Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогтың жеке тұлғаның қалыптасуындағы және қазіргі уақытта



Pdf көрінісі
бет26/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Педагогтың жеке тұлғаның қалыптасуындағы және қазіргі уақытта 
орта білім міндеттерін шешудегі рөлі. 
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің 
соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, 
психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық 
жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және 
нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді
шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. 
Қазіргі педагог – заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін 
меңгерген, инновациялық технологиямен қаруланған, өзін-өзі жетілдіруге үнемі 
ұмтылып отыратын, рухани дамыған, шығармашыл, креативті, интеллектуалды 
тұлға, білікті маман.
 
Педагог шешуге тиісті міндеттер: 
1)
Жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту. 
2)
Оқушыны есікке дейін алып келіп, қолына кілтті беріп, сол құралды
қалай пайдалану керектігін үйрету. Білім дүниесіне оқушының өзінен басқа 
ешкімнің де кіре алмайтындығын жадында сақтау. 
3)
Оқушыны өзін-өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің 
нақты жолын көрсету: өзін-өзі тану; өзін-өзі зерттеу; өзін-өзі тәрбиелеу; өзін-өзі 
реттеу; өзін-өзі белсендіру; өз бетінше білім алу; өзін-өзі дамыту; өзін-өзі 
жетілдіру. 
4)
Оқушының барлық ішкі әлеуетін ашуға және оған шығармашылықтың 
шыңына шығуға көмектесу. 
Мұғалімнің 
жалпыкәсіби 
құзіреттілігіне 
мұғалімнің 
біртұтас 
педагогикалық процесті ұйымдастыра және басқара алуы; педагогикалық 
процесті бақылау және диагностикалауы, педагогикалық процестің нәтижесіне 
мониторингтік сараптама жасай алуы, кері байланысты жасауы, педагогикалық 
процесті жетілдіру бойынша өз іс-әрекетіне өзіндік баға, өзіндік талдауы, 
педагогикалық рефлексия, этномәдениеттілік және көпмәдениеттілік 
құзіреттіліктері кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет