Оқулық шымкент, 2018 жыл


Иондаушы сәулемен стерильдеу (радиациялық әдіс)



Pdf көрінісі
бет300/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Иондаушы сәулемен стерильдеу (радиациялық әдіс). 
Жоғары 
эффективті және перспективті стерильдеу әдісі болып табылады. Иондаушы 
сәулелердің 
бактерицидті 
эффектісі 
клеткалардағы 
метаболизмдік 
процестеріне әсер ету натижесінде көрінеді. Сәулемен стерильдеуге 
60
Со және 
137
Со изотоптарының гамма-сәулелері, сонымен қатар антимикробты әсері 
бірдей сызықты жеделдеткіштерден жылдам элетрондар қолданылады. 
Стерильденетін доза материал табиғатына, сонымен қатар объектінің 
инициалды контаминациясына байланысты. 
Негізгі артықшылықтары: жоғары дәрежедегі микроорганизмдер 
инактивациясы, төмен температурада эффективтілігі, процесті автоматтандыру 
мүмкіндігі, заттарды орамасынмен стерильдеу мүмкіндігі. Радиациялық 
стерильдеу үлкен өндірістерде жоғары эффективті болып табылады. 
Стерильдеудің химиялық тәсілі.
Резина, полимер материалдары, шыны, 
коррозияға төзімді металдардан жасалынған бұйымдарды стерильдеу үшін 
газдармен, ерітінділерді пайдаланып, стерильдеудің химиялық әдістерін 
қолданады. Газбен стерильдеу үшін таза этилен тотығын қолданады (бромды 
метил, көміртегі қос тотығы, фреондар және т.б.) Стерильдеу газды 
стерилизаторларда жүргізіледі. 
Стерильденетін объектілерді алдын-ала полиэтилен пленкалардан 
тұратын пакеттерге немесе пергамент қағазға орамдайды. Газды әдіспен 
стерильденген бұйымдарды олардың түріне және белгілеуіне байланысты 
бірнеше тәулік бойына вентиляциялық бөлмелерде ұстайды. 
Ерітінділермен химиялық стерильдеу үшін 6% сутек асқын тотығы 
ертіндісі және қышқылға айналатын қосылыстар (кетондар, альдегиттер: 
дезоксан-1) қолданылады. Стерильдеу шыныдан, пластмассадан жасалынған 
жабық ыдыстарда жүргізіледі. Бұйымдарды толығымен ерітінділерге салып,
біраз уақыт ұстап, сонан соң асептикалық жағдайда стерильді сумен шаяды. 
Химиялық жолмен стерильдеу микрофлораға химиялық затпен әсер ету 
арқылы жүргізіледі. Осы заттардың кейбіреулері микроорганизмдерді өлтіреді, 
яғни оларға бактерицидті әсер етеді. Ондай химиялық заттарды антисептиктер 
деп атайды. Кейбір заттар микроорганизмдерді өлтірмейді, бірақ олардың әрі 
қарай дамуын тоқтатады. Бұл заттарды консерванттарға жатқызады. Қазіргі 
кезде медицинада антисептикалық және консервілеуші заттар ассортименті 
кеңеюде. Фармацевтік іс-тәжірибеде келесі консерванттар қолданылады: 
Нипагин
– параоксибензой қышқылының метил эфирі 0,25% дейінгі 
концентрацияда қолданылады. 


380 
Нипазол
– параоксибензой қышқылының пропил эфирі. Іс-тәжірибеде 7 
бөлік нипагиннен және 3 бөлік нипазолдан тұратын 0,07% ерітінді қоспасын 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет