Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет218/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

пермиссивті эффект
деп аталады. 
Жеке эндокринді бездердің гормондарына талдау жасау 
төменде көрсетілген рет бойынша қарастырылады: химиялық 
табиғаты; әсер ету механизмі; нысана клеткалары; физиологиялық 
әсері; секрециясының реттелуі; эндокринді бездің гипер-, 
гипофункциясы. 
Қорыта айтқанда, гормондар ферменттердің синтезін жүргізу 
арқылы 
олардың 
концентрациясын 
жоғырылатады 
немесе 
ферменттердің молекулаларын модификациялау арқылы активтілігін 
арттырады. Сонымен қатар бір топ гормондар субстраттардың 
концентрациясын жоғарылату арқылы ферменттердің активтілігін 
күшейтеді. Мұндай гормондарға инсулин және тироксин жатады. 
3-ші механизм бойынша әсер ететін гормондар клетка 
мембранасының өткізгіштігін өзгерте отыра арттырады. 
Гормон-рецептор 
комплексі 
клеткалық, 
субклеткалық 
мембраналардың өткізгіштігін өзгерту арқылы субстраттардың 
(глюкоза, амин қышқылы, БМҚ, минералды заттар) клетка ішіне 
мембрана арқылы өтуін жеңілдетеді. Ферменттердің әсер етуіне 
қолайлы жағдай туады. Мұндай жағдайда гормондар мембраналар 
тасымалдау жүйесінің активаторлары сияқты жұмыс жасайды.
Иондар мен метаболиттерді тасымалдау трансмембранды 
градиент концентрациясын өзгертеді, потенциалға және клетканың 
қызметіне әсер етеді. [20] 
Инсулин 
цитоплазмалық 
мембрананың 
өткізгіштігін 
жоғарылатады. Бұл былай жүреді: инсулин рецепторлары 
мембрананың сыртқы беткейінде болады, әдетте бұлар 1-ші 
механизм бойынша әсер ететін гормондар рецепторларына өте 
жақын орналасады. Инсулин рецепторымен әрекеттескеннен кейін 
мембрана 
конформациясы 
өзгереді, 
соңғысы 
мембрана 
өткізгіштігінің артуына әсер еткенде “каналдар” түзіледі, осы 
“каналдар” арқылы глюкоза, амин қышқылдары, пуриндік және 
пиримидиндік негіздер және минералдық заттар клетканың ішіне 


298 
оңай өтеді. Мембрана конформациясының өзгеруі өз кезегінде 
жақын орналасқан 1-ші механизм бойынша әсер ететін гормондар 
рецепторларының құрылымын өзгертеді. Осының салдарынан 
рецепторлардың 
өздерінің 
гормондарына 
сәйкестігі 
жоғарылағандықтан 
аденилатциклаза 
активтенбей 
қалады. 
Осылайша инсулин цАМФ-ің түзілуіне кедергі жасайды.
Тироксин негізінен ПЖҚ және басқа тотығуға тиісті
энергетикалық 
субстраттарға 
мембранасының 
өткізгіштігін 
арттырады. Гормондар бір-бірінің әсерін толықтырып отырады, 
сонымен қатар гормондардың арақатынасы бір қалыпты болғанда 
ғана биологиялық процестер жүруі мүмкін.
Бұлардың әсер етуіне мүмкіндік беретін жағдай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет