Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет36/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
3.
 
Тиісті дәріханалық практиканың негізгі талаптары.
 
4.
 
Фармацевттердің төрт негізгі рөлі.
 
5.
 
Дәрілік құралдарды дайындаудың тиісті тәжірибесі.Сипаттамасы.
 
6.
 
Дәріхана ұйымының сапа менеджменті.
 
7.
 
СМЖ құрудың кезеңдері.
 
8.
 
Сапа менеджментінің негізгі принциптері.
 
9.
 
Стандартты операциялық процедуралар. Құрылымы.
 
 
 
 
 
 
 


71 
1.5. Дәрілік түрлердің жіктелуі 
Дәрілік түрлер технологиясының мақсаты – дәрілік препараттар түрінде 
қолданылатын әртүрлі өнімдер жасау. Олардың қасиеттері, табиғаты және 
алынуы әртүрлі, сондықтан, оларды сәйкес топтарға жіктеу қолайлы. 
Технологиялық тұрғыдан жіктеу өнімді дайындаудың тиімді схемасын алдын-
ала анықтауға мүмкіндік береді және оқу курсында материалды оқып үйренуді 
жеңілдетеді. 
Қазіргі кезде әртүрлі принциптерге негізделген дәрілік түрлер жіктелуінің 
бірнеше жүйелері белгілі. 
Агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуін 
академик 
ғалым Ю.К.Трапп ұсынған. Барлық дәрілік түрлер агрегаттық күйіне 
байланысты төрт топқа бөлінеді: қатты, сұйық, жұмсақ және газ тәріздес. 
Қатты дәрілік түрлерге – жинақтар, ұнтақтар, таблеткалар, пилюлялар, 
суппозиторийлер, шариктер, таяқшалар, түйіршіктер, микротүйіршіктер; 
жұмсақ дәрілік түрлерге – жағар майлар, пластырлер; сұйық дәрілік түрлерге – 
микстуралар, тамшылар, басуға (дәрілі дымқыл дәке), шаюға арналған 
ерітінділер; газ тәріздес дәрілік түрлерге – газдар, булар, аэрозольдер жатады. 
Агрегаттық күйі бойынша жіктелу геометриялық түрді сипаттайтын 
болғандықтан, дәрілік түрлерге алғашқы сипаттама беру үшін қолайлы 
(конустық, цилиндрлік суппозиторийлер). Агрегаттық күйі дәрілік препаратқа 
белгілі бір түр беру мүмкіндігіне де байланысты болады. Мысалы, жұмсақ 
массалардан жасалуы мүмкін емес пилюлялар, шариктер. Бұл жіктелу дәрілік 
түрдің әсер ету жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. Сұйық дәрілік 
түрлер қатты дәрілік түрлерге қарағанда тез әсер етеді, себебі, қатты дәрілік 
түрлер сіңірілу алдында ағзаның биологиялық сұйықтықтарында еруі тиіс. 
Бірақ, агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуінің бірқатар 
кемшіліктері бар. Мысалы, бір дәрілік түр құрамындағы қосымша заттардың 
физикалық қасиетеріне байланысты әртүрлі топқа жатуы мүмкін (мысалы, 
майлы негізде дайындалған суппозиторийлер – жұмсақ дәрілік түрге, ал 
полиэтиленоксид негізінде дайындалған суппозиторийлер – қатты дәрілік түрге 
жатады). Қолдану тәсіліне байланысты дәрілік түрлерге қойылатын ерекше 
талаптар ескерілмейді (мысалы, ішуге қолдануға арналған ұнтақтар және жара 
бетіне себуге арналған ұнтақтар). Сонымен бірге, дәрілік түрлердің агрегаттық 
күйі бойынша жіктелуінде, дәрілік түрлерді дайындау барысында қолданылатын 
технологиялық процестер жөнінде ақпарат болмайды. Ал ол – технологиядағы 
негізгі белгі болып саналады, өйткені, технология – өндірістік процестер 
жөніндегі ғылым. 
Бірақ, жіктеудің бұл түрі қазіргі кезге дейін сақталып, дәрілік түрлерге 
алғашқы сипаттама беруге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет