Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет221/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 
Гонадолиберин
- декапептид. Адам гонадолибериндерінің 
негізін салушылар 92 амин қышқылының қалдығынан құралған және 
молекулярлық массасы шамамен 10 кД.
 
Гонадолиберин гипофиздің екі гормондарының – люлиберин 
(ЛГ) және фолликулстимульдеуші гормон (ФСГ) синтезделуі мен 
секрециясын стимульдейді. 
Гипоталамустан басқа құрамында гонадолибериндер бар 
нейрондар ОЖЖ-ң басқа аймақтарында орналасқан, олар 


302 
эмоциональды және жыныстық мінез-құлықты бақылайды.
Плазматикалық мембранадағы гонадолибериннің құрамына кіреді, 
оның активтенуі белоктардың фосфорлануы мен Са
2+ 
мобилизациясын 
стимульдейді. 
Гонадолибериннің 
жартылай 
активтілігін жоғалту уақыты қан плазмасында 5-7 минутты құрайды. 
Гонадолибериннің инактивациялануы спецификалы протеазалардың 
қатысуымен жүзеге асады. 
Соматолиберин
- 44 амин қышқылы қалдығынан құралған 
полипептид. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде соматолиберин 
соматотропиннің синтезі мен секрециясын стимульдейді. цАМФ пен 
Са
2+
ионы концентрациясының артуын трансдукция сигналы арқылы 
жүреді. Оның қандағы жартылай активтілігін жоғалту уақыты

минут. Соматолиберин клиникалық тәжірибеде гипофиз қызметі 
бұзылыстарын диагностикалау үшін қолданылады. 
Соматостатин - 
алғаш рет гипоталамустан бөлініп алынған 
десекте, бертін келе, оның гипоталамустан тыс жақта орналасқан 
көптеген клеткаларда: асқазанда, ішекте, ұйқы безінде, нерв 
ұштарының шеткі аймақтарында, плацентада , бүйрек үсті 
бездерінде және көздің қасаң қабығында синтезделетіні анықталды.
Соматостатин гормонның және медиатордың қызметін атқарады, ол 
нейрондар мен тегіс бұлшық еттің активтілігін төмендетеді,
секреторлық процестердің тежелуін шақырады. Соматостатин 14 
амин қышқылы қалдығынан құралған және құрылымы циклды 
болады, молекуласындағы цистеин амин қышқылдары қалдықтары 
арасында дисульфидті байланыстар түзілген. Пептидтің ациклды 
тотықсызданған формасы биологиялық активтілікке ие. Тіндерде 
соматостатин құрамында 28 амин қышқылы қалдығынан тұратын 
пептид түрінде кездеседі. Екі формасы да әр түрлі дәрежеде 
активтілік көрсетеді. Соматостатин 14 негізінен ОЖЖ-да, ал 
соматостатин 28 басым көпшілігі ішектерде кездеседі. 
Басқа пептидті гормондар сияқты соматостатин клетканың 
плазматикалық мембранасындағы рецепторлармен әрекеттеседі. 
G-белоктармен ассоцирленген соматостатин рецепторларының 
5 түрі бар. Рецепторлардың барлық түрлері гипофиздің алдыңғы 
бөлігінде 
және 
гипоталамуста 
экспрессирленеді. 
Олар 
соматостатиннің әртүрлі құрылымдық формаларына туыстық 
дәрежесіне қарай әртүрлі болады. 
Соматостатиннің 
рецепторлары гормон секрециялайтын 
көптеген қатерлі ісік клеткаларында кездеседі. Бұл жағдай ұйқы безі 


303 
, феохромоцитома, қалқанша безі, бүйрек және сүт бездерінің 
қатерлі ісіктерін ертерек диагностикалау тәсілдерін жасау 
мақсатында қолданылады. 
Соматостатин сигналын трансдукциялау (тану) нәтижесінде: 
клетка цитоплазмасындағы АМФ пен Са
2+ 
клетка ішілік ионының 
концентрация деңгейі төмендейді. Соматостатин өсу гормоны, 
глюкагон, инсулин, гастрин, секретин, вазоактивті интестинальді 
пептид (ВИП), холецистоксинин, кальцитонин, паратгормон, 
иммуноглобулиндер және рениннің секрециясын тежейді. Сонымен 
қатар, ол ұйқы безі ферменттері мен бикарбонаттардың секрециясын 
ингибирлейді; барлық асқорыту-ішек жолдарындағы қан ағымын 
баяулатады және өттің секрециясын төмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет