Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет39/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
шаншуға 
арналған
 
дәрілік түрлер де жатады. Дәрілік құралдар тез қанға өтіп, 1-
2 минуттан соң әсер көрсетеді. Шаншуға арналған дәрілік түрлер тез көмек 
көрсету үшін және ес-түссіз жағдайдағы ауруларға енгізу үшін, асқазан-ішек 
трактысында бұзылатын дәрілік құралдарды енгізу үшін қолайлы болып 
табылады.
Енгізудің ерекше тәсілін талап ететіндіктен, шаншуға арналған дәрілік 
түрлерге қатаң талаптар қойылады: стерилділік, апирогендік, механикалық 
қоспалардың болмауы және тұрақтылық. 
Дәрілік түрлердің енгізу жолдары бойынша жіктелуінің технологиялық 
маңызы олардың агрегаттық күйіне байланысты жіктелуіне қарағанда басым. 
Өйткені, енгізу тәсіліне байланысты дәрілік түрлерге технологиялық процесте 
қамтамасыз етілуі тиіс белгілі бір талаптар қойылады. Жіктелудің бұл түрі 
дәрілік препараттарды безендіруде де маңызды болып табылады: этикеткалар 
және сигнатуралар: жасыл түсті – ішуге арналған, сары түсті – сыртқа қолдануға 
арналған және көгілдір түсті – шаншуға арналған, қызғылт түсті – көзге 
арналған. 
Дәрілік түрлердің дисперсологиялық жіктелуі. 
Технология тұрғысынан 
қарағанда барлық дәрілік түрлерді белгілі ішкі құрылысы бар және жасап 
шығару үшін технологиялық операциялар реттілігін, яғни, технологиялық 
процестің жалпы схемасын талап ететін физика-химиялық жүйелер ретінде 
қарастыруға болады. Барлық күрделі препараттарды дайындау үшін екі негізгі 
міндет орындалады: дәрілік затты немесе бірнеше заттарды оптимальды 
диспергирлеу және диспергирленген затты тасымалдағыш массасында немесе 


74 
басқа компоненттерде біркелкі тарату. Бұл сұрақтарды барлық жағдайларда
дәрілік препараттың агрегаттық күйіне, қолдану тәсілі мен жеріне байланыссыз 
шешуге тура келеді. Ұнтақталған зат басқа бір зат массасында таралған физика-
химиялық дисперстік жүйелер (лат. dіspersіus – таралған, шашылған) екендігі 
белгілі. Таралған зат жүйенің үздіксіз дисперстік фазасын, ал тасымалдағыш зат 
жүйенің дисперстік ортасын құрайды. Осыған байланысты, барлық күрделі 
дәрілік түрлер өздерінің табиғаттары бойынша әртүрлі дисперстік жүйелер 
болып келеді. Дәрілік түрлер технологиясы дисперсологияның бір түрі болып 
табылады, (дисперстік жүйелер жөніндегі ілім). Дисперстік жүйелер жөніндегі 
ілімді академик П.А.Ребиндер зерттеген, ал дәрілік түрлердің дисперсологиялық 
жіктелуін Н.А. Александров ұсынып, А.С. Прозоровский жасап шығарған. 
Дәрілік түрлердің жіктелуін: дисперстік жүйе бөлшектері арасындағы 
байланыстың болуы немесе болмауы; дисперстік ортаның агрегаттық жағдайы; 
дисперстік фазаның майдалығы белгілері негізінде жасауға болады (кесте 1). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет