Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Бағдарлы оқытудың мәні және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет321/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Бағдарлы оқытудың мәні және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту дегеніміз
 
– тек оқушыларды бір-бірінен 
даралайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, бұл – ең алдымен, 
оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл 
субьектісі ретінде қарау: 

өз оқушыларының темпераменті, мінез-құлқы, көзқарасы, талғамы мен 
әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі; 

жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, ұстанымы, өмірге, 
еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік жоспары және т.б. маңызды 
тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап білуі;

әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі 
жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 

мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді дер кезінде айқындап, 
жойып отыруы; 

жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі; 

тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі 
тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі;

оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін 
дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, 
бағыттауы тиіс.
Бағдарлы оқытудың мақсаты – оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен 
қасиеттерін дамыту. 
Бағдарлы оқыту оқушы дамуын диагностикалау 
мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау 
әдістері негізінде іске асыруы тиіс. 
Бағдарлы оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі 
қағидасы болып табылады, оның мақсаты – әрбір баланың мүмкіндіктерін 
танып дамыту. Бағдарлы оқытудың ең негізгі құндылығы – оқушының жеке 
тұлғасы, ал негізгі мақсаты табиғи қабілеттеріне сәйкес тұлғаны дамыту және 
қалыптастыру деп атап көрсетеді. 
Бағдарлы 
оқыту дамыта оқыту, баланың жеке ерекшеліктерін 
қалыптастыруға педагогикалық қолдау көрсету, тәрбиені баланы рухани-
адамгершілік дамыту құралы ретінде қарастырады. Бағдарлы оқытудың мақсаты 
– баланы қолдау, дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі 
тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет