Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Тесттік және рейтингтік бақылау. Тесттердің типтері. Оқушылардың



Pdf көрінісі
бет425/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Тесттік және рейтингтік бақылау. Тесттердің типтері. Оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалау өлшемдері, жүйесі.
Тест ағылшынның 
«test» 
сөзінен шыққан (тікелей аудармасы – сынау, 
зерттеу). Тест – адамның ақыл-ойының, қабілетінің, ерік күш-жігері мен өзге 


278 
жеке-дара қабілеттерінің даму деңгейін айқындау мақсатында қолданылатын 
стандарттық тапсырма; жеке-дара не топтық ерекшеліктерін айқындауға 
арналған, орындау уақыты шектеулі, қиындық дәрежесі біркелкі емес 
тапсырмалар жиынтығы; қысқа бір мәнді жауап немесе ұсынылған бірнеше 
түрлі варианттардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар.
Тест әдісінің артықшылығы:

тексерудің, бақылаудың объектілігі; 

тест арқылы бағалау нақты әрі сараланған, даралық сипатта; 

дәстүрлі тексеру әдісінен тиімдірек: біріншіден, оқушылардың үлкен 
топтарымен жүргізуге болады, екіншіден, уақыт үнемделеді, шектеулі. 
Тест – жас деңгейлері, білім деңгейлері бойынша топталған, арнайы 
әзірленген тапсырмалар жиынтығы. Тест тапсырмалары ішінара ізденіс
репродуктивті ғана емес, шығармашылық сипаттамаларымен ерекшеленеді
себебі, онда білім алушының теориялық білімімен қатар практикалық 
біліктіліктері де бағаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет