Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда төмендегідей бақылау
түрлері қолданылады:
күнделікті( сабақ сайын) – нақты сабақтың оқу материалын меңгеру
нәтижелерін қадағалау;
тақырыптық – оқу бағдарламасының түйінді тақырыптары бойынша
білім мен біліктерді білім алушылардың меңгеру нәтижелерін қадағалау;
жалпылай – тоқсан соңында немесе жартыжылдық жеке оқу курсы
бойынша білім алушылардың пәндік білімді және іс-әрекет тәсілдерін (біліктер
мен құзырлықтарды) меңгеру нәтижелерін қадағалау;
қорытынды – нақты сыныптағы немесе мектеп сатысындағы білімінің
соңғы нәтижелерін (аттестация) қадағалау.