224
басқа білім беру процесіне қатысушылар пайдаланатын өзіндік Интернет
желісі ретінде қызмет етуде. Олардың әрқайсысының өз логині мен паролі
болады. Жүйеге кіргенде пайдаланушы өзінің жеке кабинетіне, яғни өзінің жеке
меншік кеңсесіне кіреді, бұл оқушылар мен студенттерге –
компьютерлік
бағдарламалар бойынша оқуға, басқарушыларға – қашықтықтан басқаруға, ата-
аналарға – өз балаларының оқу жетістіктерімен танысуларына мүмкіндік
береді. Бұл – қашықтықтан мобильдік өзара әрекеттестік жағдайында білім
беру процесіне қатысушылардың жаңа қарым-қатынасы түзілетін, ең негізгісі,
барлық үйренушілерге тең мүмкіндік берілетін оқытудың жаңа парадигмасы
болып табылады. Оқушы қай мектепте оқыса да, қалалық немесе шалғайдағы
ауылдық және шағын жинақты мектепте оқитынына қарамай, оқу процесіне
енуге тең мүмкіндік алады, басты тұлға оның
өз ұстазы болып қала береді,
бірақ енді жалғыз емес, республиканың озық мұғалімдерімен, ғалымдарымен
бірге, оқушыға қашықтан жаңа тақырыпты түсіндіреді
және әрбір тақырып
бойынша оның оқу жетістіктерін тексереді.
Әрбір мұғалім және оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек
қана бағаны қоймай, әрбір оқушының үлгерімін қадағалай алады.
Сонымен қатар, e-learning
жүйеде өзінің атқарылған жұмыстарын
орналастыруға, білім алушыларға тестілеуді жүргізуге мүмкіндік береді.
Е-learning-те барлық электрондық білім беру ресурстары жүктеледі және
жаңартылады. Оқушылардың жеке жетістігін электрондық журналмен
электрондық күнделікте қарауға болады.
Электрондық оқыту жүйесінің арқасында
ата-аналардың мұғалімдермен
қарым-қатынасуға, білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды білуге, мектептің
және өзінің баласының өміріне белсенді қатысуға мүмкіндігі бар
Электрондық оқыту жүйесімен бірге білім беру жүйесінің мазмұны
цифрлық форматқа ауыстырылады. Цифрлық білім беру контенті алуан түрлі
болады,
бұл
педагогикалық
және
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың кіріктірілу деңгейіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: