастыру.
Кіші жастағы мектеп оқушыларында геометриялық түсініктерді қалыптастыру методикасында белгілі формадағы реал предметтен оның бейнесі жоқ және керісінше, бейнеден реал предметке қарай бару тиіс.
Геометриялық элементтерді үйренуде төмендегі методтарды: мысалы, геометриялық моделдеуден пайдалану, қағаз, шөп, пластилин және сымнан фигуралардың моделін жасау, қағазда геометриялық фигураларды сызу — балалардың санасында геометриялық елесті дамыту факторы болады.
Мұндай жағдайда материалдың түрі, реңі, өлшемдері, жазықтықтағы көрінісін ескермеген жағдайда фигураларды таңдау тиіс. Балалар олардың
негізгі белгілері (фигурасы, геометриялық сапасын) анықтай алсын. Сонымен қатар оқушылар геометриялық фигуралардың барлық сапасын ажырата алсын. Бұл фигуралар елестің туры болуына жәрдем береді.
Е) Мысалы, тікбұрышы төртбұрышты үйрену процессінде балалар оның екі негізгі сапасы — төртбұрыш екенін және бұрыштарының тік екенін түсініп алуы қажет.
Геометрияның мектеп курсында оның негізгі түсініктері сыныптан- сыныпқа өткен сайын өзгеріп барады. Мысалы, “кесінді”, “бұрыш”, “көпбұрыш” сияқты ұғымдардың тобына жатады. Сондықтан бастауыш сыныптың оқушыларына “Көпбұрыш не?” деп сұрақ қою қате болатын еді. Бірақ бұл сұрақты басқаша “Көбұрыш туралы не белесің?” деген сұраққа балалар өз білімінің аясында жауап береді (үшбұрыштың үш бұрышы, үш қабырғасы бар).
Төменгі сыныптың оқушыларын геометриялық фигуралармен таныстыруда ерте бастауға болған әрекет тек қана бағдарламалы талаптарды орындауға ғана емес сонымен қатар материалды натуры меңгеруге дейінгі қателіктерге жол бермеуге, мысалы, оқушылар квадраттың тік бұрышты төртбұрыш екенін аңғармайды, көпбұрышты фигуралардың есебіне тек бес- алты бұрышты фигураларды жатқызады.
Батсауыш сыныптарда геометриялық материалдарды үйренуде балалар ең қарапайым ұғымдар: тік және тік болмаған бұрыштар, көпбұрышты фигуралар (бұрыштардың санына қарай үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрышпен) танысады.
Жаттығуларды тәртіппен жүргізу тиіс. Онда балалар квадратты тіктөртбұрыш, төртбұрыш немесе көпбұрыш фигурасы деп атай алсын.
Геометриялық материалды үйренуде сызба мен өлшеу аспаптарын қолдану, қарапайым сызбаларды сызу, геометриялық фигуралардың бейнесін жасаумен байланысты болған практикалық жұмыстар балаларда тиісті жағдайлардың пайда болуына қызмет етеді. Мұндай жағдайларда орындалып жатқан жұмыстарды сөзбен сипаттау, бағдарламада көзделген символ (белгі) және терминдерде қолдана білуі үлкен маңызға ие.
Бастауыш сыныпта геометриялық фигураларды жасауға және өлшеуге қатысты дағдылар балалардың санасында ұзақ уақыт сақталады.
Құрылғылардың нақтылығы мен өлшеуге тиісті бастапқы елестер балалардың санасында бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. I сыныптың оқушылары сызғыштың көмегімен кесінділерді 1 см-ге дейін анық өлшеу дағдысына ие болуы қажет. Мұндай жағдайда қажетті практикалық жұмыстарды орындалуын тұрақты түрде бақылау қажет. Сызғыш аспаптары мен қарындаштарды пайдалануда балалардың алдына жазу және есептеу жағдайларын қалыптастыру сияқты күрделі талаптарды қою қажет.
Сызу мен өлшеуге тиісті дағдыларды қалыптастыру жұмыстарын біртіндеп тек математикада ғана емес, басқа пәндерде, соның ішінде еңбек сабағын, бейнелеу өнерін, табиғаттану сабақтарын да пайдалану қажет.
Оқушыларды геометриялық фигуралармен таныстыру методикасы. Тақырыпты үйренудегі мақсат.
Нүкте, кесінді, бұрыш, көпбұрыш, тікбұрыш, квадрат сияқты геометриялық фигуралар туралы нақты елестер мен түсініктерде қалыптастыру.
Сызу аспаптарының көмегімен және олардың көмегінсіз геометриялық фигуралар жасау үшін практикалық тәжерибе және дағдыларды қалыптастыру.
Оқушылардың кеңістік елестерен нығайту.
Бастауыш сынып оқушыларының геометриялық фигуралар туралы елестерін қалыптастыру методикасы жоғарыда айтылған міндеттерді арнайы қояды және төмендегі басқыштарды өз ішіне алады:
I басқыш (дайындау) — балалардағы геометриялық фигуралар туралы жалпы түсініктерді анықтау (балалардың өмірлік тәжерибесі, моделі, түрлі фигураларды пайдаланып, практикалық жұмыстарды орындау).
басқыш — Оқушылар мен практикалық жұмыстардың негізінде олардағы геометриялық фигуралар туралы түсініктерді қалыптастыру.
басқыш — Үйренілген материалды есте жақсы сақтап қалу үшін фигуралар жасауға тиісті арнайы таңдалған жаттығу мен мысалдарды орындау.
Оқушыларда геометриялық фигуралар туралы жалпы түсініктері “10-ға дейінгі сандарды үйрену” тақырыбын өту барсында тағы бір рет анықталады. Алғаш бұл фигуралар (шеңбер, көпбұрыш, квадрат және т.б.) материал ретінде пайдаланылады. Онда балалар есептеуді мұндай фигуралардың көмегімен, мысалы, 3 квадрат, 8 шеңбер, 5 көпбұрыш сияқты немесе кеше көпбұрыштар, қызыл немесе көк шеңберлерді санау жолымен жүргізіледі.
Мұндайда геометриялық фигуралардың атаулары мен айтылуына назар аударылады. “Кесінді” туралы сөз болғанда, оқытушы жақын маңайдағы предметтер — (қарындаш, сызғышты) пайдаланып, кесіндіні қағазда қалай бейнелеу қажеттігін көрсетеді.
Балалар материалдарды — (тақта немесе үстелдің қыры), сосын геометриялық фигураларды (көпбұрыштың қабырғаларын) кесінділерді табуды үйренеді. Мұндай жағдайда балаларды “нүкте” және “кесінді” ұғымдарын нақты көрсетуге үйрету маңызды болып табылады. Кесінділерді жасауға тиісті дағдыларды қалыптастыру процессінде сызбалардың нақтылығы мен сапасына деген талапты күшейту тиіс. Бастапқыда сызғыш, қарындаш, қолдың жағдайы дұрыс болуын бақылау қажет. Балаларды кесінді жасауға үйретуге тиісті жаттығулардан шағын мысал келтіреміз.
Балалар оқытушының тапсырмасымен дәптердің бетінің басынан 2 және солдан 3 тор тастап, нүкте қойды. Кейін бұл нүктеден оңға 5, төменге 2 торкөз тастап, 2 нүктені қойды. Бұл нүктелерді сызғыштың көмегімен (сызғышты сол қолмен ұстап, оң қолмен сызады).
Дәптердің жоғары бөлімінде бір нүкте таңдап,оны жасалған кесіндінің сол жақтағы нүктесіне жақын тағы бір кесінді түсірді.
Балаларды тікбұрышпен таныстыруда осындай практикалық жаттығуды орындау мүмкін:
Оқытушы балаларға бір уақытта қағаз алып, оны алдымен ортасынан бүктеуді, сосын тағы бір рет бүктеуді көрсетеді.
Бұл жұмыстарды оқытушы орындағанда барлық балалар көріп тұруы қажет. Сосын балаларға пайда болған бұрыштың тікбұрыштың моделі екені түсіндіріледі. Оқытушы бұрыштың биіктігі мен қабырғаларын көрсетеді.
Сұхбат өткізіледі:
қандай фигура пайда болды? (Тікбұрыш, көпбұрыштар);
оның қабырғалары мен биіктігін көрсет:
ал енді өзің жасаған тіктөртбұрышты салыстыр:
Мұның үшін олардың біреуін екіншісінің үстіне қою тиіс, яғни қабырғалары бір-біріне сай келіп, бұрыштың төменгі бөлігіне жайғассын. (оқушылар да оқытушымен бірге бұрыштарды салыстырады).
Бұрыштың басқа қабырғалары туралы тағы не айту мүмкін (бұл қабырғалар да сәйкес келеді);
Тікбұрыштар тең келді. Өзің жасаған көпбұрыштан тікбұрышты тап. (бұрыштарды бір-бірінің үстіне қойып, көпбұрыштағы бұрыштың да туры екенін анықтайды).
Қолдарындағы тікбұрыштың моделімен осы суреттегі тікбұрыштарды анықтап, оның биіктігінің жан-жағын бояу тапсырылады.
Бастауыш сыныптарда үйренілген көпбұрыштардың ендеше тікбұрыш және оның көп кездесетін көрінісі болған квадрат арнаулы орынды иелейді. Оқушылар кез келген квадрат тікбұрыш екенін немесе керісінше кез келген тікбұрыш квадрат емес екенін түсініп алуы тиіс.
Тікбұрышты үйренуге арналған жаттығудан бір мысал әр оқушыға әртүрлі реңмен боялған түрлі тікбұрыштар салынған конверт беріледі.
Сұхбат:
бұл фигуралар не деп аталады? (төртбұрыштар);
моделдің көмегінде олардың тек бұрыштарын тап және сол жерде боя;
екі тік бұрышы болған төртбұрышты көрсет. Еке тікбұрышты төртбұрышты көрсет және тек болған биіктігін қасынан боя;
тік бұрышы бар болған көпбұрышты фигураны тап.
(Оқушалар мұндай төртбұрыштардың барлық бөлігі туры екенін аңғарады);
төрт бұрышы тең болған төртбұрыштар тік бұрышты төртбұрыштар деп аталады. Балалар тік бұрыштардың биіктігінің жанын бояады және оқытушыға көрсетеді.
Оқушалар тікбұрышты төртбұрыштардың негізгі және негізгі болмаған сапасын анықтауы үшін кейде сабақ барысында ойын ретінде жаттығуларды орындауы мүмкін.
Мұндай жаттығулар балалардың санасында ең негізгі түсінік— тіктөртбұрыштың белгілерін нығайтады.
Бірінші сыныптың оқушылары бұл ұғымды тереңрек түсініп алуы үшін мынадай ойын өткеізу мүмкін.
Оқу құралдарының ішенде түрлі өлшемдегі және реңдегі тік бұрышты төртбұрыштардың фигурасы беріледі. Және олардың біреуі тік бұрышты төртбұрыш емес.
Тікбұрыштың белгілерін түсіну үшін балалармен төмендегі жаттығуларды орындау ұсынылады:
Сызбалардың ішінде, қарапайым, тұрмыстық жағдайда тік төртбұрышты басқа фигуралардан ажырата білу.
Тіктөртбұрыштарды оның белгілеріне қарап табу.
Басқа геометриялық фигуралардан тік төртбұрыш жасау.
Тік төртбұрыштар жасау.
Төмендеге практикалық жұмыстарды ұйымдастыру пайдалы саналады.
Балалар суретте берілген фигуралардың бейнесі түсірілген үлестірмелі қағаздарды алады. Барлық тік төртбұрыштарды бояп, цифр сандарын дәптерге жазу ұсынылады.
Квадратты тікбұрыш деп те, кейінерек көпбұрыш деп те айту мүмкіндігі “Атын айт!” ойынында да өз көрінісін табу мүмкін. Оқытушы пакеттен фигураны алып балаларға тек қана оның белгілерін айтады және балалардан бұл не? деп сұрайды. Мысалы:
Менің қолымда қызыл түсті фигура, оның төрт бұрышы, төрт биіктігі және төрт қабырғасы бар. Бұл қандай фигура? (Бұл төртбұрыш).
Менің қолымда картон қағазынан жасалған сары фигура бар. Оның 4 қабырғасы, 4 биіктігі және 4 бұрышы бар. Оның барлық бұрыштары тікбұрыш, бұл фигураның аты не? (Бұл — тіктөртбұрыш).
Менджеге төртбұрыш фигурасының екі бұрышы тікбұрыш оны тік бұрышты төртбұрыш деуге болады ма? Жоқ тек болғанда барлық бұрыштары тік болу қажет. “Артықша фигураны алып таста” ойынында да пайдалануға болады. Тақтаға түрлі түстегі тіктөртбұрыш ілінеді. Оның екеуі квадрат.
Бұл фигуралар не деп аталады? (Төртбұрыштар, тіктөртбұрыштар).
Не үшін бұлай аталады? Өйткіні төрт бұрышы да тең, төр қабырғасы
бар.
Бұлардың қайсыбірі артықша? (Көк төртбұрышты алып тастаса, екі
квадрат қалады).
Қалған фигуралардың квадрат екенін кім дәлелдеп береді? (төрт қабырғасы өлшенеді, егер олар тең болса, демек квадрат болады).
Балаларға тағы осындай тапсырма беру мүмкін: тақтаға үш квадрат ілінеді. Оқытушы олардың қабырғаларын өлшеп, бір-бірімен салыстыруды айтады. Балалар қабырғаларды өлшеп, үш квадраттың өзара тең екенін біліп алады.
Модел тікбұрыштың көмегімен барлық бұрыштары тік болған төртбұрышты табады.
Бұл фигураларды бір сөзбен не деп атау мүмкін? (Төртбұрыштар):
Олардың ішіндегі қайсысы артықша? (Қызыл). Оқытушы қызыл ткүсті фигураны алып тастайды.
Жасыл және көк фигураларды қалай атайды? (Квадраттар).
Тағы не деп атау мүмкін? ( Тіктөртбұрыштар).
Неліктен қызыл түсті фигураны квадрат деп атай алмаймыз? (Барлық бұрыштары тік және тең емес).
Демек, жасыл және көк фигураларды квадраттар деп атаймыз.
Дәптеріңе квадрат сызып, қызыл қарындашпен бояп шық.
Мұндай тапсырмаларды орындап, оқушылар квадраттың басты белгілерін анықтай алсын. Квадраттың қабырғалары тең төртбұрыш болып, балалар енді оның оншалықты маңызды болмаған белгілері — реңі, материалы, өлшемдеріне де назар аударуға үйрене бастайды.
Бастауыш математика бағдарламасында геометриялық материал үлкен орын иелейді. Геометриялық материалды үйренудің негізгі мақсаты геометриялық фигуралар (нүкте, түзу және қисық сызық, түзу сызықтың кесіндісі, қисық сызық, көпбұрыш, шеңбер) және олардың элементтері туралы, фигуралар мен элементтердің арасындағы қатынастар туралы, олардың кейбір бөлшектері туралы түсініктердің толық жүйесін құрастырудан тұрады.
Геометриялық фигуралар туралы кеңістік елестер, геометриялық фигураларды сызу және өлшеу аспаптарының көмегінде және бұл аспаптардың көмегінсіз өлшеудің, жасаудың практикалық (көзбен шамалау, қолда сызу, т.б.) құрастырылады; оқушылардың сөйлеу және пікірлеуі де соның негізінде дамытылады.