Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Ұлттың интелектуалдық капиталы болып табылатындар



Pdf көрінісі
бет164/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika
stud.kz 6223, Жүйке жүйесінің типтері, 1 сабақ. Қысқаша көбейту формулалары, 215154, Документ (2), template, 19 ғасыр 204 (копия)
Ұлттың интелектуалдық капиталы болып табылатындар: 
- әрбір адамның зияткерлік, моральдық, мәдени дамуы, кәсіби білімі мен 
біліктілігі; 
- жеке тұлғаның оң психологиялық, моральдық ерешеліктері, ұлттық 
дәстүрлері; 
- жоғары кәсіби іскерлік, білімділік, тәрбиелік, патриотизм, азаматтық 
белсенділік, үлкен жуапкершілік, ержүректілік,әділдік,еңбек сүйгіштік; 
- әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуы. 
 
 
Ұл және қыз балаларды әлеуметтендірудегі гендерлік айырмашылық 
және заңдылықтар.
Іс-әрекеттегі гендерлік айырмашылық және әлеуметтік рөл жыныстар 
арасындағы биологиялық айырмашылықтан туындайды. 
 
10 жасқа дейін қыз балалардың және ұл балалардың салмақтары бірдей 
болады, ал 10-16 жас аралығында қыздардың салмақтары үлкен болып, 16 
жастан кейін ұлдардың салмақтары айтарлықтай үлкен болады. 


111 
Қыз балалар ұлдарға қарағанда салмақты көп қосады. Әйел адамдарда, ер 
адамдарға қарағанда энергетикалық қажеттілік төмен және салыстырмалы 
түрде зат алмасу процесі тұрақты.
Энергияны жұмсауға байланысты жыныстық айырмашылықтар байқалады: 
әйел адамдарда энергияны жұмсау байқалса, ер адамдарда, керісінше
энергияны сақтау, күштерді минимализациялау орын алады.
Өзін-өзі бағалау көп жағдайда өзгелердің әсерінен өзгеруі мүмкін. Бұл 
қасиет көп жағдайда ұлдарда және ересек ер адамдарда әйелдер мен қыздарға 
қарағанда тұрақты болып келеді. 
Ұл балалар өздерінің жеке ойларын және сезімдерін ата-анасына, 
достарына оп-оңай айта салмайды, ал қыз балалар бұл қасиетке бейім келеді. 
Қыз балалар ұл балаларға қарағанда ерте жетілгендіктен, әлемге ерте 
бейімделіп, ересектердің өміріне ерте араласа бастайды.
Қыздар мен ересек әйел адамдар да өзін-өзі төмен бағалау көптеген
уайымдаулармен жақын адамдармен қарым-қатынастың қиындауынан 
туындайды. Ал ұл балаларда мұндай мәселелер өзін-өзі бағалауына әсер 
етпейді. 
 
Оқу және академиялық табыстармен байланысты мотивация негізінде
4-тен 14 жас аралығында қыздар мен ұлдар көп жағдайда оқуға деген, 
меңгеруге деген мотивациясы бойынша ажыратылмайды, жеткіншектік кезеңде 
нәтиже басқа жаққа өзгереді. Өздерінің шынайы жетістіктеріне байланысты 
ұлдар мен қыздар 4-5 жасында бөлінбейді.
Әдетте ер адамдарға билік пен басымдылық мотивациясы басым 
келеді, ал әйелдерде ол мүлде кездеспейді. Ұл балалар алты жастан бастап 
есейгенге дейін өздерін өктем әрі басым сезінеді де сондықтан өз қылық 
әрекетін жоғары бағалайды. 
Балаларда кездесетін басымдылық келесі типке бөлінеді:
1) агрессивті басымдылық – бұл көп жағдайда физикалық тұрғыдан 
күшті және агрессивті ұл балаларға тән; 
2) өзімшілдік және әлеуметтік доминанттылық – бұл типке көп жағдайда 
3-6 жас аралығындағы қыз балалар жатады; 
3) контр басымдылық – бұл тип қыздарға тән, қыздар ұлдарға 
басымдылық танытпайды және басындырмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет