Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет81/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Педагогикалық 
қарым-қатынас 

 
педагогикалық 
процесс 
субъектілерінің өзара әрекеттестігінің негізі. Педагогикалық қарым-
қатынас стильдері. Әртүрлі жастағы оқушыларымен педагогикалық 
қарым-қатынастың ерекшеліктері. Педагогикалық қарым-қатынасты 
орнатуға 
қойылатын 
талаптар. 
Қазіргі 
жағдайдағы 
мұғалімнің 
коммуникативтік құзыреттілігі. 
XX ғасырдың 80 жылдары А.А.Бодалев, В.Я.Ляудис педагогикалық 
қарым-қатынасты педагогика ғылымының жаңа саласы деп көрсетті. 
Педагогикалық қарым-қатынас
– коммуникацияны орнату, дамыту, 
ұйымдастыруға бағытталған ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына 
байлансты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну және өзара 
әсер ету процесі. 
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу 
құралы, оқу процесін әлуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен 
тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-
қатынасын ұйымдастыру. 
Қарым-қатынас – топ не ұжым мүшелері арасындағы өзара байланыс 
жүйесі; адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс 
орнататын күрделі процесс. 
Дұрыс педагогикалық қарым-қатынасқа қажетті қасиеттер: 
1) Эмпатия – адамның болып жатқан жағдаятты әріптесінің, яғни қарым-
қатынас жасап тұрған адамның көзімен көріп, түсіне білуі.


57 
2) Тілектестік – педагогикалық қолдау. Шынайы сыпайылық – адамдарға 
тілектестікпен қараудан құралады. Адамның өзінің игі көңілін өзі сезініп және 
жұртқа сезіндіре білу қабілеті, өзгені ұната білу, оған құрмет көрсету, басқаның 
пікірін сыйлап, көңілінен шықпаса да, ойдағыдай болмаса да, дұрыс болса – 
қолдай білу.
3) Ынталылық – басқамен қарым-қатынаста іскерлік позицияға бейімділік; 
алға басу, өздігінше қарым-қатынас орната білу; қажет болса басқаның сөзін
ісін күтпей, жағдайды жақсартуды өз қолына ала білу. 
4) Өзіне-өзі ие бола білу – біреудің бет пердесімен жамылмай әртүрлі 
мәселелерге, адамдарға өз көзқарасын ашық айта отырып, өзіне-өзі ие бола білу 
қасиеті.
5) Ашықтық – адамның өзгелерге өз ішкі дүниесін ашуға дайын тұруы, 
ойларын ашық айта білуі. 
6) Сүйіспеншілік
 
– оңтайлы қарым-қатынас жасаудың жетекші қасиеті, 
балаларды жақсы көру. 
29-суретте педагогикалық қарым-қатынасты орнатуға қойылатын талаптар 
ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет